Экономикалық тиімділік цифрларда
2025 жылы біз ел бюджетіне салық төлемдерін 2024 жылмен салыстырғанда 9%-ға арттырдық, сондай-ақ инвестициялық шығыстарды — өткен жылға 19%-ға айтарлықтай ұлғайттық.
Қор сондай-ақ мұнай өнімдері нарығын, теміржол тасымалдарын және ішкі газ нарығын қолдауды қоса алғанда, экономиканы субсидиялау көлемін кеңейтті. Бұл халық пен бизнес үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, бағалар мен тарифтердің өсуін тежеуге ықпал етті.
Сандардағы экономикалық әсер, млрд теңге
- Оның ішінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бөлінген қаражат, есептеу әдісі бойынша.
- ҚҚС-ты есепке алмағанда, есептеу әдісі бойынша.
- Жеке табыс салығын (ЖТС) есепке алмағанда.
- Субсидиялау мұнай өндіруші компаниялардың ішкі нарыққа жеткізілген мұнай көлемі бойынша экспорттық және реттелетін ішкі бағалар арасындағы айырма есебінен, экспорттық кедендік баждар мен тасымалдау шығындарын шегергендегі жіберіп алған пайдасы түрінде көрсетілген (нетбэк).
- Қордың әлеуметтік маңызы бар салаларды баға мен тарифтердің өсуін тежеу мақсатында кросс-субсидиялауы.
- Бекітілген тарифтермен өтелмеген күрделі салымдар ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен күрделі шығындар мен нақты күрделі шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі.
- Газды сатып алу және тасымалдау жөніндегі нақты шығындар ішкі нарықтағы тауарлық газға бекітілген тарифтер бойынша түсетін кірістерден асып түседі. Осылайша, субсидиялау түсімнен газдың өзіндік құны мен тасымалдау шығындарын шегеру арқылы айқындалады.
- ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) тарифтік сметада бекіткен шығындар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның магистральдық теміржол желісі мен локомотивтік тарту қызметтеріне реттелетін тарифтер бойынша ішкі республикалық қатынастағы жүк және жолаушылар тасымалдары жөніндегі нақты шығындарын өтемейді. Тиісінше, субсидиялау нақты шығындар мен тарифтік сметада бекітілген реттелетін қызметтерге арналған шығындар арасындағы айырма ретінде есептелді.