БІЗДІҢ АДАМДАР

Жастар саясаты

Бүгінгі таңда Қордың компаниялар тобында 30 жасқа дейінгі 44,5 мыңнан астам жас маман немесе жұмыскерлердің жалпы санының 17 %-ы есептеледі. 30 жасқа дейінгі басшы және басқарушы жұмыскерлердің үлесі – 7 %. Жастармен жұмыс істеуге жүйелі көзқарас, жас мамандардың зияткерлік және кәсіби дамуына баса назар аудара отырып, жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында Қорда Жастар саясатын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Әрбір портфельдік компанияда жастармен жұмыс істеу үшін супервайзерлер анықталған. Жастар кеңесі институты енгізілді.

«Jas Samuryq» қарқынды челленджін өткізу бағдарламасы әзірленді (дамудың үш бағыты бойынша тапсырмаларды жеке орындау – физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық), оның қорытындысы бойынша портфельдік компаниялардың (пікір көшбасшыларының) ең белсенді 200 жұмыскері үшін жастар білім беру форумы өткізілді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жас мамандарды дамыту үшін «Жас Өркен» және «Ізбасар» бағдарламаларын іске асырады. Бағдарламаның мақсаты – компания кәсіпорындарында кезең-кезеңімен мансаптық өсу перспективасы бар талантты көшбасшыларды тәрбиелеу.