Өндіріс және кен өндіру

Уран өндірудегі әлемдік көшбасшылық

Қазақстанның ұлттық операторы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран және оның туындыларының, сирек металдардың, атом электр станцияларына арналған ядролық отынның, сондай-ақ мамандандырылған жабдықтар мен технологиялардың экспорты мен импорты саласында халықаралық деңгейде маңызды орын алады. Қазақстан әлемдегі уран өндіру бойынша жаһандық көшбасшы ретінде танылып, дүниежүзілік өндірістің шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді.

Қазатомөнеркәсіп әлемдегі табиғи уранның жетекші өндірушісі ретінде ерекшеленеді және аса маңызды ресурстық базалардың біріне басымдықпен қол жеткізе алады. Компания жерасты ұңғымаларын шаймалау әдісіне жарамды уран кен орындарын пайдаланады, бұл экономикалық тұрғыдан тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өндіру әдісі болып табылады. Бұл өндіруші активтерді пайдаланудың ұзақ мерзімімен қатар, Қазатомөнеркәсіпке уран өндірудің ең төмен құнының арқасында әлемдік нарықта көшбасшы позицияларды қолдауға мүмкіндік береді.

2018 жылдың қараша айынан бастап Қазатомөнеркәсіптің акциялары «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қор биржаларында және Лондон қор биржасында белсенді түрде саудаланады.

Қазатомөнеркәсіптің бас кеңсесі

2025 жылдың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш20242025
Өндірістік көрсеткіштер, мың тонна:
Уран өндірісінің көлемі23,325,8
Уранды өткізу көлемі16,718,5
Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:
Түсім1 813,4 1 803
Дивидендтер314,6327,9
Таза пайда1 132,1806,7
Операциялық пайда806,8 778,98
Таза қарыз144,5139,8
Төленген салық көлемі446,6 492,5
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының жалпы көлемі (1 және 2-ауқым), мың тонна907,4906,2
Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер)3 (3)5 (5)
Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар)02 (2)

2025 жыл Компанияның 2025–2034 жылдарға арналған жаңартылған даму стратегиясын іске асырудың алғашқы жылы болды. Ол ресурстық базаны ұлғайтуға, ядролық отын цикліне қатысуды кеңейтуге, сирек және сирек жер металдары бағытын дамытуға, сондай-ақ сату құрылымын әртараптандыруға және трейдинг функциян нығайтуға бағытталған.
Компанияның жылдық шоғырландырылған түсімі 
1 803 млрд теңгеден асып, алдыңғы жылдың көрсеткішінен 0,6%-ға төмен болды, бұл негізінен уранның орташа спот бағасының төмендеуі салдарынан орташа сату бағасының төмендеуіне байланысты.

Операциялық пайда 778,98 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 3,44%-ға төмендеді. Жыл қорытындысы бойынша таза пайда 806,7 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылға қарағанда 29%-ға азайды.

Уран өндірісі 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсіп, 25,8 мың тоннаны (100% негізде) құрады.

Уран өндірісінің көлемі

25,8мың тонна

2025 жылы Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарына тиесілі жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша кен және минералдық ресурстар қоры 2024 жылмен салыстырғанда тиісінше 4,9% және 3,3%-ға қысқарды.

2025 жылы Қазатомөнеркәсіп уран өндіру бойынша әлемдегі жетекші орнын растап, бастапқы уран өндірудің әлемдік көлемінің шамамен 20%-ын қамтамасыз етті.

Уран өндірісі 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсіп, 25,8 мың тоннаны (100% негізде) құрады. Өсім өндіру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту нәтижесінде, оның ішінде «Буденовское» БК» ЖШС кен орнының жобалық қуатқа шығуы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл кен орны өнімінің елеулі бөлігі ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар аясында алдын ала резервтелген.
2025 жылы Компания өнімді тікелей, және Trade House KazakAtom AG еншілес құрылымы арқылы өткізді, нәтижесінде 8 елдегі 22 клиентке жеткізу қамтамасыз етілді (2024 жылы – 9 елдегі 21 клиент).

Шоғырландырылған сату көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға өсіп, 18,495 мың тоннаға жетті.

2025 жылы төртінші тоқсандағы және тұтастай алғанда жылдағы орташа сату бағалары уранның спот бағасының түзетілуіне байланысты 2024 жылдың сәйкес кезеңдерімен салыстырғанда төмендеді.

Сонымен қатар, спот бағалардың 14%-ға төмендеуі Компания көрсеткіштеріне шектеулі әсер етті: орташа сату бағасы 6%-ға ғана төмендеді. Мұндай динамика бекітілген бағалау элементтері бар ұзақ мерзімді келісімшарттарды қамтитын теңгерімді сату портфелімен, соның ішінде баға шектері белгіленген келісімшарттармен түсіндіріледі.

2025 жылы Компания коммерциялық қызметті дамытуды жалғастырып, жаңа клиентті тартуды және жаңа нарыққа шығу арқылы жеткізу географиясын кеңейтуді қамтамасыз етті.

Күкірт қышқылы зауытының құрылысы

Жылдық қуаты 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба Қазақстандағы күкірт қышқылы тапшылығын жоюға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Жоба заманауи өндірістік технологияларды енгізуді, халықаралық экологиялық және энергия үнемдеу стандарттарын сақтауды, сондай-ақ қосымша 30 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіруді көздейді.

Жобаны іске асыру жылына 4 млрд теңгеден астам салық түсімін қамтамасыз етіліп, 500-ге дейін жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жалпақ жерүсті өңдеу кешенінің құрылысы

Қазатомөнеркәсіп 2024 жылы оператор ретінде «Орталық» БК» ЖШС белгіленген Жалпақ кен орнында уран өндіруге жаңа келісімшарт алды. Құрамында ураны бар тауарлық десорбаттың күкіртқышқылды ерітіндіні алу үшін жылдық қуаты 900 тонна болатын жерүсті өңдеу кешенін салу жобасы іске асырылуда. Жоба уран өндіру көлемін ұлғайтуға және өндірістік әрі қайта өңдеу қуаттарын дамытуға бағытталған.

2025 жылы кешеннің негізгі объектілерінің құрылысы аяқталды, оның ішінде өндірістік және көмекші қондырғылар бар. Қазіргі уақытта кешенді жобалық қуатқа шығару жұмыстары жүргізілуде, оның бірінші кезеңіне 
(500 тонна) 2026 жылы қол жеткізу жоспарланған.

Жобаны іске асыру өңірдің дамуына оң әсерін тигізіп, шамамен 260 жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ бюджетке қосымша салық түсімдерін әкеледі.

Қазақстандық ядролық отынды жеткізу

2025 жылы «Үлбі‑ТВС» ЖШС құрамында 200 тоннадан астам төмен байытылған ураны бар жылу бөлетін жинақтардың (ЖБЖ) бес партиясын жеткізуді сәтті жүзеге асырды. Барлық жеткізілген ЖБЖ қабылдау бақылауынан өтті және оны ҚХР-дағы атом электр станциясы қабылдады.

CGNPC тобының атом электр станцияларына жеткізілімдер қолданыстағы келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес 
2040 жылға дейін жалғастырылады.

Қазақстандық ядролық отын өндірісі
Қазатомөнеркәсіп өндірістік желісі

Сирек және сирек жер металдарының дамуы

Әлемдік нарықта сыни минералдарға сұраныстың өсуі жағдайында Қазатомөнеркәсіп сирек және сирек жер металдары сегментіндегі қызметін кеңейтуде.

2025 жылы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы учаскелерде барлау жұмыстарын жүргізуге лицензиялар алды. Жұмыстар сирек металдар қорларын бағалауға және растауға бағытталған.

2022–2029 жылдарға арналған сирек металдар және сирек жер металдарын дамыту бағдарламасы аясында Қазатомөнеркәсіп уран өндірісінің аралық өнімдерінде кездесетін сирек металдарды ілеспе алу мүмкіндіктерін зерттеуде.

Есепті жылы:

  • техникалық тазалықтағы аммоний перренатын алу технологиялық процесі бойынша сынақтар жүргізілді;
  • селен өндіру және иттрийді бөліп алу технологияларын әзірлеу басталды.

Бұл бастамалар сирек металдарды өндіру әлеуетін бағалауға және оларды уран өндіру процесі кезінде ілеспе түрде алу технологияларын әзірлеуге бағытталған.

Тұрақты даму

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тұрақты даму жүйесін дәйекті түрде дамытып, ESG қағидаттарын корпоративтік қызметке интеграциялауды күшейтуде.

2025 жылғы тамызда Компанияның тұрақты даму саласындағы корпоративтік саясаты жаңартылып, бекітілді. Құжат компания қызметінің негізгі мақсаттарын, қағидаттарын және басым бағыттарын айқындайды.

2025 жылғы желтоқсанда климаттық тұрақтылық саласындағы Саясат бекітіліп, климаттық тәуекелдерді басқару және қоршаған ортаға әсерді төмендету бойынша стратегиялық тәсілдер айқындалды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Компания ESG көрсеткіштерін жақсартты. S&P Global халықаралық агенттігі Қазатомөнеркәсіпке CSA бойынша 50/100 деңгейінде баға берді, ал жалпы ESG рейтингі 51 балды құрады.

S&P Global CSA бағасы өткен жылмен салыстырғанда 2 балға өсіп, салалық орташа көрсеткіштерден шамамен екі есе жоғары деңгейде қалыптасты. Бұл Компанияның көшбасшылық позициясын және тұрақты даму стратегиясының тиімділігін растайды.

2026 жылға арналған жоспарлар

Компанияның 2026 жылға арналған жоспарлары нарықтық конъюнктурасына бейімделген және бизнестің теңгерімді дамуын көздейтін стратегияға сәйкес қалыптастырылған.

Өндірістің өсуі өндіру көлемдерін кезең-кезеңімен арттыру есебінен қамтамасыз етіледі деп күтілуде, соның ішінде «Буденовское» БК жобалық қуатқа шығуы нәтижесінде. Оның өнімдері 2024–2026 жылдар кезеңіне ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар аясында толық келісімшартталған.

Басқа кәсіпорындардағы қосымша өндіріс көлемдерін қорлардың оңтайлы деңгейін қалыптастыру және қолдау мақсатында бағыттау жоспарлануда.

Бұл тәсіл Компанияға келісімшарттық міндеттемелерді сенімді орындауға, жеткізілімдердің тұрақтылығын сақтауға және сұраныс пен ұсыныс теңгерімсіздігі сақталатын нарық жағдайында мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тау-кен металлургия өнеркәсібі

«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ 2009 жылы құрылған. Компания тау-кен саласында ұлттық мүдделерді білдіреді және жетекші халықаралық әріптестер мен инновациялық технологияларды тарта отырып, елдің жер қойнауының әлеуетін барынша ашуға ұмтылады.

Компания төмендегі мақсаттар үшін құрылған:

  • пайдалы қатты қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және өткізу саласында жер қойнауын пайдалану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ету;
  • тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының қоғамға берілетін акциялар пакеттерін тиімді басқару;
  • республиканың минералдық-шикізат базасының өсімін молайту.

Тау-Кен Самұрық геологиялық барлау, өндіру және өндірістік жобаларды басқарады және жүзеге асырады.

Тау-кен металлургия кәсіпорнының қызметкері

2025 жылдың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш20242025
Өндірістік көрсеткіштер, тонна:
Алтын өндірісінің көлемі54,657,0
Күміс өндірісінің көлемі6,15,8
Алтынды өткізу көлемі56,557,0
Күмісті өткізу көлемі6,15,8
Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:
Түсім1 263,31 941,5
Дивидендтер--
Таза пайда70,5122,7
Шығындар1 2581 932
Операциялық пайда5,99,9
Таза қарыз58
Төленген салық көлемі1,191,69
Табыс салығы, төленген0,50,36
Басқа салықтар мен төлемдер0,61,3
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Атмосфераға шығарындылар, тонна73,7948,65
Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер)00
Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар)00

Алтын өндірісінің көлемі

57тонна

Күміс өндірісінің көлемі

5,8тонна

Есепті 2025 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ Компанияның 2024–2033 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес қызметін жүзеге асырып, ресурстық базаны кеңейтуге, қатты пайдалы қазбалар сегментіндегі жобаларды дамытуға, стратегиялық серіктестерді тартуға және активтерді басқару тиімділігін арттыруға күш-жігерін бағыттады.

Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша келесі негізгі бағыттар мен маңызды іс-шараларды атап өтуге болады:

Минералдық‑шикізат базасын толықтыру:

  • Нұра-Талды кен орнын барлау және өндіру бойынша лицензиялар алуға алдын ала мақұлдау алынды және геологиялық барлау жұмыстарын бастауға дайындық жүргізілді;
  • Компанияның перспективалы активтері бойынша, оның ішінде Жосабай, Қаратас және Құйрықтыкөл жобалары аясында геологиялық барлау жұмыстары басталып, ресурстардың алдын ала бағалауы жүргізіліп, ресурстық модельдер қалыптастырылды;
  • «Қазгеология» АҚ қызметі толық қалпына келтірілді. Барлық геологиялық барлау жұмыстарын Компания өз күшімен жүргізуде.

Серіктестермен бірлескен жобаларды іске асыру:

2025 жылы Компания стратегиялық серіктестермен бірлесіп жобаларды дамыту бойынша жұмысты күшейтті:

  • Кемпірсай массивінде никель-кобальт кластерін қалыптастыру бойынша «КазМеталГрупп» ЖШС-мен бірлескен кәсіпорын құрылды, бұл жоба кейіннен гидрометаллургиялық өндіріс салуды көздейді;
  • Treasure Limited жобасы аясында серіктеспен бірлесіп алтын өндіру жобалары іске асырылуда, олар алтын өндіру кластерін қалыптастыруға және жер қойнауын пайдалану лицензияларын алуға бағытталған;
  • Солтүстік Катпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын игеру жобасы бойынша Cove Kaz Capital Group инвесторымен келісімге қол қойылды, ол инвестордың жобаға қатысу шарттарын пысықтауды және транзакциялық құжаттарды дайындауды көздейді.

Инвестициялық портфельді басқару:

  • активтер портфелі оңтайландырылып, оның ішінде бейінді емес активтер шығарылды.

Институционалдық және реттеушілік дамыту:

  • жер қойнауын пайдалану саласында Компанияның басым құқығын қайтаруға бағытталған заңнамалық өзгерістер бастамаланған.

Корпоративтік басқару:

2025 жылы тәуелсіз кеңесшіні тарта отырып, Компанияның корпоративтік басқару жүйесіне тәуелсіз бағалау жүргізілді. Нәтижелеріне сүйене отырып, корпоративтік басқарудың жетілу деңгейі «BB» деңгейінен «BBB» деңгейіне дейін көтерілді, бұл тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ашықтық және тұрақты даму жүйелерінің дамуын көрсетеді.

Сондай-ақ, компания ESG тәжірибесін одан әрі жетілдіру жоспарын әзірледі.

Аффинаж зауыты

2025 жылы аффинаж зауыты алтын өндіру көлемін 57 тоннаға дейін ұлғайтты, ал күміс өндірісі 5,8 тоннаны құрады. Өсім өндірістік процестердің операциялық тиімділігін арттыру және қайта өңдеу қуаттарының тұрақты жүктелуі есебінен қамтамасыз етілді.
Зауыт өнімі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді және London Bullion Market Association (LBMA) тарапынан сертификатталған. Бұл жеткізілімдердің сенімділігін қамтамасыз етіп, зауыттың қайта өңдеу секторындағы позициясын нығайтады.

Сирек металдар мен сирек жер элементтері секторының дамуы

Компанияның сирек металдар мен сирек жер элементтері секторын дамытуға бағытталған негізгі жобалары минералдық‑шикізат базасын толықтыру және серіктестік бастамалар аясында іске асырылуда. 2025 жылы Нұра-Талды кен орны бойынша (бериллий бағыты) лицензия алу үшін алдын ала келісім алынды, сондай-ақ Құйрықтыкөл жобасы бойынша сирек жер элементтері ресурстарын бағалау мақсатында геологиялық барлау жұмыстары басталды. Сонымен қатар Кемпірсай массивінде никель‑кобальт кластерін қалыптастыру мақсатында, кейіннен гидрометаллургиялық өндіріс салуды көздейтін, «ҚазМеталГрупп» ЖШС‑мен бірлескен кәсіпорын құрылды.

2026 жылға арналған жоспарлар

Алдағы кезеңде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Даму стратегиясын іске асыруды жалғастырады. Негізгі күш-жігер геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге, стратегиялық серіктестерді тартуға және инвестициялық портфельді оңтайландыруға бағытталады.
Аталған іс-шараларды іске асыру активтердің құнын арттыруға және Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенін дамытудағы Компания рөлін нығайтуға бағытталған.