Энергетика

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

«Самұрық-Энерго» АҚ — Қазақстан Республикасының халықаралық энергетикалық теңгерімге табысты интеграцияланған, акционерлер үшін құн қалыптастыратын және елдің барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы генерациялаушы қуаттарды жаңғырту мен жаңаларын енгізу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған, жоғары тиімді энергиямен жабдықтау жүйесін қалыптастыруға бағдарланған ең ірі көпсалалы энергетикалық холдинг болып табылады. Қазақстанның белгіленген қуаттылығындағы Самұрық-Энерго үлесі 31,1% 
және көмір өндірудегі үлесі 39%-ды құрайды.

Орнатылған қуат

7 885МВт

«Самұрық-Энерго» су электр станциясы

2025 жылдың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш20242025
Өндірістік көрсеткіштер:
Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВт·сағ39 77240 436
Қуатты іске асыру көлемі, МВт3 5943 836
Жылу энергиясын өндіру көлемі, млн Гкал6,77,2
Электр энергиясын беру көлемі, млн кВт·сағ9 2599 947
Көмір сату, млн тонна33,744,4
Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:
Түсім573,5752,8
Дивидендтер24,820,6
Таза пайда112,5154,8
Операциялық пайда173,0225,8
Таза қарыз278,1495,7
Төленген салық көлемі81,4102,6
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Парниктік газдар шығарындылары, мың тонна CO2-балама32 69935 065
Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер)12 (31)6 (7)
Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар)3 (3)3 (3)

2025 жылы «Самұрық‑Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 40 436 млн кВт·сағатты құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артты. Бұл көрсеткіш операциялық қызметтің тұрақтылығын және өндірістік қуаттардың жоғары деңгейде жүктелуін айғақтайды.

Өндіріс көлемдері және қаржылық көрсеткіштердің өсуі негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруды қамтамасыз етті.

Есепті кезеңде жөндеу науқаны толық көлемде орындалды, бұл энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымынан сәтті өтуге мүмкіндік берді.

Самұрық-Энерго электр станциясы

Жаңа генерация құрылысы

Ұзақ мерзімді энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін 2035 жылға қарай генерациялық қуатты 11,4 ГВт-қа, оның ішінде алдағы үш жылда 4,9 ГВт-қа кеңейту жоспарлануда.

2025 жылы «Самұрық‑Энерго» АҚ генерацияның барлық бағыттары бойынша негізгі жобаларды іске асыруды жалғастырды.

Газ генерациясы

Есепті жылы жобалар бойынша келесі іс-шаралар жүзеге асырылды.

Алматы ЖЭО‑2‑ні газдандыру:
  • Siemens Energy газтурбиналық қондырғысының (ГТҚ) бірінші және екінші агрегаттарына генераторлары мен турбиналарын орнату жұмыстары аяқталды;
  • жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) «Мемсараптау» РМК оң қорытындысын алып, кейін ЕҚДБ және АДБ тарапынан 50,3 млрд теңге көлемінде қаржыландыруға қолдау тапты.
Алматы ЖЭО‑3‑ті газдандыру:
  • алаңға Ansaldo Energia компаниясынан екі турбина және генератор жиынтығы жеткізілді;
  • ЖСҚ әзірлеу аяқталып, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту үшін «Мемсараптау» РМК порталына жіберілді.

ЖЭО‑2 мен ЖЭО‑3 құрылыстарын аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, 2025 жылы Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт бу-газ электр станциясын салу бойынша UCC компаниясымен келісімге қол қойылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылы басталады деп күтілуде.

Көмір өндіру жобалары

2025 жылы көмір генерациясын жаңғырту және кеңейту жобаларын іске асыру жалғастырылды.

Екібастұз МАЭС‑2‑ні кеңейту және қайта жаңғырту (№3 және №4 блоктарды орнату)

Жоба техникалық‑экономикалық негіздеме бойынша «Мемсараптау» РМК оң қорытындысын алды. 2025 жылдың мамыр айында EPC-келісімшарты жасалып, жобаны іске асырудың белсенді кезеңіне өтуге мүмкіндік берді. Алаңда дайындық жұмыстары басталып, негізгі энергетикалық жабдықтарды жеткізуге шарттар жасалды. Энергоблоктарды іске қосу мерзімдері 2028 және 2030 жылдарға белгіленіп, EPC-келісімшартта бекітілді.

Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу

Алдын ала әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелердің (ТЭН) нәтижелері бойынша ҚР Энергетика Министрлігімен келісімдер жасалды.

Су электр станцияларын салу жобалары

Катарлық Nebras Power инвесторымен бірлесіп қуаты 300 МВт Семей СЭС салу жобасы іске асырылуда. Нысан Шүлбі СЭС-тің контрреттегіші функциясын атқарып, оның жұмысының маневрлілігі мен икемділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында Ертіс өзенінде жаңа су қоймасы құрылуы көзделген. Алдын ала ТЭН әзірлеу аяқталды.

Шүлбі СЭС-тің екінші кезегін салу жобасы қолданыстағы бөгетті ұлғайтуды және орнатылған қуатты 702 МВт-тан 1050 МВт-қа дейін арттыруды көздейді. Жоба аясында «Гидропроект институты» АҚ және «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС консорциумынан ТЭН әзірлеу қызметтерін сатып алу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Power Central Asia+China энергетикалық форумында Қазақстандағы алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу жобасы бойынша «Қытай халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясы» мемлекеттік компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ CSPGI компаниясымен ынтымақтастық және жобаны бірлесіп әзірлеу туралы келісімдерге қол жасалды.

ЖЭК жобалары

Total Eren, Masdar, Energy China, CNPC және CPIH компанияларымен бірлескен ауқымды жобаларды іске асыру жалғасуда.

Экономиканы көміртексіздендіру жөніндегі ұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін «Самұрық‑Энерго» АҚ жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында ірі жобаларды халықаралық серіктестермен бірлесіп, оның ішінде үкіметаралық келісімдерде көзделген жобаларды іске асыруда.

Қазіргі уақытта жел электр станцияларын салу бойынша келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  • Жамбыл облысында — TotalEnergies Renewables S.A.S. (Франция) және Masdar (БАӘ) компанияларымен;
  • Павлодар облысында — China Power International Holding Ltd компаниясымен;
  • Қарағанды облысында — Energy China компаниясымен бірлесіп.

Түркістан облысында Energy China компаниясымен бірлесіп іске асырылатын қуаты 300 МВт күн электр станциясын энергия сақтау жүйесімен бірге салу жобасы бойынша 2025 жылғы 15 желтоқсанда ресми түрде құрылыс басталғанын білдіретін естелік капсула салу рәсімі өтті, сондай-ақ жобаны іске асыру бойынша EPC-келісімшартқа қол қойылды.

Сонымен қатар жел энергетикасы объектілерін жобалау жүргізілуде, соның ішінде:

  • Ұлытау облысында — CNPC-пен ынтымақтастықта;
  • Қарағанды және Алматы облыстарында — Power China компаниясымен бірлесіп.

Осылайша, 2030 жылға қарай су электр станцияларын қоса алғанда, 4,7 ГВт жаңартылатын энергия көздері объектілерін іске қосу жоспарланып отыр, бұл елдің төмен көміртекті энергетикалық теңгерімін қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Богатырь Көмір

«Богатырь Көмір» ЖШС — ашық тәсілмен көмір өндіру саласындағы жетекші көмір өндіруші кәсіпорын. Компанияның жалпы өндірістік қоры шамамен 2,3 млрд тонна көмірді құрайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз бассейнінде өндірілетін көмірдің 54%-ын және жалпы қазақстандық өндірістің 38%-ын қамтамасыз етеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Рефтинская МАЭС-ті қоса алғанда, Қазақстан мен Ресейдің ірі жылу электр станциялары үшін сенімді энергетикалық серіктес болып табылады және 6,5 мыңнан астам қызметкерді жұмыспен қамтиды.

2025 жылы 45,3 млн тонна көмір өндірілді. Көмір сату көлемі 44,4 млн тоннаны құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына — 34,4 млн тонна, Ресей Федерациясына экспортқа — 9,9 млн тонна сатылды.

Богатырь Көмір роторлы экскаваторы

Тұрақты даму

«Самұрық‑Энерго» АҚ тұрақты даму қағидаттарын операциялық қызметке және корпоративтік басқаруына жүйелі түрде енгізуді жалғастыруда. Басым бағыттар ретінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, шығарындыларды азайту және экологиялық тиімділікті арттыру айқындалған.

Компания 2025–2026 жылдарға арналған «Самұрық‑Энерго» АҚ тұрақты даму жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасын бекітті. Құжат экологиялық және әлеуметтік қызметтің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды көздейді. Іс-шаралар корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасы мен жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер жүргізген ESG-процестерді бағалау нәтижелерін ескере отырып қалыптастырылған.

2025 жылы «Самұрық‑Энерго» АҚ тұрақты даму саласындағы позициясын нығайтып, Sustainable Fitch халықаралық агенттігінің ESG рейтингі бойынша «3» деңгейін иеленді және жиынтық ұпайын 52-ден 57-ге дейін арттырды. Бағалау шкаласына сәйкес (мұнда 1 — ең үздік, 5 — ең төмен нәтиже) Компания көрсеткіштері келесідей: «Экология» — «2», «Әлеуметтік аспект» — «3», «Басқару» — «2». Бұл компанияның экологиялық саясатының дамуын, жергілікті және халықаралық әлеуметтік стандарттарды сақтауын және корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін көрсетеді.

Сонымен қатар, Компанияға Climate Disclosure Project (CDP) климаттық рейтингі бойынша «Климаттың өзгеруі» және «Су қауіпсіздігі» бағыттары бойынша «D» деңгейі берілді, бұл ашықтықты арттыру және климаттық есептілікті жетілдіру үшін негіз қалайды.

2026 жылға арналған жоспарлар

2026 жылы Компания халықаралық серіктестермен бірлесіп, жел және күн электр станцияларын салуды қоса алғанда, бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Алматы ЖЭО-ларын газға көшіру жобалары аясында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімдерде аяқтау жоспарлануда.

Екібастұз МАЭС-2-нің №3 және №4 энергоблоктарын салу жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға «Мемсараптау» РМК-ның оң қорытындысын алу, сондай-ақ бас корпус металл конструкцияларын монтаждауды аяқтау күтілуде.

Сонымен қатар, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобаларын пысықтау және іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ бірқатар алаңдарда дайындық құрылыс-монтаж жұмыстарының бастау жоспарланған.

Бұдан бөлек, 2026 жылы халықаралық серіктестермен өзара ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында жобаларды тарту және қаржыландыру жұмыстарын жалғастыру көзделген.

«Самұрық-Энерго» өндіруші қуаттары

«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ - «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) Қазақстанның Ұлттық электр желісін басқаратын және ұлттық электрмен жабдықтауды басқару мен реттеуде орталық рөл атқара отырып, елдің Бірыңғай энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы мәртебесіне ие негізгі ұйым болып табылады.

Электр энергиясын жеткізу

18,39млрдкВт·сағ

KEGOC ұлттық электр желісі

2025 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш20242025
Өндірістік көрсеткіштер:
Электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт·сағ18,9618,39
СЭЖ пайдалану бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт·сағ74,9378,05
Техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт·сағ110,89116,75
Теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт·сағ210,3228,30
Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:
Түсім319,9397,7
Дивидендтер44,544,6
Таза пайда59,570,8
Шығындар228,3288,1
Операциялық пайда79,995,8
Таза қарыз62,173,2
Төленген салық көлемі48,050,4
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының жалпы көлемі (1 және 2-ауқым), млн тонна CO₂-балама2 366,72 390,8
Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер)02 (4)
Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар)02 (4)

Есепті кезеңде «KEGOC» АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) сапалы жұмысын және ел тұтынушыларын электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуді жалғастырды. 2025 жылы елдегі электр энергиясын тұтыну көлемі 124,576 млрд кВт·сағатты құрап, 2024 жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға артты. Компанияның таза пайдасы 70,8 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 11,3 млрд теңгеге немесе 19%-ға жоғары болды.

KEGOC қосалқы станциясына техникалық қызмет көрсету

Инвестициялық қызмет

2025 жылы «KEGOC» АҚ келесі маңызды жобаларды іске асыруды жалғастырды: «Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік нысандар құрылысы» және «Қазақстанның Батыс энергия жүйесін БЭЖ-мен біріктіру. Электр желісі объектілерінің құрылысы».

Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жобасы Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 500 кВ электр желілерін күшейту, оның ішінде Шу–Жамбыл–Шымкент 500 кВ әуе желісін салу және 3 электр қосалқы станциясын кеңейту арқылы Оңтүстік энергетикалық аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.

«Қазақстанның Батыс энергия жүйесін БЭЖ-мен біріктіру. Электр желісі объектілерінің құрылысы». Қазақстанның Батыс энергия жүйесін БЭЖ-мен біріктіру жобасы Батыс аймақты Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің негізгі бөлігімен біріктіру мақсатында ұзындығы 604,3 км болатын 500 кВ Қарабатан ҚС – Үлке ҚС екінші желісін салуды көздейді.

Жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс өндірісі кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда.

Жаңа технологиялар

Есепті кезеңде «KEGOC» АҚ SCADA/EMS жүйесін жаңғыртуды жалғастырды, оның ішінде 2025 жылғы желтоқсанда «Синхрондалған технологиялар негізінде WAMS мониторинг жүйесін енгізу (2-кезең)» жобасы бойынша жұмыстар аяқталды: 59 бақыланатын WAMS қосылыстары (МЭС-тің 7 филиалында 21 қосалқы станцияда) қосылды, бұл деректер сапасын және жұмыс режимдерінің бақылануын арттырды.

WACS басқару жүйесін кеңейту жобасын іске асыру басталды. Бұл жобалар диспетчерлік басқарудың тиімділігін арттыруға, энергетикалық жүйенің тұрақтылық қорларын бақылауға, Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің жағдайын бағалауға және төтенше жағдайларды басқару функцияларын кеңейтуге бағытталған.

2025 жылы «Қазақстанның БЭЖ-де электр энергиясын сақтау жүйелерін енгізу» пилоттық жобасы жалғастырылды. Жоба China Power International Development Limited, China Power International Holding Limited және «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп іске асырылуда. Жоба аясында қуаты 3,45 МВт және сыйымдылығы 7,72 МВт·сағ электр энергиясын сақтау жүйесін орнату жоспарланған.

KEGOC электр желілік инфрақұрылымын жаңғырту KEGOC көшпелі бригадасы

Тұрақты даму

S&P Global компаниясының тәуелсіз бағалауына сәйкес, KEGOC компаниясының 2025 жылғы ESG рейтингі 100-ден 62 болды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7 ұпайға және 2023 жылмен салыстырғанда 11 ұпайға өскен.
Көрсеткіштің өсуі ESG факторларын Компанияның стратегиясы мен операциялық қызметіне жүйелі енгізуді, корпоративтік басқару тәжірибелерін, әлеуметтік жауапкершілік пен ақпарат ашықтығын дамыту деңгейін көрсетеді.

2026 жылға арналған жоспарлар

«KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісінің сенімділігін, тұрақтылығын және технологиялық жаңғыртылуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруды жалғастырады.

Алдағы кезеңде Компания инвестициялық бағдарламаны белсенді іске асыру кезеңіне өтеді. Оның ішінде: Батыс энергия жүйесін Қазақстанның БЭЖ-мен интеграциялауды аяқтау, Оңтүстік аймақтың желілік инфрақұрылымын күшейту және озық техникалық шешімдерді қолдана отырып өңірлердегі электр желілік объектілерді жаңғырту көзделеді.

Басты басымдықтар ретінде желінің өткізу қабілетін арттыру, мониторинг және басқару бойынша цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ энергетикалық жүйенің технологиялық және нарықтық өзгерістерге төзімділігін күшейту айқындалған.

«KEGOC» АҚ дәстүрлі, маневрлік және төмен көміртекті генерацияны қоса алғанда, жаңа генерация қуаттарын дамыту үшін қажетті жағдай қамтамасыз етуді жалғастырады. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесінің өсуіне желілік инфрақұрылымның дайындығына ерекше назар аударылады.

Компания сондай-ақ электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерін Ұлттық электр желісіне қосу тетіктерін және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді қамти отырып, электр энергиясы нарығы моделін жетілдіруге белсенді қатысуды жоспарлап отыр.

2026 жылы негізгі назар инвестициялық бағдарламаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, операциялық тиімділікті арттыруға және мемлекеттік органдармен, инвесторлармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатын болады.