0%

Мемлекетке төлемдер

GRI 3-3

Қор салықтық ашықтықтың жоғары стандарттарын ұстануды жалғастырады және 2025 жылы салық базасының эрозиясын болдырмауға және ірі корпорацияларды әділ салық салуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қағидаларға — Pillar Two талаптарына толық сәйкестікті қамтамасыз етті.

Салық салу функциясы қатысу елдеріндегі заңнаманың өзгеруін үздіксіз мониторингтейді, тиімді салық ставкаларын есептеп, Pillar Two аясында есептілікті қалыптастырады. 

Салық төлемдерінен басқа, Қор Жалғыз акционердің тапсырмалары аясында бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалардың қаржыландырылуын (акционерге өзге бөлулер) қамтамасыз етеді, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына тұрақты түрде қаражат бөлуді жүзеге асырады.

Мұндай бөлулердің негізгі бағыттарына әлеуметтік нысандар салу, Қазақстан өңірлерін газдандыру, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ өзге де әлеуметтік бастамалар жатады.

ҚР мемлекетіне төленген төлемдер, млрд теңге

Төлем атауы 2023 2024 2025
ҚР бюджетіне төленген салықтар 1 993 2 086 2 264
Акционерге өзге бөлулер 133 568 431
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаражат бөлу 67 50 75
Дивидендтер 1 269 737 0
Жиыны 3 462 3 441 2 770