0%

Глоссарий

Акционер — акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға.

Әріптестер — жеткізушілер мен мердігерлер, бірлескен жобалардағы әріптестер.

Іс-шаралар жоспары — Қор немесе портфельдік компаниялар қызметінің негізгі бағыттарын және бес жылдық кезеңге арналған негізгі қызмет көрсеткіштерін айқындайтын, Директорлар кеңесі бекітетін құжат.

Көміртек ізі  — эквиваленттер ретінде көрсетілген және әсер етудің бір санатын — климаттың өзгеруін пайдалана отырып, өнімнің өмірлік циклін бағалауға негізделген өндіріс жүйесіндегі парниктік газдар шығарындылары мен жоюының қосындысы. Парниктік газдың белгілі бір мөлшерінің эквиваленті берілген парниктік газдың массасы оның жаһандық жылыну потенциалына көбейтілген түрде есептеледі. Осы Тұжырымдама мақсаттары үшін көміртек ізіне тікелей (көміртек диоксиді, CO2) және метан (CH₄) және парниктік газдардың энергетикалық жанама шығарындылары қосылған.

Көміртектік бейтараптық — көміртек қышқыл газының шығарындылары мен сіңірілуі арасындағы баланс есебінен қол жеткізілетін парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейі.

Қайырымдылық — ерікті түрде, өтеусіз не жеңілдікті жағдайларда демеушілік және меценаттық қызмет нысанында жүзеге асырылатын қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген әлеуметтік пайдалы қызмет.

Қор — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.

Қор тобы — Қор, компаниялар, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компанияларға тиесілі еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі, оларға қатысты «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңмен арнайы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар.

Қызметтің негізгі көрсеткіштері — Қор немесе портфельдік компания қызметінің тиімділік деңгейін сипаттайтын және олардың жалпы қызметінің, сондай-ақ Қор немесе портфельдік компанияның жауапты жұмыскерлерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер. ҚНК Қор немесе портфельдік компанияның іс-шаралар жоспары құрамында бекітілетін және олардың жоспарлы мен Есепті кезеңдердегі қызмет нәтижелеріне сәйкес келетін сандық мәнге ие.

Лауазымды тұлға — Директорлар кеңесінің, атқарушы органның мүшесі немесе атқарушы орган функцияларын дербес жүзеге асыратын тұлға.

Мүдделі тараптар — заңнама нормаларының, жасалған шарттардың (келісімшарттардың) күшіне немесе жанама түрде Қордың және/немесе портфельдік компаниялардың қызметіне, олардың өнімдеріне немесе қызметтеріне және осыған байланысты әрекеттерге ықпал ететін немесе ықпалын сезінуі мүмкін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, жеке немесе заңды тұлғалар топтары; бұл анықтама Қор мен портфельдік компанияларды білуі немесе олар туралы пікір білдіруі мүмкін барлық тұлғаларға қолданылмайды; мүдделі тараптардың негізгі өкілдеріне акционерлер, жұмыскерлер, клиенттер, жеткізушілер, мемлекеттік органдар, еншілес ұйымдар, облигация ұстаушылар, кредиторлар, инвесторлар, қоғамдық ұйымдар, Қор немесе портфельдік компания қызметі жүзеге асырылатын өңірлер халқы жатады.

Омбудсмен — Қордың Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі Қор мен портфельдік компаниялардың өзіне жүгінген жұмыскерлеріне консультация беруден және еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Қор мен портфельдік компаниялар жұмыскерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсетуден тұрады.

Отын-энергетикалық ресурстар (ОЭР) — ел өндірістік, тұрмыстық және экспорттық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін иеленетін отын мен энергияның әртүрлі түрлерінің жиынтығы (мұнай өңдеу, газ, көмір, шымтезек және сланец өнеркәсібінің өнімі, атомдық және гидроэлектр станцияларының электр энергиясы, сондай-ақ жергілікті отын түрлері).

Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану — бұл олардың қорларының шектеулілігін және қоршаған ортаға техногендік әсерді азайту талаптары мен қоғамның басқа да талаптарын сақтай отырып, техника мен технологияның қазіргі даму деңгейінде ең жоғары тиімділікке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ресурстарды пайдалану.

Парниктік газдардың басқа да жанама шығарындылары (3-қамту) — ұйым қызметінің салдары болып табылатын, бірақ басқа ұйымдарға тиесілі немесе олар бақылайтын парниктік газ көздерінен туындайтын, парниктік газдардың энергетикалық жанама шығарындыларынан өзгеше парниктік газдар шығарындылары.

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары (1-қамту) — ұйымның меншігі болып табылатын немесе ол бақылайтын парниктік газ көздерінен парниктік газдар шығарындылары.

Парниктік газдардың энергетикалық жанама шығарындылары (2-қамту) — ұйым тұтынатын электр энергиясын, жылу немесе буды өндіру кезіндегі парниктік газдар шығарындылары.

Портфельдік компаниялар — дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалар.

Серіктестер — жеткізушілер мен мердігерлер, бірлескен жобалардағы серіктестер.

Тәуелсіз директор — осы акционерлік қоғамның аффилиирлік тұлғасы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде болмаған (осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда), осы акционерлік қоғамның аффилиирлік тұлғаларына қатысты аффилиирлік тұлға болып табылмайтын; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның аффилиирлік тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларына бағыныштылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде бұл тұлғалармен бағыныштылықпен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде болмаған.

Тұрақты даму — бұл Қор мен портфельдік компаниялар өз қызметінің қоршаған ортаға, экономикаға, қоғамға әсерін басқаратын және мүдделі тараптардың мүдделерін сақтауды ескере отырып шешімдер қабылдайтын даму.

Үкімет — Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қордың Жалғыз акционері.

Шартты отын тоннасы (ш.о.т.) — натуралды отынды (н.о.т.) шарттыға (ш.о.т.) қайта есептеу осы түрдегі отынның төменгі жану қабілетінің 1 кг шартты отынның жану қабілетіне қатынасы шамасына натуралды отынның мөлшерін көбейту арқылы калориялық эквивалент бойынша жүргізіледі.

Энергетикалық ресурстар — энергиясы қазіргі уақытта пайдаланылатын немесе келешекте шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінде пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия тасушыларының жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атомдық, электрлік, химиялық, электромагниттік, жылулық және басқа да энергия түрлері).

Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану — энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық мүмкін және экономикалық тұрғыдан негізделген деңгейіне қол жеткізу.

Энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) — ұсынылған қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің оған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы.

Энергия үнемдеу — пайдаланылатын энергетикалық ресурстар көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру.

Қысқартулар мен аббревиатуралар

АлЭС Алматы электр станциялары
АҚ Акционерлік қоғам
АСМ Шығарындыларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйесі
ӘБКО Әлеуметтік байланыс және коммуникациялар орталығы
БАҚ Бұқаралық ақпарат құралдары
БГҚ Бу-газ қондырғысы
БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ ТДМ Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары
ГВт Гигаватт
ГДж Гигаджоуль
ГӨЗ Газ өңдеу зауыты
МАЭС Мемлекеттік аудандық электр станциясы
ГСК Газ сепарациялау кешені – полиэтилен өндіретін зауытта шикізат ретінде қолданылатын этанды шығаруға арналған инфрақұрылым нысаны («Полиэтилен» жобасы).
ГЭС Гидроэлектр станциясы
ЕФЭ Жиырма футтық эквивалент
ЖИ Жасанды интеллект
ЖШС Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖЭК Жаңартылатын энергия көздері
ЖЭО Жылу-электр орталығы
ЖЭС Жел электр станциясы
ҒЗТКЖ Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
ҒТБО Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы
КСШ Көмірсутек шикізаты
КЭС Күн электр станциясы
ҚНК Қызметтің негізгі көрсеткіштері
ҚОҚ Қоршаған ортаны қорғау
ҚР Қазақстан Республикасы
МВт Мегаватт
ОЭР Отын-энергетикалық ресурстар
ӨҚ Өндірістік қауіпсіздік
СКГ Сұйытылған көмірсутекті газ
ҰАК Ұлттық атом компаниясы
ҰК Ұлттық компания
ІМГ Ілеспе мұнай газы
CCUS СО₂-ні ұстау, сақтау және пайдалану (Carbon capture, use and storage)
CDP Көмірқышқыл газы шығарындылары туралы ақпаратты ашу жобасы (The Carbon Disclosure Project)
СО₂ Көміртек диоксиді
EBITDA Пайыздарды, салықтарды, тозу мен амортизацияны шегергенге дейінгі пайда
ESG Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (Environmental, Social, and Corporate Governance)
GRI Global Reporting Initiative
H&S Еңбекті және денсаулықты қорғау
HIT Қарапайымдылық, адалдық, ашықтық
IMEO Метан шығарындыларының халықаралық обсерваториясы (International Methane Emissions Observatory)
IPO Акциялардың бастапқы жария орналастырылуы (Initial public offering)
IR Өндірістік қатынастар (Industrial relations)
ISAE 3000 Міндеттемелерді растау жөніндегі халықаралық стандарт (International Standard on Assurance Engagements (ISAE) 3000 REVISED)
ISO Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (International Organization for Standardisation)
KASE Қазақстан қор биржасы
KEGOC Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы
LTIF Жұмыс уақытын жоғалтумен жарақаттану жиілігі
OGMP The Oil & Gas Methane Partnership
SPO Қайталама жария орналастыру
SRS Samruk Research Services
SSAP Sulfuric Acid Solutions and Products
SWF Ұлттық әл-ауқат қоры (Sovereign Wealth Fund)
SWFI Ұлттық әл-ауқат қоры институты (Sovereign Wealth Fund Institute)
TCFD Климатпен байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі нысаналы топ (Task Force on Climate-Related Financial Disclosures)
UNEP БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы