0%

Комплаенс

GRI 2-15 GRI 2-24 GRI 2-26 GRI 3-3 GRI 205-1 GRI 205-2 GRI 415-1

Қорды және портфельдік компанияларды қамтитын бірыңғай комплаенс-функция сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясатты айқындайды, тиісті іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, ашықтық пен адалдық қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастырады, сондай-ақ қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына және үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Комплаенс қызметтерінің қызметі Мінез-құлық кодексімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатымен, Мүдделер қақтығысын реттеу саясатымен, Бастамашыл хабарлау саясатымен, Үшінші тараптардың сенімділігін тексеру қағидаларымен және комплаенс-бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін өзге де ішкі құжаттармен реттеледі.

Қордың Комплаенс қызметі ұйымдастырушылық тұрғыдан Қор Директорлар кеңесіне бағынатын және функционалдық тұрғыдан есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызмет портфельдік компаниялардың комплаенс қызметтерінің қызметін, коммуникациялар мен оқытуды үйлестіреді, бастамашыл хабарлау желісін (Сенім желісін) сүйемелдейді, тексерулер мен тергеулер жүргізеді, мүдделер қақтығыстарын анықтайды және реттейді. Сот растаған немесе беделге, экологияға және адам құқықтарына нұқсан келтіретін, ірі қаржылық немесе ақшалай емес санкциялары бар бұзушылықтар елеулі деп танылады.

Үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру, сондай-ақ контрагенттердің аффилиирлілігін бағалау процедураларын автоматтандыру және орталықтандыру үшін E-Compliance цифрлық құралы пайдаланылады. Пайдаланушылармен өзара іс-қимылдың қолжетімділігі мен оперативтілігін арттыру мақсатында жүйеге жасанды интеллект негізіндегі цифрлық комплаенс-ассистент біріктірілген.

2026 жылы одан әрі дамыту аясында комплаенс-тәуекелдер тізілімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг құралдары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу құралдарын қоса алғанда, жаңа модульдерді енгізу есебінен жүйенің функционалдылығын кеңейту көзделген.

2025 жылы біз әдіснамалық базаны жүйелі түрде жаңартып алдық. ISO 37001 және ISO 37301 халықаралық стандарттарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға және корпоративтік талаптарға сәйкестіктің бірыңғай өлшемдерін бекітетін Топтың комплаенс-функциясының тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілді.

Өтініштерді қарау, ішкі тергеулер жүргізу және жеткізушілерді тексеру бөлігінде комплаенс-функция жөніндегі Корпоративтік стандарт жаңартылды. Бастамашыл хабарлау саясаты өзектендірілді: бұзушылықтардың санаттары, хабарламаларды қарау тәртібі және адал хабарлаушыларды қорғау шаралары нақтыланды.