Есеп туралы
Осы құжатты Директорлар кеңесі 2026 жылғы 11 маусымда бекітті және 2026 жылғы 30 маусымда жариялады. Алдыңғы басылымдармен біздің ресми сайтымызда танысуға болады.
Есеп бойынша, сондай-ақ Қордың тұрақты даму саласындағы қызметі бойынша кері байланысқа арналған байланыс ақпараты 8-қосымшада ұсынылған.
Осы Есеп тұрақты даму саласындағы есептіліктің Жаһандық бастамасы стандарттарына GRI (Global Reporting Initiative Standards 2021) сәйкес, сондай-ақ SASB және TCFD стандарттарының қағидаттары мен тәсілдерін пайдалана отырып дайындалды.
Есепті қалыптастыру кезінде біз елеулілік қағидатын негізге алдық және экономикаға, қоғамға және қоршаған ортаға ықпалымызды барынша көрсететін мәселелерді қостық.
Барлық ақшалай көрсеткіштер, өзгеше көрсетілмесе, қазақстандық теңгеде берілген.
Есепті кезең қаржылық есептіліктің кезеңіне сәйкес келеді. Осы Есепте берілген деректер 2025 жылғы
31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Қордың Шоғырландырылған қаржылық есептілігінің шекараларына кіретін Қор тобының қызметін қамтиды.