Персоналды басқару
Қор компаниялары тобында персоналды басқару Қордың Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ кадр саясатына (бұдан әрі - Кадр саясаты) сәйкес жүзеге асырылады. Кадр саясаты халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірленді, Қор компаниялары тобы қызметкерлерінің мүдделерін көрсетеді және Қор компаниялары тобының білікті, құзыретті және уәжді персоналға деген қажеттілігін қанағаттандыруға, сондай-ақ Қор компаниялары тобының қызметкерлері үшін қажетті еңбек жағдайлары мен қолайлы орта жасауға бағытталған.
Кадр саясатына сәйкес Қор тобында қызметкерлерді іріктеу жөніндегі міндетті іске асыру шарттарының бірі тарту және іріктеу кезінде инклюзивтілікті қамтамасыз ету болып табылады: ұлттық, жыныстық, жас және басқа да белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу.
Гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері Қазақстан үшін басым болып табылады және Қор бұл бастамаларды белсенді қолдайды.
2025 жылы Қор компаниялар тобының Басқармаларындағы әйелдердің үлесі 10%-ды, ал бақылау және қамқоршылық кеңестерде, сондай‑ақ директорлар кеңестерінде - 17%-ды құрады.
Сонымен қатар, Қор қоғам алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсіне отырып, «Самұрық Үміті» және «Тәлімгер» жобаларын іске қосты. Аталған бағдарламалар жетім балалар мен балалар үйлерінің түлектерін жұмыспен қамту үшін нақты мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан 100 балаға қолдау көрсетілді, олардың ішінде 39‑ы колледждерде білім алуда, ал балалар үйлерінің 107 түлегі Қор компанияларында жұмысқа орналасты.
Қор компаниялар тобында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылады. 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қордың портфельдік компанияларында еңбек қатынастарында тұрған ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 3 044 адамды құрады.
2025 жылы Қор компаниялары тобы бойынша 160 мыңнан астам қызметкер оқудан өтіп, өз біліктілігін арттырды.
10 мыңнан астам инженер мен жас маман «Бастау», «Өрлеу» және «Жеті қадам» бағдарламалары арқылы өз құзыреттерін дамытты. Біздің мамандар AtomSkills және HighTech‑2025 халықаралық чемпионаттарында 15 жүлделі орынға ие болды.
Портфельдік компаниялар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс‑қимылды дамыту аясында жетекші оқу орындарымен шамамен 100 меморандум жасалды. Ынтымақтастықтың жарқын мысалдарына «Қазақтелеком» компаниясының Woosong университетімен серіктестігі, «Қазатомөнеркәсіптің» КБТУ‑мен бірлескен жұмысы, сондай‑ақ «ҚазМұнайГазбен» бірге Атырау мұнай және газ университеті базасында оқу‑өндірістік полигон құру жобасы жатады.
Бүгінде 10 мыңнан астам студент Топ компанияларында дуальды оқыту мен өндірістік практикадан өтуде.