Қаржылық нәтижелер және тұрақты өсу
GRI 201-1
GRI 201-4
Ұлттық экономиканың негізгі қозғаушысы бола отырып, біз негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша тұрақты оң динамиканы сақтап келеміз. Бұл мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттемелерді уақтылы және толық орындауды қамтамасыз етеді.
Кірістердің 15%-ға өсуі сатылым көлемдерінің ұлғаюы мен сатып алушылардан түсетін ақшалай түсімдер аясында Қордың шикізаттық, газ-көлік және инфрақұрылымдық секторларындағы қызмет ауқымдарын кеңейтуімен байланысты.
44,2
трлн ₸
2025 жылғы қорытынды бойынша активтер құны
2024 жылы — 41,1 трлн теңге
64
млрд ₸
2025 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік субсидиялардың көлемі
2024 жыл көрсеткішінен 11%-ға асады20
Жасалған және бөлінген тікелей экономикалық құн, млрд ₸
| Көрсеткіш | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| Құрылған тікелей экономикалық құн | |||
| Жиынтық кірістер21 | 17 198 | 18 470 | 21 231 |
| Бөлінген экономикалық құн | |||
| Жиынтық шығыстар22 | (14 947) | (15 405) | (16 898) |
| Операциялық шығыстар | (9 335) | (9 864) | (11 465) |
| Жұмыскердің жалақысы және басқа да төлемдер мен жеңілдіктер | (1 992) | (2 231) | (2 487) |
| Капитал жеткізушілерге төлемдер | (2 212) | (1 683) | (1 263) |
| Мемлекетке төлемдер | (1 270) | (1 310) | (1 468) |
| Жергілікті қоғамдастықтарға инвестициялар | (138) | (317) | (216) |
| Бөлінбеген экономикалық құн | |||
| 2 251 | 3 065 | 4 333 | |
- Мемлекеттік субсидиялар Қорға тек Қазақстан Республикасы тарапынан ғана беріледі. Бұл ретте Қор тобы мемлекеттік қаржылық көмектің басқа нысандарын алмайды.
- Жиынтық түсім мен өзге де кірістер шоғырландырылған жиынтық кіріс туралы есептен алынды.
- Жиынтық шығыстар мен төлемдер шоғырландырылған жиынтық кіріс туралы есептен алынды.