Оқыту және кәсіби даму
Экологиялық ағарту және персоналды тарту
Біз жауапты тұтыну тәжірибесін қалыптастыратын және тұрақты даму саласындағы хабардарлықты арттыратын ішкі экологиялық оқыту мен персоналды тарту бағдарламаларын жүйелі түрде дамытамыз. Бұл бастамалар жанама экологиялық әсерді азайту және климаттық стратегияны іске асыру үшін қосымша құрал ретінде қарастырылады.
Жұмысшы мамандықтары және өндіріс
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында біз өндірістік кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауды күшейттік және техникалық пен жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру жөніндегі жұмысты жүргіздік.
Негізгі бастамалардың бірі TULGA жобасы болды. Өндірістік алаңдар жұмыскерлері туралы материалдар сериясы арқылы біз еңбек адамдарын — кәсіпорындардың жұмысы соларға тәуелді аппаратшыларды, технологтарды, слесарьларды, операторларды және басқа да мамандарды — назардың орталығына шығардық. Бұл формат жұмысшы және инженерлік мамандықтардың әртүрлілігін көрсетуге, олардың танылуын арттыруға және көпшілік алаңда сирек көрінетін, бірақ күн сайын өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандардың маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.
Біз бұл бағыттағы жұмысты оқушылар мен студенттерге арналған кәсіптік бағдарлау іс-шаралары арқылы жалғастырдық. 2025 жылы 200 мектепте іс-шара ұйымдастырып, өндірістік нысандарға 120 экскурсия өткіздік. Қатысушылар өндірістік ортамен, жұмысшы және техникалық мамандықтарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ Қор тобы ішіндегі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.
Даярлау жүйесін біз дуалдық оқыту мен өндірістік практика тетіктері арқылы жалғастырдық. Дуалдық оқудан 5 000-нан астам студент өтті, ал білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық аясында 100-ден астам меморандумға қол қойылды.
Өндірістік персоналды дамыту
Цифрлық сауаттылық және ЖИ
Цифрлық трансформация басымдығын ескере отырып, біз жасанды интеллект саласындағы оқытуды күшейттік. Есепті жылы 56 мың жұмыскер «ЖИ негіздері мен құралдары» бес сағаттық онлайн-курсын аяқтады. Қосымша түрде Қордың 110 жұмыскері цифрлық сауаттылықты арттыруға және ЖИ-құралдарын қолданудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған мамандандырылған оқудан өтті.
2025 жылы жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша оқудан барлығы 236 мың жұмыскер өтті. Бұл базалық цифрлық құзыреттерді кеңейтуге және персоналдың күнделікті қызметте жаңа технологияларды қолдануға дайындығын арттыруға ықпал етті.
Жастар бағдарламалары
2025 жылы біз жастар бағдарламаларын кәсіби қалыптасудың барлық кезеңдерінде — мамандықты таңдау мен білім алудан бастап жобалық қызметке қатысу, тәлімгерлік және алғашқы жұмысқа орналасуға дейін — кешенді қолдау жүйесі ретінде дамыттық.
Іске асырылып жатқан бастамалар жастардың кәсіби дамуға қол жеткізуін кеңейтуге, техникалық және жұмысшы мамандықтарға қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ өндірістік салалар үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған.
Жеті Қадам
Өндірістік орта үшін жас мамандарды даярлау бағдарламасы.
«7 Qadam Master» модулі
Қолданбалы дағдыларға, өндірістік мәдениетке және кәсіби деңгейдегі жарыстарға дайындалуға назар.
«7 Qadam PRO» модулі
Кәсіпорындарда қолданылатын шешімдерді әзірлеу арқылы нақты өндірістік міндеттерге бағытталу.
Birgemiz Expedition
Қор тобының Жастар кеңесінің портфельдік компаниялардағы жас жұмыскерлер арасында кәсіби құзыреттерді дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған бастамасы.
Тəлімгер
2025 жылы колледждерді бітірген балалар үйлерінің түлектерін жұмысқа орналастыру бағдарламасы.
АЛЫП
Өндірістік трансформация дағдыларын, ұқыпты ойлауды және тиімділікті арттыру жобаларын іске асыруды дамытуға бағытталған жас мамандарды даярлау бағдарламасы.
Жарқын болашақ
Маңғыстау облысы жастарын оқытуға арналған білім беру бағдарламасы.
Мұрагер
Қатысу өңірлеріндегі талапкерлерге, колледж түлектеріне және бастапқы курстардағы студенттерге арналған білім беру гранттары бағдарламасы