Экономикалық өркендеуге қосылған үлес
Экономикалық өркендеуге қосылған үлес
Біз ел экономикасының әл-ауқатына кешенді тетіктер арқылы үлес қосамыз — инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды тікелей қаржыландырудан бастап отандық бизнесті қолдау және салық түсімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге дейін.
Қордың инвестициялық қызметі көлемі көбіне жеке сектордың мүмкіндіктерінен асатын күрделі және капиталды қажет ететін жобаларды іске асыруға шоғырланған. Мұндай жобалар мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар салаларда, оның ішінде электр энергетикасы, көлік және логистика, телекоммуникация, мұнай- газ секторы және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы салаларында іске асырылады.
Бұл жобаларды қаржыландыру үшін біз көпшілікке орналастыруларды (IPO), тікелей шетел инвестицияларын тарту және сыртқы жобалық қаржыландыруды қоса алғанда, кең спектрлі нарықтық құралдарды қолданамыз. Бұл елдің стратегиялық активтерін мемлекеттік бюджетке жүктемені бір мезгілде азайта отырып дамытуға мүмкіндік береді.
Қор сондай-ақ жария орналастыру бағдарламаларын — бастапқы (IPO) және қайталама (SPO) — іске асыру арқылы қор нарығының дамуына ықпал етеді. Портфельдік компаниялардың активтерін жария ортаға шығару экономиканы қаржыландыру көздерін әртараптандыруға және жаһандық инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Жария компания мәртебесі озық басқару тәжірибелерін енгізуді және жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестікті ынталандырады.
Қор қызметі тек қана коммерциялық мүдделер шеңберінен шығады. Әлеуметтік жауапты даму институты бола отырып, Қор қысқа мерзімді перспективада қаржылық тиімсіз болуы мүмкін, бірақ қоғам үшін жоғары маңызы бар жобаларға инвестициялайды.
Біз сондай-ақ ішкі нарықты дәйекті түрде дамытамыз, өндірушілерге өнімді кепілдендірілген өткізуді бірнеше жылға қамтамасыз ететін офтейк-шарттар тетігі арқылы оның ішінде отандық жеткізушілерге басымдық береміз.
Қор қызметінің қаржылық нәтижелері мемлекеттік бюджетке тұрақты түсімдерді қамтамасыз етеді. Қор жалпыұлттық бағдарламаларды іске асыру және Ұлттық қорды толтыру үшін ресурстық база қалыптастыра отырып, тұрақты салық төлемдерін жүзеге асырады.