0%

GRI 2-23 GRI 3-3 GRI 413-1

Біз табиғат ресурстарын жауапкершілікпен пайдалануға және биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсерді барынша азайтуға ұмтыламыз. Бұл үшін біз қоршаған ортаға әсерлерді басқарудың дәйекті жүйесін құрдық.

Біздің стратегиялық міндеттерімізге ресурс үнемдеу, декарбонизация және «жасыл» қаржыландыруды дамыту болып табылады. Бұл стратегиялық міндеттерді іске асыру портфельдік компаниялар деңгейінде жүзеге асырылады. Біз олардың орындалу барысын Даму жоспарын іске асыруды бағалау аясында жыл сайын талдаймыз.

Біз портфельдік компанияларда стратегиялық климаттық бастамаларды енгізудің драйвері болып табыламыз:

тұрақты дамудың бірыңғай тұжырымдамасы мен ESG-стандарттарды қалыптастырамыз
декарбонизация жөніндегі бағдарламалар мен жол карталарының іске асырылуын үйлестіру мен мониторингтеуді қамтамасыз етеміз
климат саласындағы тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) белгілейміз
портфельдік компанияларда таза технологияларды енгізуді және «жасыл» инвестицияларды дамытуды қолдаймыз

Қор қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қоршаған ортаға тікелей әсерді басқару портфельдік компаниялар деңгейінде жүзеге асырылады. Қордың портфельдік компаниялардың директорлар кеңестеріндегі өкілдері экологиялық саясатты келісуге, негізгі мақсаттарды, бағдарламалар мен ҚНК-ны айқындауға қатысады.

Өнеркәсіп секторы компанияларында ISO 14001 стандарт талаптарына сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйелері жұмыс істейді. Экологиялық тәуекелдерге тұрақты бағалау жүргізіледі, тоқсан сайын өндірістік экологиялық бақылау, қоршаған орта сапасын мониторингтеу және эмиссияның белгіленген нормативтері мен экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылау жүзеге асырылады.

Сақтық қағидаты

Қор БҰҰ-ның Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио‑де‑Жанейро декларациясында (1992 ж.) бекітілген сақтық қағидаты ережелерін ұстанады.

Жаңа жобалар мен нысандарды іске қосу алдында біз қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) аясында жоспарланған қызмет пен оның ықтимал әсері туралы қоғамды ақпараттандыруға бағытталған кешенді іс-шараларды өткіземіз. Әрбір жобаны іске асыру алдында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі және барлық мүдделі тараптарға ҚОӘБ материалдарына қол жеткізу қамтамасыз етіледі, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау және тіркеу жүргізіледі. ҚОӘБ материалдары жергілікті билік органдарының ресми веб-сайттарында және БАҚ-та орналастырылады. Бұл тәсіл Қазақстан ратификациялаған Орхус конвенциясының талаптарына сәйкес келеді, ол ақпаратқа қол жеткізуді және экологиялық маңызы бар шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысуын көздейді.

Тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларының өндіруші кәсіпорындарында сақтық қағидаты жою қорлары тетігі арқылы іске асырылады. Әрбір жер қойнауын пайдалану жобасын жоспарлау сатысында біз өндіру аяқталғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін мақсатты қор құрамыз. Бұл қордан қаражат жерлерді рекультивациялауға, жабдықты бөлшектеуге, қалдықтарды кәдеге жаратуға және бұзылған аумақтарда биоәртүрлілікті қалпына келтіруді қоса алғанда, экожүйелерге әсер салдарын жоюға бағытталады.

GRI 2-23 GRI 3-3 GRI 413-1

«Жасыл офис» қағидаттарын енгізу

Біз жұмыскерлердің экологиялық жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастырамыз, оның ішінде «Жасыл офис» қағидаттарын енгізу.

Бұл жұмыс шеңберінде біз ресурс тұтыну мен қалдықтардың пайда болуын азайту жөніндегі шараларды жүзеге асырамыз. Атап айтқанда, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырамыз, оларды кейіннен өңдеуге береміз, электрондық құжат айналымы жүйесін енгіземіз, сондай-ақ энергия мен суды тұтынуды азайтуға бағытталған энергия тиімді шешімдерді (жарық диодты жарық, қозғалыс датчиктері, сенсорлық араластырғыштар) қолданамыз.

>3,8 млн
ағаш Қазақстанда 2025 жылы ұлттық бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша отырғызылды

«Таза Қазақстан» бастамасы

2025 жылы Қор тобы қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және қатысу өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын іске асыруға белсенді қатысты.

Бастама аясында біз 1 млн ағаш отырғызу мақсатын қойдық. 2025 жылғы ұлттық бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша Қазақстанда шамамен 3,8 млн ағаш отырғызылды, бұл орайда осы көлемнің үштен бір бөлігінен астамы Қор тарапынан қамтамасыз етілді.

Бұл іс-шараларға қатысуымыз жасыл аймақтарды қалпына келтіруді, экожүйелердің тұрақтылығын арттыруды және жұмыскерлер мен халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қоса алғанда, ұзақ мерзімді экологиялық әсерлерге қол жеткізуге бағытталған.

>1 500
астам экологиялық іс-шара мен акцияны Қор тобы жүзеге асырды, оның ішінде аумақтарды көгалдандыру, елді мекендерді абаттандыру және халықты экологиялық ағарту 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша

Экологиялық талаптарды сақтау саласындағы біздің қызметіміз 2025 жылы мыналарды қамтыды:

ҚОӘБ және қоғамдық тыңдаулар өткізу

шығарындылардың, төгінділердің, қалдықтарды орналастырудың нормативтерін әзірлеу мен бекіту, сондай-ақ эмиссияларға рұқсат алу

жоғарыда көрсетілген құжаттарда бекітілген нормативтер мен талаптарды сақтау

ластаушы заттардың эмиссияларын мониторингтеудің автоматтандырылған жүйелерін енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі талаптарын орындау

Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар, млн тенге

Атауы 2023 2024 2025
Эмиссияға төлемдерсіз қоршаған ортаны қорғауға шығыстар 60 862 50 412 57 049
Технологияларды енгізу 7 904 4 620 3 753
Энергия тиімділігі 4 230 3 216 8 409
Зерттеулер мен әзірлемелер 890 2 109 3 176
Өзгелер 46 977 40 438 41 712
Эмиссияларға төлемдер, оның ішінде: 14 957 15 964 32 281
Салық нысанындағы эмиссияларға нормативтік төлемдер сомасы25 14 620 15 963 32 280
Нормадан тыс эмиссияларға төлемдер сомасы 336 1 0,4
  1. Біз Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар үшін міндетті төлемдерді, оның ішінде нормативтік және нормадан тыс шығарындылар үшін төлемдерді жүзеге асырамыз. 2025 жылы эмиссиялар үшін нормативтік төлемдер көлемі есептілік периметрінің кеңеюіне және жаңа мұнай-газ активінің енгізілуіне байланысты 38,3%-ға өсті.

Соңғы 3 жылда қоршаған ортаны қорғауға жиынтық инвестициялар 168 млрд теңгені, оның ішінде 2025 жылы 57 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, портфельдік компаниялар экологиялық мониторинг жүйелерін автоматтандыруға 3,6 млрд теңге, «жасыл» экономикаға өту жөніндегі инновациялық жобалар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге — 3,2 млрд теңге бөлді.

Қалған қаражат технологиялық процестерді одан әрі дамытуға, жабдықты жаңартуға және басқа да іс-шараларға бағытталды.