0%

Директорлар кеңесі

GRI 2-9 GRI 2-11 GRI 2-12 GRI 2-13 GRI 2-14 GRI 2-16 GRI 2-19 GRI 2-20

Қордың Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Оның өкілеттіктеріне Қордың Даму стратегиясын бекіту, Директорлар кеңесінің құрамын қалыптастыру, Басқарма Төрағасын тағайындау, қаржылық нәтижелер мен дивидендтерді бекіту жатады.

Қор Директорлар кеңесінің Төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылады. Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес Қордың Басқарма Төрағасы бір мезгілде Қор Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымын атқара алмайды немесе Қор Директорлар кеңесінің комитеттері құрамына кіре алмайды.

Директорлар кеңесі — Жалғыз акционерге есеп беретін басқару органы, стратегиялық басшылықты және Басқарма қызметін бақылауды қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі Корпоративтік басқару кодексі ережелерін енгізуді қамтамасыз етеді, тұрақты даму саласындағы стратегиялық мәселелерді қарайды және Тұрақты даму саласындағы есепті бекітеді.

Директорлар кеңесінің мүшелері үш жылға дейінгі мерзімге сайланады, олардың қызметіне қанағаттанарлық баға берілген жағдайда осындай мерзімге кейіннен қайта сайлану мүмкіндігімен.

Есептікезеңде Директорлар кеңесі стратегиялық қадағалау, тәуекелдерді басқаружәне ішкі бақылау мәселелерін, оныңішінде Қор Басқарма Төрағасыныңөндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойыншаоперативті деректермен, отандық тауар өндірушілерді қолдаушараларымен және ҒЗТКЖ-ны дамытуменесептерін қарады.

Күн тәртібіне ірі инвестициялық жобаларды іске асыру тәуекелдерін, өтімділік, кибертәуекелдерді, өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерін, әлеуметтік және беделдік тәуекелдерді қоса алғанда, сыни тәуекелдер бойынша шоғырландырылған есептер де кірді. Директорлар кеңесі сондай-ақ Жылдық есепті және Тұрақты даму саласындағы есепті қарады.

Тұрақты дамуды корпоративтік басқару жүйесі Директорлар кеңесіне есеп беретін құрылымдардың қызметіне негізделеді: Корпоративтік хатшы қызметі, Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі және Омбудсмен.

Аудит жөніндегі комитеттің құрамына тек тәуелсіз директорлар кіреді және келесі мәселелер бойынша бақылауды жүзеге асырады:

  • тұрақты даму саласындағы тәуекелдер, сондай-ақ қаржылық емес ақпарат пен есептілік сапасы;
  • ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі;
  • корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау;
  • сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігі.

Тағайындау және сыйақы беру комитеті келесі мәселелер бойынша ұсыныстар береді:

  • Қордың кадр саясаты;
  • Басқарма мүшелерін сайлау (Басқарма Төрағасынан басқа);
  • Қордың корпоративтік негізгі қызмет көрсеткіштері (ҚНК) және Басқарма мүшелерінің функционалдық ҚНК;
  • Басқарма мүшелерінің, Корпоративтік хатшының және Омбудсменнің қызметін бағалау.

2025 жылы комитеттердің жұмысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат Жылдық есепте ашылған.

4
тәуелсіз директор
21
Директорлар кеңесінің отырысы
79
қаралған мәселе

Қор Директорлар кеңесінің құрамы

Қор Директорлар кеңесі 8 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар.

Тәуелсіз директорлардың негізгі мәселелерді қарауға қатысуы стратегиялық қадағалаудың объективтілігін қамтамасыз етеді және қабылданатын шешімдердің теңгерімділігіне ықпал етеді.

GRI 2-9

Қор Директорлар кеңесінің құрамы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы

Бектенов
Олжас Абайұлы

Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

ДК құрамына кіру күні 2024 жылғы 6 ақпан

Байбазаров
Нұрлан Серікұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі

ДК құрамына кіру күні 2026 жылғы 24 сәуір⁸

Жақыпов
Нұрлан Қаршығаұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы

ДК құрамына кіру күні 2023 жылғы 4 сәуір

Вонг
Хэн Файн

Тәуелсіз директор

ДК құрамына кіру күні 2024 жылғы 19 қазан

Мұхаммед Джамиль
Исмаил Әл Рамахи

Тәуелсіз директор

ДК құрамына кіру күні 2023 жылғы 17 тамыз

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

Тәуелсіз директор

ДК құрамына кіру күні 2022 жылғы 1 шілде

Сутера
Лука

Тәуелсіз директор

ДК құрамына кіру күні 2020 жылғы 9 шілде

SKAI

Samruk-Kazyna Artificial Intelligence⁹

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

ДК құрамына кіру күні 2025 жылғы 26 қыркүйек

  1. 2025 жылы Директорлар кеңесінің құрамында мынадай өзгерістер болды: Жамаубаев Ерулан Кенжебекұлының өкілеттігі 2025 жылғы 17 ақпанда аяқталды. 2025 жылғы 12 сәуірден 25 қыркүйекке дейін Директорлар кеңесінің құрамына Шарлапаев Қанат Бисімбайұлы кірді. 2025 жылғы 20 желтоқсаннан 2026 жылғы 25 наурызға дейін Директорлар кеңесінің құрамына Досаев Ерболат Асқарбекұлы кірді.
  2. SKAI-Орталық Азиядағы бірінші АИ-Директорлар Кеңесі құрамындағы жүйе. Егеменді инфрақұрылымда жұмыс істейді — деректер Қордың периметрінен шықпайды. Толығырақ — «Жасанды интеллект стратегиялық құрал ретінде» бөлімде.

Директорлар кеңесі мүшелерін іріктеу

GRI 2-9 GRI 2-10 GRI 2-15 GRI 2-17 GRI 2-18

Тәуелсіз директорларды қоса алғанда, Директорлар кеңесі мүшелерін іріктеу мен сайлау өлшемдері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы талаптарына сәйкес белгіленеді және Қор Жарғысында, Корпоративтік басқару кодексінде, Директорлар кеңесі туралы ережеде және Тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеу қағидаларында бекітілген.

Қор Директорлар кеңесінің құрамы мынадай тұлғалардың қатарынан қалыптасады: Қордың Жалғыз акционері сайлайтын Директорлар кеңесінің Төрағасы мен мүшелері.

Портфельдік компаниялардың акционерлердің жалпы жиналысы кандидаттардың құзыреттерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскерлік беделі мен кәсіби тәжірибесін ескере отырып, ашық рәсімдер негізінде Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Қордың Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
  • Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
  • жұмыс өтілі;
  • білімі мен мамандығы, оның ішінде халықаралық сертификаттардың болуы;
  • бейіндік бағыттар мен салалар бойынша құзыреттердің болуы (салалар активтер портфеліне қарай өзгеруі мүмкін);
  • іскерлік бедел;
  • Директорлар кеңесінің құрамына сайлану кезінде тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болмауы.

Қор тобының комплаенс-бөлімшелері Директорлар кеңесінің немесе Бақылау кеңесінің құрамына сайлауға арналған кандидаттардың тізіміне қосылғанға дейін портфельдік компаниялардың басқару органдарына кандидаттардың¹⁰ тәуелсіздік өлшемдеріне¹¹ сәйкестігі, сондай-ақ аффилиирлілік пен мүдделер қақтығысының болмауы туралы қорытындылар береді.

Қордың Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлардың ұсынылатын үлесі оның мүшелерінің жалпы санының 60%-ына дейін құрайды.

Директорлар кеңесі деңгейіндегі мүдделер қақтығыстарын басқару Корпоративтік басқару кодексімен және Мүдделер қақтығысын реттеу саясатымен реттеледі. Директорлар кеңесінің мүшелері қызметке кіріскен кезде және тұрақты түрде мүдделер қақтығыстарын мәлімдейді. Қақтығыс болған жағдайда Директорлар кеңесінің мүшесі тиісті мәселе бойынша дауыс беруге қатыспайды, бұл отырыс хаттамасында тіркеледі.

2025 жылы Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерін сыйақылау саясатына өзгерістер енгізілмеді.

Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, қаржы және аудит, сондай-ақ тұрақты даму мәселелерін қоса алғанда, өз білімдерінің деңгейін тұрақты негізде арттырып отырады. Қорда Директорлар кеңесі мүшелерінің кәсіби дамуы туралы қағидалар әрекет етеді.

Біз Директорлар кеңесінің қызметін бағалау туралы ережеге сәйкес Директорлар кеңесі комитеттерінің, оның Төрағасы мен мүшелерінің қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалаймыз.

Директорлар кеңесінің қызметін бағалау Кеңестің және оның жекелеген мүшелерінің Қордың ұзақ мерзімді құнының өсуі мен тұрақты дамуына қосқан үлесін айқындауға, сондай-ақ жақсарту бағыттарын анықтап, тиісті ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қорда оның объективтілігі мен сапасын арттыру үшін өзін-өзі бағалау әдістері де, тәуелсіз кеңесшіні тарта отырып бағалау да қолданады. Тәуелсіз кеңесшінің қатысуымен бағалау үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін қайта сайлау немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдау кезінде ескеріледі.

2025 жылы Директорлар кеңесінің, оның комитеттері мен Корпоративтік хатшы қызметінің мүшелеріне сауалнама жүргізу арқылы 2024 жыл қорытындысы бойынша Қор Директорлар кеңесінің қызметін өзін-өзі бағалау жүргізілді.

Толық ақпарат Жылдық есептің «Директорлар кеңесінің қызметін бағалау» бөлімінде берілген.

  1. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының директорлар кеңестері мен бақылау кеңестерінің құрамдарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес.
  2. Тәуелсіздік өлшемдері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында айқындалған.