ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Құрметті серіктестер 
мен әріптестер!

2025 жыл сыртқы ортаның жоғары құбылмалылығымен және елеулі құрылымдық сын-қатерлермен сипатталды. Осы жағдайларда «Самұрық-Қазына» АҚ және портфельдік компаниялары инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, цифрлық трансформация, сондай-ақ активтерді басқаруды жетілдіру бағыттарында жұмыс жүргізуде.

Бектенов Олжас Абайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ететін негізгі салаларға мемлекеттің қаржылық ресурстарын бағыттауға негізделген тұрақты даму моделінің маңыздылығын атап өтеді. Мемлекет басшысы Қор активтерінің тиімділігін арттыру және құнын ұлғайту міндетін қойды.

2025 жыл сыртқы ортаның жоғары құбылмалылығымен және елеулі құрылымдық сын-қатерлермен сипатталды. Осы жағдайларда «Самұрық-Қазына» АҚ және портфельдік компаниялары инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, цифрлық трансформация, сондай-ақ активтерді басқаруды жетілдіру бағыттарында жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні Директорлар кеңесі деңгейінде бақыланатын 62 басым бастаманың тізімі жасалды. Бұл жобалар жаңа салаларды құруға және елдің экономикалық тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық салаларда жүзеге асырылады.

Өткен жылы Топ газ және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ елдің көлік және логистикалық әлеуетін ашу бойынша бірқатар маңызды жобаларды аяқтады. Кендірліде тұщыландыру зауыты іске қосылды, Ақтау мен Алматыда Қазақстанның транзиттік рөлін нығайтатын контейнерлік хабтар ашылды, CASPI BITUM өндірістік қуаты кеңейтілді, «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры салынды.

Қаржылық көрсеткіштер тұрақты өсімді көрсетті – таза пайда 2,3 трлн теңгені құрады. Салық түрінде Қор тарапынан 3,6 трлн теңге төленді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары.

Таза пайда

2,3трлн теңге

Төленген салық көлемі

3,6трлн теңге

Соңғы жеті жылда Топ халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылған жобаларды қоса алғанда, 30 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартты.

Отандық өндірушілерді қолдау шараларына ерекше назар аударылуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемі шамамен 2,2 трлн теңгені құрады, өткен жылғы көрсеткішінен екі есеге арты. Бұл Президенттің отандық құндылық үлесін арттыру және ұлттық бизнес пен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру жөніндегі мақсаттарына сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында заманауи технологиялық шешімдерді енгізу басым бағыттардың бірі болып табылады. Әлеуметтік салада, өндірістік қауіпсіздікте, персоналды басқаруда, сатып алуда, қаржы және инвестициялар саласында жасанды интеллект шешімдерін енгізуді қамтитын SKAI бірыңғай корпоративтік жасанды интеллект экожүйесі қалыптастырылуда.

Ірі өндірістік нысандарда шығарындыларды автоматтандырылған бақылау жүйелері және озық қолжетімді технологиялар енгізілуде, энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Өткен жылы «Таза Қазақстан» президенттік бастамасы аясында ел бойынша 2 000-нан астам экологиялық акция өткізілді.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында есепті кезеңде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 10 реабилитациялық орталық ашылды. Оның ішінде Алматы және Қызылорда қалаларында 2 ерте араласу орталығы, Түркістан, Қарағанды, Ақтау қалаларында аутизмі бар балаларға арналған 3 орталық, сондай-ақ алғаш рет ел бойынша Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында аралас форматтағы 5 Ainala орталығы іске қосылды. Шалғай аудандардың шамамен 100 мың тұрғыны сапалы медициналық және құқықтық көмекпен қамтылды.

2026 жылы Қор Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген экономиканы жаңғырту және институционалдық реформалар басымдықтарына сәйкес стратегиялық жобаларды іске асыруды жалғастырады. Негізгі бағыттар қатарында қолданыстағы жылу электр станцияларын жаңғырту және қайта жаңарту, жаңа өндіруші қуаттарды құру, газ өңдеу және мұнай-химия инфрақұрылымын дамыту, цифрлық және телекоммуникациялық ортаны кеңейту, сондай-ақ теміржол және транзиттік логистикалық желіні одан әрі дамыту кіреді. Қор тиімділікке, тұрақтылыққа және жаһандық сын-қатерлерге бейімделу қабілетіне назар аударуды сақтай отырып, Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға үлес қосуды жалғастырады.