Қор туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың Жалғыз акционері болып табылады. Үкімет пен Қор тобы арасындағы өзара қарым-қатынас корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес Директорлар кеңесі арқылы жүзеге асырылады.
Қордың мақсаты — Топ құрамына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру, сондай-ақ оның активтерін тиімді басқару есебінен Қазақстан Республикасының (ҚР) ұлттық әл-ауқатын арттыру.
Қор экономиканың әртүрлі секторларындағы стратегиялық активтерді басқарады. Портфельге мұнай-газ, мұнай-химия және химия, көлік-логистика, тау-кен металлургия кешені, электр энергетикасы және телекоммуникация секторларының компаниялары кіреді.
Қор өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырады.²
- Қордың ірі портфельдік компаниялары қызметінің географиясы туралы толығырақ ақпарат Қордың 2025 жылғы Жылдық есебінің «Активтер портфелі» бөлімінде берілген.
Миссия
Біздің пайымдауымыз
«Самұрық-Қазына» АҚ — Қазақстан экономикасының жүйе құраушы элементі. Бұл — жарық пен жылу, отын мен қозғалыс, байланыс пен инфрақұрылым.
Энергетикалық
сектор
Тау-кен металлургиялық
сектор
Мұнай-газ
сектор
Көлік-логистикалық
сектор
Жасанды интеллект
ЖИ құралдары барлық негізгі үдерістерге — өндірістік міндеттерді басқарудан бастап Директорлар кеңесі деңгейінде шешім қабылдауды қолдауға дейін — интеграцияланып жатыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ: бизнес-моделі
2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша
Тұрақты дамудың негізгі көрсеткіштері
Экономикалық
аспект
Әлеуметтік
аспект
Экологиялық
аспект
- «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024–2028 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамыту стратегиясына сәйкес LTIF көрсеткіші (жұмыс уақытын жоғалтумен жарақаттану коэффициенті) – өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыға сәйкес ауыр өндірістік жарақатқа жатқызылған, еңбекке жарамсыздыққа әкелген жазатайым оқиғалардан зардап шеккен компания жұмыскерлерінің саны, оның ішінде қаза тапқандар, 1 миллион адам-сағатқа көбейтіліп, есепті 12 айда жұмыс істелген адам-сағаттың жалпы санына бөлінеді.
2025 жылы аяқталған инвестициялық жобалар
Алматы станциясының темір жол торабын айналып өтетін темір жол желісін салу
Ұзындығы 77 кмЕл үшін әсер
- Алматы көлік торабыныңжүктемесін 40%-ға азайту
- Жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа қысқарту
- 2034 жылға қарай жүк тасымалының өсуі >14 млн тонна
«Талдықорған — Үшарал» магистральды газ құбырын салу
Ұзындығы >300 кмЕл үшін әсер
Жетісу облысының 84 елді мекенін газдандыруға жәрдемдесу«Достық-Мойынты» темір жол дәлізін жаңғырту екінші жолдарды салу
Ұзындығы 836 кмЕл үшін әсер
Қытай–Еуропа дәлізінің өткізу қабілетін 5 еседен арттыру (тәулігіне 60 жұп пойызға дейін)Жамбыл облысында SANY RЕ-мен бірлесіп жел генераторларының компоненттерін өндіру
Ел үшін әсер
Жылына қуаты 2 ГВт-қа дейінгі жел генераторларының компоненттерін өндіруді оқшаулауZHETYSU контейнерлік терминалын салу
Қуаты жылына 115 000 ЕФЭ-ге дейін⁴Ел үшін әсер
- «Бір белдеу — бір жол» бағытына тікелей қол жеткізу
- Қазақстандық бизнес үшін логистикалық шығындарды төмендету
«СП «CASPI BITUM» ЖШС битум өндірісін кеңейту
Битум өндірісін 50%-ға арттыру (750 мың тоннаға дейін)Ел үшін әсер
Битумға ішкі сұранысты толық жабуЖаңаөзенде ENI-мен бірлесіп қуаты 50 МВт КЭС салу
Ел үшін әсер
Жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті кешен шеңберінде (күн, жел және газ генерациясы) мұнай-газ нысандары үшін таза энергия өндіруКендірлі поселкесінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу
Ел үшін әсер
Маңғыстау облысындағы су тапшылығын жою: тәулігіне 50 мың м³ тұщы су.Ақтау порты базасында контейнерлік хаб құру
Ел үшін әсер
Транскаспий бағытының транзиттік әлеуетін жылына 240 000 ЕФЭ қуатына дейін арттыруGold card бар цифрлық газ есептегіштерін өндіру
Ел үшін әсер
Газды дәл есепке алу және оны жоғалтуды болдырмау үшін жылына 500 мың цифрлық аспап шығару- Ұзындығы 6,1 м болатын бір стандартты контейнер көлеміне сәйкес келетін контейнер паркі мен жүк айналымын есепке алудың халықаралық бірлігі.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылғы Тұрақты даму саласындағы есебі Қазақстан қор биржасының (KASE) есептер рейтингінде екінші орынды иеленді.
2026 жылғы наурыз
Несиелік емес рейтингтер саласындағы Ресейдің ірі агенттігі — RAEX (РАЭКС-Аналитика) жыл сайынғы рейтингінің қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ көпшілікке арналған қаржылық емес есептіліктің ең жоғары сапасы үшін 5 жұлдыз алды.
2025 жылғы желтоқсан
PwC Қазақстанның жыл сайынғы «ESG-ақпаратты ашу бойынша ТОП-50 үздік компания» рейтингінің қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылғы Тұрақты даму саласындағы есебі «Тұрақты даму саласындағы стратегияны үздік ашу» номинациясында жеңімпаз деп танылды.
2025 жылғы желтоқсан











