Ақпараттық және коммуникациялық операторлар
Ұлттық ақпараттық супермагистралі
«Қазақтелеком» АҚ – 1994 жылы құрылған Қазақстандағы жетекші телекоммуникациялық компания болып табылады.
Қазақтелеком Халықаралық электрбайланыс одағының Регламентіне және ҚР заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісін және телекоммуникациялардың жеке жүйелерін құру, монтаждау, пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін ҚР байланыс операторы ретінде қызметін жүзеге асырады, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі операторының, оның ішінде басқа мемлекеттердің байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысуды жүргізу құқығымен қалааралық және халықаралық байланыс операторының функцияларын орындайды.
Қазақтелеком Ұлттық ақпараттық супермагистраль-оптикалық-талшықты көлік сақинасын иеленеді, ол деректерді жоғары жылдамдықпен беру үшін Қазақстанның ірі қалаларын желімен байланыстырады. Компанияның инфрақұрылымы өңірдегі ең ірі цифрлық платформалардың бірі болып қала береді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерінің ұзындығы 96 242 шақырымнан асты, 23 деректерді өңдеу орталығы жұмыс істейді, ал мобильді байланыс желісі 8 983 базалық станцияны қамтиды. 4G/LTE желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында толықтай енгізілген. Сонымен қатар, 2025 жылы қосымша 1 154 5G базалық станциясы пайдалануға беріліп, желі жабынының одан әрі кеңеюін және өткізу қабілетінің жоғарылауын қамтамасыз етті.
2025 жылдың негізгі көрсеткіштері
| КӨРСЕТКІШ | 2024 | 2025 |
|---|---|---|
| Өндірістік көрсеткіштер: | ||
| Тіркелген желілер саны, мың желі | 2 277,50 | 2 019,9 |
| Тіркелген КЖҚ абоненттерінің саны, мың порт | 1 857,66 | 1 858,36 |
| Ақылы теледидар, мың абонент | 1 162,45 | 1 357,99 |
| Мобильді абоненттер, мың абонент | 14 848,90 | 8 669,51 |
| Қаржылық көрсеткіштер 29, млрд теңге: | ||
| Түсім | 497,8 | 587,2 |
| Операциялық шығындар | 441,8 | 522,8 |
| Операциялық пайда | 62,3 | 94,5 |
| Таза пайда | 77,2 | 146,96 |
| EBITDA | 309,0 | 182,90 |
| Төленген дивидендтер | 23,1 | 293,4 |
| Төленген салық көлемі | 173,4 | 77,3 |
| Тұрақты даму көрсеткіштері: | ||
| Атмосфераға шығарындыдар, мың тонна 30 | 157,53 | 146,2 |
| Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер) | 6 (6) | 2 (2) |
| Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар) | 0 | 0 |
2025 жылы «Қазақтелеком» Қазақстан Республикасында 5G желісін салу және Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желіні тарту сияқты басым жобаларды белсенді іске асыруды жалғастырды.
Қаржылық көрсеткіштер Компанияның 2024 және 2025 жылдарға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес көрсетілген.
2025 жылы Компания барлық көздер бойынша (реттелетін және реттелмейтін) ластаушы заттар шығарындыларына қайта есеп жүргізіп, 2024–2025 жылдарға арналған тиісті көрсеткіштерді өзектендірді.
Инфрақұрылымды дамыту
2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, желінің өткізу қабілетін арттыруға және жаңа өсу көздерін қалыптастыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жалғастырды.
Негізгі басымдық магистральдық желіні, деректерді беру инфрақұрылымын және қол жеткізу желілерін жаңғыртуға, сондай-ақ Компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталды.
Есепті жылы TOP‑500 рейтингінде 103‑орын алған GPU‑кластер пайдалануға берілді, бұл бұлттық сервистер мен жасанды интеллект технологияларын дамытуға негіз қалыптастырады.
VK, Valve, Yandex, Baishan және Wangsu сияқты жаһандық контент-провайдерлермен бірлесіп кэш-сервер инфрақұрылымын кеңейту жалғастырылды. Бұл трафикті жергіліктендіру үлесін арттыруға, желідегі кідірістерді азайтуға және пайдаланушылар тәжірибесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, Amazon Kuiper және Starlink-пен серіктестік арқылы спутниктік бағыт дамытылуда, бұл интернетке қолжетімділікті кеңейтуге және жаңа нарық сегменттерін игеруге жағдай жасайды.
Қолжетімділік желілері сегментінде ашық архитектураларды енгізу жобалары іске асырылуда. VOLTHA негізіндегі пилоттық шешімдер мен меншікті OpenOMCI ME Stack әзірлемесі желіні басқару икемділігін арттыруға, жабдық жеткізушілеріне тәуелділікті төмендетуге және инфрақұрылымның ауқымдалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Қазақтелеком» АҚ Каспий теңізі арқылы өтетін суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша стратегиялық жобаны іске асыруда, бұл халықаралық деректерді беру арналарын дамытуға және транзиттік әлеуетті күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, 4G/5G негізіндегі бекітілген сымсыз қолжетімділік (FWA) шешімдерін сынақтан өткізу жүргізілді, бұл олардың кеңжолақты қолжетімділікті кеңейту құралы ретіндегі тиімділігін растады.
Цифрлық тұрақтылық саласында DNS-инфрақұрылымды дамыту жобалары, оның ішінде M‑Root серверлерін енгізу жүзеге асырылып, интернет-сервистердің тұрақтылығы арттырылды.
Компанияның жоғары технологиялық жетілу деңгейі қуаты 400 Гбит/с дейін жеткен ең ірі DDoS-шабуылдарды сәтті тойтарылуымен расталды, бұл инфрақұрылымның орнықтылығын және киберқауіпсіздік саласындағы шешімдердің тиімділігін көрсетеді.
Мобильді бизнес
«Кселл» АҚ – Қазақстандағы жетекші ұялы байланыс операторларының бірі, мобильді байланыс, деректерді беру, интернетке қол жеткізу, конвергентті қызметтері (FMC), сондай-ақ цифрлық және IT‑қызметтерді қамтитын қызметтердің кең ауқымын ұсынады.
Компания B2C және B2B сегменттерінде шешімдер портфелін кеңейте отырып, цифрлық платформа ретінде дамуда. Қосымша қызметтерге мобильді қаржы сервистері, цифрлық контент (бейне, музыка, кітаптар), сондай-ақ заттар интернеті (IoT), үлкен деректерді өңдеу, бұлттық технологиялар және жүйелік интеграция саласындағы шешімдер кіреді.
Kcell АҚ бизнесті цифрландыруға және клиенттерінің операциялық тиімділігін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық және салалық шешімдерді енгізу арқылы корпоративтік клиент сегментінде жетекші орын алады.
Kcell АҚ нарықта өз орнын тауып, жоғары деңгейдегі клиенттерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін Kcell және Activ брендтерімен ұсынылған.
Келесі буын желілерін дамыту басты назарда болып қала береді. 2022 жылы «Kcell» АҚ қоса алғанда, операторлар консорциумы Қазақстанда 5G/IMT технологиясын енгізу үшін жиіліктер алды.
2025 жылы Компания 1 154 5G базалық станциясын іске қосты, бұл желінің қамту аймағын айтарлықтай кеңейтті және цифрлық қызметтердің дамуына негіз қалады.
Бизнес портфелі
«Қазақтелеком» АҚ бөлшек және көтерме нарықтарда телекоммуникациялық қызметтер көрсетіп, кірістің тұрақты көздері бар әртараптандырылған бизнес моделін қалыптастыруды.
Көтерме нарықта Компания байланыс операторларына желілерді қосу, трафиктің барлық түрлерін өткізу, интернетке қолжетімділік, магистральдық арналарды жалға беру және ілеспе сервистерді ұсынады. Дамыған инфрақұрылым қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды қолдайды.
Бөлшек нарықта Компания B2C, B2B және B2G сегменттеріндегі клиенттерге қызмет көрсетеді, қызмет сапасын арттыру мақсатында талшықты-оптикалық технологияларға көшу арқылы желіні жаңғыртуды жалғастыруда.
Негізгі бағыттардың бірі ретінде транзиттік әлеуетті дамыту қала береді. Барлық шекаралық бағыттарды қамтитын және Қытаймен, Ресеймен, Еуропамен және Орталық Азия елдерімен түйісуді қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің магистральдық инфрақұрылымына сүйене отырып, Компания транзиттік трафик көлемін ұлғайтып, халықаралық нарықтағы қатысуын күшейтуде. Бұл өңірлік цифрлық байланыстылық пен желілік тұрақтылықты дамытуға ықпал етеді.
2025 жылы Компания цифрлық өнімдерді дамытуды жалғастырды. Жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика платформасының функционалы кеңейтіліп, оның ішінде мінез-құлықты тану, білім беру ортасын мониторингтеу және деректерді автоматты талдау құралдары енгізілді. Бұл шешімдерді B2B және B2G сегменттерінде қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, білім беру ортасын цифрландыруға бағытталған AI‑Mektep жобасы ауқымдалды: пилоттық алаңдардың саны арттырылып, оқу үдерісінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шешімдер енгізілді.
Корпоративтік сегментте кеңейтілген функционалы бар пакеттік ұсыныстарды іске қосу арқылы тарифтік желі жаңартылды.
Білім беру саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында «Қазақтелеком» 524 мектепке жоғары жылдамдықты интернетті ұсынды. «Қазақтелеком» ұлттық «Жайлы мектеп» жобасына қатысып, жоспарланған нысандардың 75%-ына (217 мектептің 162-сі) талшықты-оптикалық байланыс желілерін ұсынып, заманауи білім беру ортасын дамытуға үлес қосуда.
Тұтынушыға жақынырақ
2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ клиенттердің қатысуын арттыруға, цифрлық қызмет көрсету арналарын дамытуға және сервис сапасын жақсартуға бағытталған стратегияны іске асыруды жалғастырды.
TelecomKz мобильді қосымшасындағы KT Club адалдық бағдарламасы тұрақты өсімді көрсетті және тұтынушылармен жұмыс істеудің негізгі құралына айналды. 2025 жылдың қараша айына қарай қатысушылар саны 339 000 пайдаланушыға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 115 000-ға өскен көрсеткіш, бұл бағдарламаның жоғары сұранысын және оның цифрлық қызметтер экожүйесін дамытудағы рөлін көрсетеді.
Цифрлық қызметтер айтарлықтай дамуға қол жеткізді. Есепті жыл ішінде Компания толық цифрлық қызметті белсендіру процестерін кеңейтті, бұл тұтынушыларға толық онлайн қосылуға мүмкіндік берді. Адалдық бағдарламасымен интеграция Компанияға пайдаланушыларға жеңілдік шарттары мен бонустық жинақтарды қоса алғанда, қосымша артықшылықтар ұсынуға мүмкіндік берді.
Компания клиенттік тәжірибені жақсарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. 2025 жылы 6,4 млн өтініш тіркелді, бұл ретте өтініштер ағынының қайта бөлінуі байқалады – онлайн арналар арқылы түскен өтініштердің едәуір өсуі (+20%) және дәстүрлі байланыс орталықтарына түсетін жүктеменің төмендеуі (-23%). Қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері жоғары деңгейде сақталды:
- AP – 97%-ды құрады;
- FRR көрсеткіші жыл соңында 96%-ды құрады (+1%);
- tNPS көрсеткіші жыл соңында 83%-ды құрады (+3%).
Клиенттік сервистерді цифрландыру және процестерді автоматтандыру жалғастырылды. Мобильді қосымшада өзін-өзі қызмет көрсетуге арналған жаңа функциялар іске асырылып, қосымша онлайн өзара әрекеттесу арналары енгізілді, сондай-ақ өтініштерді өңдеудің омниканалды платформасы енгізілді, бұл жұмыс тиімділігін арттыруға және операторларға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
Офлайн өзара әрекеттесуге келетін болсақ, жаңа цифрлық қызмет көрсету кеңселері ашылды және операциялық процестерді оңтайландырып, қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттырған бейнеқызметті қоса алғанда, қашықтан кеңес беру бойынша пилоттық жобалар енгізілді.
Сонымен қатар, телекоммуникация желісін жаңғырту «Тазарту» жобасының бөлігі ретінде жалғасуда, ол дәстүрлі мыс технологияларынан (ADSL) талшықты-оптикалық инфрақұрылымға (FTTX/GPON) көшуге бағытталған.
2023 жылдан бері 208 мыңнан астам абонент оптикалық желіге көшірілді, оның ішінде 2025 жылы — 77 598 абонент. Бұл қызмет сапасын арттыруға және пайдаланушылар үшін цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.
Аталған бастамаларды іске асыру клиенттердің қанағаттанушылығын арттыруды, операциялық тиімділіктің өсуін және Компанияның цифрлық қызметтер нарығындағы позициясын нығайтуды қамтамасыз етеді.
Халықаралық серіктестікті нығайту және жаһандық инфрақұрылымды дамыту
Есепті кезеңде халықаралық деңгейдегі қатысуды кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді, оның ішінде:
- Қытай–Еуропа, Өзбекстан, Түрікменстан бағыттары бойынша транзиттік арналарды ұйымдастыруға келісімшарттар жасалды:
- Орталық Азия елдеріндегі телекоммуникация операторлары үшін 90 Гбит/с сыйымдылығы бар «Қазақтелеком» АҚ пирингтік қосылымдары мен жергілікті кэш серверлеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.
Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жөніндегі стратегиялық жобаны дамыту жалғастырылды, оның ішінде технологиялық серіктестермен бірлесіп коммерциялық үлгісі пысықталды.
Халықаралық трафик қауіпсіздігі саласында алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді: тиісті департаменттермен бірлесіп, шетелдік көздерден шыққан 7 миллионнан астам алаяқтық қоңыраулар анықталды және бұғатталды.
Есепті жылы Компания халықаралық салалық іс-шараларды өткізу алаңы ретінде де қызмет атқарды, оның ішінде Carrier Meeting Kazakhtelecom және GCCM форумдары ұйымдастырылды. Бұл іскерлік байланыстарды нығайтуға және серіктестік желіні кеңейтуге ықпал етті.
Компанияның активтерді оңтайландыру стратегиясының бөлігі болып табылатын және негізгі бизнес салаларына бағытталған «Mobile Telecom-Service» ЖШС-ның 100% үлесін сатудың аяқталуы маңызды кезең болды.
«Қазақтелеком» АҚ өзінің халықаралық беделін нығайтып, China Telecom, China Unicom және Rostelecom PJSC сияқты серіктестерден бірқатар салалық марапаттарға ие болды, бұл компанияның жаһандық байланыс пен бірлескен жобаларды дамытуға қосқан үлесін мойындайды.
2025 жылы Starlink, China Telecom Global, China Mobile, China Unicom, Arelion және VimpelCom PJSC сияқты халықаралық серіктестермен бірқатар стратегиялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Бұл келісімдер халықаралық инфрақұрылымды кеңейтуге, жаңа қызметтерді дамытуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.
Аталған бастамаларды іске асыру Компанияның жаһандық телекоммуникациялық экожүйеге интеграциясын күшейтіп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және халықаралық бизнестің әрі қарай өсуіне негіз қалайды.
Тұрақты даму
«Қазақтелеком» АҚ көміртегі ізін азайтуға, жасыл технологияларды, цифрлық инклюзивтілікті дамытуға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға бағытталған ESG күн тәртібін үнемі жүзеге асырып келеді. Бекітілген тұрақты даму стратегиясының бөлігі ретінде Компания энергия тиімділігін арттыру, шығарындыларды азайту және әлеуметтік жауапкершілікті күшейту бойынша бастамаларды жүзеге асыруда.
2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ БҰҰ-ның Жаһандық шартына (UN Global Compact) қосылып, бұл Компанияның тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растап, халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Компания S&P Global CSA ESG бағалауы бойынша 51/100 деңгейіне қол жеткізді, бұл халықаралық телекоммуникациялық компаниялардың орташа салалық көрсеткішінен (40/100) жоғары және ESG факторларын басқарудағы тұрақты позициясын айқындайды.
2026 жылға арналған жоспарлар
2026 жылы «Қазақтелеком» АҚ мобильді және талшықты-оптикалық желілерді нығайтуды, ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді кеңейтуді және халықаралық телекоммуникация жобаларына қатысуды қоса алғанда, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға назар аударады.
Компания цифрлық сервистер мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі бастамаларды іске асыруды жалғастырады, оның ішінде пилотсыз технологиялар, орман өрттерін ерте анықтау жүйелері, талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және FTTH желісін кеңейту жобалары бар.
Сонымен қатар Energy China компаниясымен бірлесіп деректерді өңдеу орталығын салу жобасын қоса алғанда, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту мәселелері пысықталуда. Бұл Компанияның бұлттық және цифрлық қызметтер сегментіндегі позицияларын нығайтуға мүмкіндік береді.
2027 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бағдарлама шеңберінде 5G желісін белсенді түрде кеңейту, сондай-ақ Каспий теңізі арқылы суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыру жалғасады.

Пошта, логистикалық, қаржылық және цифрлық қызметтер
«Қазпошта» АҚ қазақстандық пошта желісінің операторы ретінде Қазақстанның жалпымемлекеттік инфрақұрылымының базалық элементі және мемлекеттің аса маңызды әлеуметтік активі болып табылады.
Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ-ның зейнетақы, жәрдемақы және мерзімді басылымдарды жеткізу бойынша әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алатын, мемлекеттің толық қатысуы бар жалғыз еншілес ұйымы.
2025 жылдың негізгі көрсеткіштері
| Көрсеткіш | 2024 | 2025 |
|---|---|---|
| Өндірістік көрсеткіштер: | ||
| Пошталық жөнелтілімдерінің саны, мың бірл. | 103,6 | 92,2 |
| Қаржы-агенттік қызметтердің көлемі, млн теңге | 1 118,2 | 996,5 |
| Қаржылық көрсеткіштер 31, млн теңге: | ||
| Түсім | 62 551 | 67 976 |
| Таза пайда | 697,8 | 246 |
| Шығындар | (-) 105 216 | -133 200 |
| Операциялық пайда | 482,3 | (332) |
| Таза қарыз | 7 000 | 34 343 |
| Төленген салық көлемі | 6 654 | 19 624 |
| Тұрақты даму көрсеткіштері: | ||
| Атмосфераға шығарындыдар, мың тонна | 0,472 | 0,466 |
| Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер) | 5 (5) | 2 (3) |
| Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар) | 0 | 1 (1) |
«Қазпошта» Қазақстан Республикасында логистика, қаржылық қызметтер және цифрлық трансформация салаларындағы негізгі ойыншы болып қала береді. 2025 жыл компания үшін серпінді даму, трансформация және инновациялық шешімдерді енгізу кезеңі болып, логистика, цифрлық қызметтер, қаржылық шешімдер және электрондық коммерция салаларындағы позицияларын нығайтты.
Логистика және пошта қызметтері
2025 жылы сәлемдеме өңделді
8,1 млн.
Логистика және пошта қызметтерін дамыту операциялық тұрақтылықты нығайтуға, оның халықаралық қатысуын кеңейтуге және тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл нәтижелер Компанияның жаһандық пошта және логистика жүйесіндегі орнын нығайтты және оның аймақтық логистика және цифрлық хаб ретіндегі рөлін арттырды.
Маңызды сыртқы нәтижелердің бірі – Дүниежүзілік пошта одағы рейтингінде позициясының 13 сатыға жоғарылауы және «Қазпошта» АҚ-ның әлемдегі ТОП-50 пошта операторлары қатарына енуі болды.
Логистикалық тұрақтылық халықаралық логистикалық желіні дамыту және тасымалдау бағыттарын әртараптандыру есебінен қамтамасыз етілді.
Стратегиялық бағыттарды іске асыру шеңберінде маршруттық желіні кеңейту және баламалы әуе тасымалдаушыларын тарту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды. Бұл кідірістер тәуекелдерін азайтып, шалғай және ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, 1,6 мыңнан астам маршрут бойынша пошталық жөнелтілімдердің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде шамамен 51 мың тонна пошта жөнелтілімдері жеткізілді.
Сонымен қатар халықаралық логистикалық ынтымақтастық дамыды. Dynamic Aviation Group компаниясымен тасымалдаудың аралас модельдерін, оның ішінде truck-to-air тәсілін қолдану мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

Компанияның 2024 және 2025 жылдарға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес қаржылық көрсеткіштер көрсетілген.
Қаржылық қызметтер: барлығына арналған цифрлық шешімдер
Брокерлік қызметтерден түскен табыс
1,33 млрд
теңге
2025 жылы Компания өнім желісін кеңейтуге, қызметтерін цифрландыруға және реттеушілік тұрақтылықты нығайтуға баса назар аудара отырып, бизнесті әртараптандыру мен кірістердің өсуінің негізгі қозғаушы күші ретінде қаржылық қызметтерді дамытуды жалғастырды.
Есепті кезеңде Apple Pay және карта өнімдерін қашықтан басқару сияқты заманауи сандық құралдар енгізілді, бұл қызмет көрсетудің ыңғайлылығын арттырды және операциялық арналарға жүктемені азайтты.
Сонымен қатар, үкіметтік ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы қаржылық процестердің ашықтығы мен басқарылуы артты. Қосымша бақылау тетіктерін енгізу операциялық және реттеушілік тәуекелдерді азайтты.
Қаржылық қызметтер бөлімі тұрақты өсімді көрсетті: клиенттік портфель 1,1 триллион теңгеге жетті, ал брокерлік кіріс 1 328,5 миллион теңгені құрады. «Ыңғайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 107 ағымдағы шот ашылды, түсімдер жалпы сомасы 123 миллиард теңгені құрады.
Компанияның цифрлық шешімдерінің жетілгендігі сыртқы деңгейде танылды: «Қазпошта» АҚ BaaS (Banking as a Service) сервистерін дамыту үшін Mastercard марапатына ие болды.
Сонымен қатар, ITS (International Trading System) сауда қатысушы мәртебесін алу халықаралық қаржы құралдарына, оның ішінде акцияларға, ETF-терге және исламдық индекстерге қолжетімділікті кеңейтті.
2025 жылдың ақпан айында Fitch Ratings Қазпоштаға қаржылық тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығын растайтын «Тұрақты» болжаммен «BBB-» халықаралық рейтингін берді.
Электрондық коммерция: Қазақстан жаһандық саудада
2025 жылы электрондық коммерция бағыты Компания бизнесінің өсуі мен трансформациясының негізгі драйверіне айналып, логистикалық, қаржылық және цифрлық сервистерді бірыңғай экожүйеге біріктіруді қамтамасыз етті.
QazPost SuperApp орталық цифрлық платформаға айналдырылып, клиенттік интерфейстерді, төлем шешімдерін және логистикалық сервистерді біріктірді. Бұл пайдаланудың ыңғайлылығын арттырып, клиенттердің тартылуын күшейтті.
Шекаралық электрондық коммерцияның дамуына халықаралық жөнелтімдерге цифрлық қолдау көрсететін Keruen қызметінің масштабталуы және жеткізу желісін кеңейтіп, тұтынушылармен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыратын HomePost соңғы миль шешімін енгізу қолдау көрсетті.
Операциялық тұрақтылық Qazpost-YTO-мен ынтымақтастықты қоса алғанда, серіктестіктерді дамытумен, сондай-ақ нарықтың негізгі ойыншыларымен халықаралық өзара әрекеттесуді кеңейтумен қамтамасыз етілді. 2025 жылы CITIC Poly Fund, Whale Cloud және AISG Labs компанияларымен келісімдерге қол қойылды, сондай-ақ JD.com-мен пилоттық интеграция аяқталды, бұл Қазақстанда нарықты іске қосуға дайындықты растады.
Бұл бастамалар электрондық коммерция платформасын кеңейтуге, халықаралық ағындарды кеңейтуге және Компанияның аймақтық цифрлық логистикадағы орнын нығайтуға негіз қалыптастырады.
Халықаралық ынтымақтастық: шекараны кеңейте отырып
Есепті жыл ішінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту және сыртқы серіктестіктерді кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасты. Орталық Азия пошта Саммиті және халықаралық салалық іс-шараларға қатысу Компанияның халықаралық орнын нығайтуға және шетелдік серіктестермен кәсіби диалогты кеңейтуге ықпал етті.
«Транслогистика» көрмесі аясында трансшекаралық тасымалдарды дамыту жөнінде Neptune Logistics компаниясымен меморандумға қол қойылды, ал III Қазақстан–Әзербайжан бизнес-форумы шеңберінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мультимодальды және транзиттік маршруттарды дамыту бойынша ZIRA Port компаниясымен меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ Toshiba Corporation компаниясымен операциялық ортаға автономды мобильді роботтарды (AMR) енгізу жөнінде ниеттер туралы келісімге қол қойылды, оның ішінде шешімдерді пилоттық тестілеу және олардың логистика тиімділігіне әсерін бағалау көзделген. Осы жобаны іске асыру автоматтандыруды ауқымдауға және заманауи цифрлық логистикалық инфрақұрылымды дамытуға негіз қалыптастырады.

Тұрақты даму
Экологиялық жауапкершілік пен қызметкерлерге қамқорлық Компания қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Инфрақұрылымды жаңғырту аясында 21 нысанды газдандыруға келісімшарттар жасалды, 8100 шаршы метр аумақта жарықдиодты жабдықтармен жарықтандыру жүйелері жаңартылды және таза EURO-5 қозғалтқыштары бар 83 көлік бірлігі сатып алынды. Бұл шаралар нысандардың экологиялық тазалығын арттырып, шығарындыларды азайтты. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Жыл ішінде Қазақстан Республикасының 19 аймағында 40 000-нан астам ағаш отырғызылды.
2026 жылға арналған жоспарлар
2026 жылы Компания логистикалық инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін арттыруға, «соңғы миль» бағытын дамытуға және халықаралық бизнесті ауқымдандыруға шоғырланатын болады.
Инфрақұрылымды оңтайландыру мақсатында көлік қуаттарының жүктемесін арттыру және шығындарды төмендету үшін икемді тарифтік тетіктерді енгізу жоспарлануда. «Соңғы миль» дамыту цифрлық шешімдерді қолдана отырып гибридті жеткізу моделін енгізу, сондай-ақ корпоративтік және халықаралық сегменттерге арналған мамандандырылған EMS бағытын құру арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық бизнес Cainiao, AliExpress, China Post және басқа да халықаралық клиенттермен бірлесіп Qazpost-JD платформасын іске қосу, тұрақты әуе рейстерін іске қосу, Qazpost-YTO сияқты негізгі серіктестермен ынтымақтастық және негізінен Қытайдан Орталық Азия елдеріне шекарааралық ағындарды кеңейту арқылы дамиды. Сонымен қатар, БАӘ нарығымен электрондық коммерцияны қоса алғанда жаңа бағыттарды дамыту, сондай-ақ Keruen сервисінің географиясын кеңейту мәселелері қарастырылуда.