Биоәртүрлілік
Біз Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтарында — орманды далалар мен далалардан бастап шөлдер, шөлейттер мен таулы экожүйелерге дейін — қызмет жүргіземіз. Қатысудың осындай ауқымы биоәртүрлілік мәселелеріне жүйелі тәсілді және экологиялық әсерді тұрақты бақылауды талап етеді.
Қор тобының экологиялық саясаттары флора мен фаунаға әсерді болдырмау және азайту бойынша шараларды бекітеді. Қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша жобалардың биоәртүрлілікке әсерін бағалауды, қатысу аудандарындағы экологиялық мониторингті, жануарлар мен өсімдіктердің мекендеу орындарын сақтауды, бұзылған аумақтарды қалпына келтіруді және экожүйелерге әсер ету сөзсіз болатын жағдайларда өтемдік шараларды іске асыруды қамтитын ішкі рәсімдер мен бағдарламалар әзірленген.
Біз сондай-ақ биоәртүрлілікті басқарудың мамандандырылған бағдарламалары мен ішкі стандарттарын енгіземіз, ғылыми ұйымдармен және бейіндік сарапшылармен ынтымақтастықты дамытамыз, сондай-ақ экожүйелерді мониторингтеу мен қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін қолданамыз.
Бұл жұмыс аясында қатысу аумақтарында олардың мекендері анықталған жағдайларда МСОП Қызыл тізіміне және ұлттық қорғалатын түрлер тізіміне енгізілген флора мен фауна түрлерінің тізбесін қалыптастырамыз. Бұл деректерді біз табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлау және биоәртүрлілікке ықтимал әсерді бағалау кезінде ескереміз.
Біз қатысу аумақтарындағы экожүйелердің жай-күйін, оның ішінде флора мен фаунаны, сондай-ақ қоршаған орта компоненттерінің сапасын тұрақты түрде бақылаймыз. Мониторинг нәтижелері табиғат қорғау шараларын түзету және экологиялық басқаруға тәсілдерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
Өндірістік және инфрақұрылымдық желіні — өндіруші нысандарды, энергетикалық инфрақұрылымды, көлік және коммуникация жүйелерін — дамыту кезінде біз жануарлардың миграциялық жолдарын, түрлердің мекендерінің жай-күйін және табиғи ландшафттардың сақталуын қоса алғанда, табиғи экожүйелерге ықтимал әсерді ескереміз.
Қор тобы экологиялық мониторинг жүйелерін жетілдіруді және экожүйелерге теріс әсерді болдырмауға әрі табиғи аумақтарды қалпына келтіруге бағытталған биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірлеуді жалғастыруда.