Көлік және логистика

Көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ұлттық жүк және жолаушылар тасымалдаушысы қызметін атқара отырып, Қазақстан Республикасының басты теміржол желісінің негізгі көліктік-логистикалық холдингі және операторы болып табылады.

Компания елдің 17 облысын және республикалық маңызы бар үш қаланы байланыстыра отырып, сондай-ақ көршілес бес мемлекетпен - Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанмен 16 түйісу пункті арқылы көлік байланысын қамтамасыз ете отырып, экономикалық интеграцияда орталық рөл атқарады.

ҚТЖ локомотивтер мен вагондардың ең ірі паркіне ие және Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.

Жүк айналымы (пайдаланатын)

291,3млрдт-км

Станциядағы жолаушылар пойызы

2025 жылдың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш20242025
Өндірістік көрсеткіштер:
Жүк айналымы (пайдаланатын), млрд т-км272,1291,3
Жолаушылар айналымы, млрд ж-км11,711,4
Транзиттік тасымалдар, млн тонна27,533,0
Қаржылық көрсеткіштер27, млрд теңге:
Түсім2 163, 92 757,1
Таза пайда157,8339,9
Шығындар2 071,52 506,5
Операциялық пайда409,8671,8
Таза қарыз2 7063 349,4
Төленген салық көлемі144,9198,2
Тұрақты даму көрсеткіштері:
Парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының жалпы көлемі (1 және 2-ауқым), мың тонна CO2-балама5 0585 236
Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер)21 (27)18 (27)
Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар)828(9)2 (5)
Қызметкерлер саны117 681118 506

2025 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ тұрақты дамуын жалғастырып, көлік-логистика саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Транзиттік тасымалдар көлемі 20,3%-ға артып, 33 млн тонна деңгейіндегі рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл іске асырылып жатқан стратегияның тиімділігін көрсетіп, Қазақстанның өңірдегі негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.

Есепті жылы Компания инфрақұрылымды жаңғыртуға және жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталған ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асырды.

2025 жылы несиелік келісімдер бойынша тартылған қаржыландырудың жалпы көлемі, 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы айырбас бағамы бойынша 1 256 миллиард теңгеге баламалы, 623,3 миллиард теңгені құрады. Нақты міндеттемелер (ішінара игеруді қоса алғанда) 623,3 миллиард теңгені құрады.

Қарыз жүктемесінің артуы инвестициялық сипатқа ие және ұзақ мерзімді инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен байланысты.

Локомотив жанындағы теміржол қызметкерлері
  1. 2024 және 2025 жылдарға арналған қаржылық көрсеткіштер Компанияның аудиттелген қаржылық есептілігі деректеріне сәйкес келтірілген.
  2. Көрсеткіш сот талқылауының қорытындысы бойынша (2025 жылғы қазан) түзетілді: 22.03.2024 жылғы жол-көлік оқиғасы еңбек қызметіне байланысты жағдайлар қатарына жатқызылды.

Қаржылық тұрақтылық

Көрсеткіш2024 (нақты)2025 (нақты)2026 (жоспар)2027 (жоспар)2028 (жоспар)2029 (жоспар)2030 (жоспар)
Қарыз/EBITDA4,803,73,383,512,932,572,23
EBITDA/% бойынша шығындар3,233,945,554,994,855,936,54
Қарыз/Капитал1,461,51,801,611,241,010,85

Компанияда қызмет тиімділігін арттыруға және қаржылық жағдайды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда. Негізгі бастамалар инфрақұрылым және жылжымалы құрамды жаңғыртуды, шығындар мен бизнес-процестерді оңтайландыруды, сондай-ақ табыс базасын ұлғайтуды қамтиды.

Аталған шараларды іске асыру операциялық қызметті кеңейтуге және қаржылық нәтижелерге, оның валюта бағамдарының ауытқуы сияқты сыртқы факторлардың әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қаржылық тұрақтылық халықаралық агенттіктердің инвестициялық рейтингтерімен де расталады: Moody’s — Baa2, Fitch Ratings — BBB.

Тарифтік саясат және реформалар

2024–2026 жылдар кезеңінде магистральдық теміржол мен локомотивтік тарту қызметтеріне тарифтерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін тарифтік реформа аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және инвестициялық бағдарламаны қолдауға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастырды.

2025 жылғы 28 қаңтардағы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Компания мемлекеттік органдармен бірлесіп Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытуға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды бастады. Бұл тарифтік саясатты кезең-кезеңімен түзетуді талап етеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалдарына реттелетін тарифтердің өсімі 27,9%-ды құрап, бірнеше кезеңмен жүзеге асырылды: 1 қаңтардан бастап тарифтер 2,6%-ға артты, 1 мамырдан бастап — 35%-ға, ал 1 маусымнан бастап жүк теміржол тасымалдары кезінде локомотивтік тарту қызметтері бойынша коэффициенттер 14,2%-ға түзетілді.

Қабылданған шаралар Компанияның негізгі операциялық және қаржылық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Соңғы үш жылда жүк айналымы 8%-ға өсіп, 291,3 млрд ткм-ге жетті, ал түсім 42,6%-ға артып, 2 757 млрд теңгені құрады, бұл жүргізіліп отырған тарифтік саясаттың тиімділігін және оның Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлін растайды.

Сонымен қатар, халықаралық PwC консалтингтік компаниясының қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа тарифтік әдіснамаға көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұжырымдамада тариф құрылымын жеңілдету, жүк дифференциациясын төрт класқа дейін төмендету, пайдасыз жөнелтімдерге тарифтерді шығындарды өтеу деңгейіне дейін біртіндеп арттыру және инфляция диапазонында пайдалы жөнелтімдерге тарифтердің орташа өсуін сақтау көзделген. Бұл модельді енгізу тарифтік реттеудің ашықтығын арттырады және нарыққа қатысушылар үшін болжамдылықты қамтамасыз етеді.

ҚТЖ заманауи локомотиві

Инфрақұрылымды жаңғырту

Көлік‑логистика жүйеcін дамыту және елдің транзиттік әлеуетін нығайту мақсатында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда.

Елдің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру және көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық қаңқасын қалыптастыру үшін «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол учаскелерін салу, Алматы қаласын айналып өтетін желі, сондай-ақ Ақтау портында халықаралық контейнерлік хаб салу бойынша бірқатар ірі теміржол жобалары іске қосылды.

2025 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Мемлекет басшысы жалпы ұзындығы 836 км болатын Достық – Мойынты теміржолының екінші желісін іске қосуға рәсімдік старт берді. Екінші желіні пайдалануға енгізу жүк пойыздарының қозғалыс қарқындылығын тәулігіне 12 жұптан 60 жұпқа дейін, яғни бес есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2025 жылғы желтоқсанда Ақтау портындағы халықаралық контейнерлік хабтың бірінші кезегінің құрылысы аяқталды.

Келесі инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылыс іске асырылуда:

  • Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы, аяқталуы — 2026 жыл;
  • «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы, аяқталуы — 2026 жыл;
  • Қазақстан‑Қытай шекарасында «Бақты» үшінші шекаралық теміржол өткелін салу, «Семей – Ақтоғай» қолданыстағы теміржол учаскесіне шығумен («Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы» жобасы), аяқталуы — 2027 жыл.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша 2025 жылы басталған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда:

  • Мойынты – Қызылжар жаңа теміржол желісін салу, аяқталуы — 2026 жыл;
  • Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін қос жолды теміржол желісіне жаңғырту;
  • Қызылжар – Сексеуіл, Ақсу‑1 – Дегелең – Жаңа Семей, Қандыағаш – Тобыл, Никельтау – Әлімбет, Шалқар – Бейнеу учаскелерінде автоблоктау жүйесін салу.

Іске асырылып жатқан жобалар басым бағыттар бойынша өткізу қабілетін арттыруға және Қазақстан Республикасының транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Жолаушылар тасымалы

2025 жылы теміржол көлігінің жолаушылар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеп, жалпы жолаушылар айналымының 18%-ын құрады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және сапар жағдайларын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қазақстанның теміржол желісінің ауқымдылығын ескере отырып, сервисті дамыту жолаушылар тасымалының бәсекеге қабілеттілігін сақтаудың маңызды факторы болып қала береді.

Есепті жылы вагон паркін жаңарту жалғастырылды, бұл сапар шарттарын жақсартуға және жолаушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Компания клиенттердің қалауларын жүйелі түрде зерттеп, кері байланыстың тиімді тетігін қолдайды, ал көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты өтініштер мен шағымдар сервисті одан әрі жетілдіру мақсатында қарастырылады.

Қалалық теміржол желісіндегі жолаушылар пойызы

Көлік түрлері бойынша 2025 жылы Қазақстанның жолаушылар айналымы, млн ж-км

Қазақстандағы көлік түрлері бойынша жолаушылар айналымы: 2025 және 2024 жылдардағы мәндер мен үлестер

Жолаушылар айналымы, млн ж-км

Барлық көлік
88 916,982 785,7+7,4%
Автомобиль және қалалық электр көлігі
43 158,938 306,8+12,7%
Әуе көлігі
29 960,328 275,7+6%
Темір жол көлігі
15 792,916 198,2-2,5%
Су көлігі
4,74,4+6,8%
Теңіз көлігі
0,10,6-83,3%
20252024

Жалпы жолаушылар айналымының үлесі, %

202548,5%33,7%17,8%
202419,57%46,27%34,16%
Автомобиль және қалалық электр көлігіӘуе көлігіТемір жол көлігі

Компанияның жолаушылар айналымы 2025 жылы 
2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеп, 11 408 млн ж-км-ді құрады (2024 жылы – 11 719 млн ж-км). Жолаушылар айналымының төмендеуі жолаушылар теміржол тасымалдарының басқа көлік түрлерімен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуімен, сондай-ақ жекелеген учаскелерде жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты, бұл өз кезегінде техникалық себептерге байланысты қозғалыс кестесін және пойыздар рейстерін түзетуге әсер етті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жөнелтілген жолаушылар саны 13 269 мың жолаушыны құрады 
(2024 жылы – 13 796 мың), оның ішінде:

  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ қалыптастырған пойыздар бойынша – 13 026 мың жолаушы;
  • басқа теміржол әкімшіліктерінің пойыздары бойынша – 244 мың жолаушы.

2025 жылға жолаушылар тасымалынан түскен табыс 129,2 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы деңгейден 16,9%-ға жоғары болды. Өсім тарифтің көтерілуімен байланысты.

Жаңа бағыттар

2025 жылы Қоғам жолаушылар тасымалы маршруттық желісін дамыту жұмыстарын жалғастырып, жаңа бағыттарды іске қосуды және қолданыстағы маршруттарды оңтайландыруды жүзеге асырды.

Есепті кезеңде:

  • РТЖ пойыздарымен түйістіру арқылы Алматы – Мәскеу бағыты бойынша ауыстырмасыз вагондар қатынасы ұйымдастырылды;
  • Алматы – Қостанай жаңа пойызы енгізілді, сондай-ақ Астана – Орал маршруты оңтайландырылды;
  • Астана – Достық маусымдық пойызы іске қосылды;
  • Астана – Жезқазған пойызының маршруты Қызылорда станциясына дейін ұзартылды;
  • Алматы – Петропавл және Алматы – Ташкент бағыттарын қоса алғанда, негізгі бағыттар бойынша пойыздардың жүру жиілігі арттырылды (күн сайын);
  • 2021 жылдан бері 790 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен «Әйелдер вагоны» жобасының географиясы кеңейтілді;
  • жекелеген бағыттарды өзгерту және қысқарту арқылы маршруттық желі оңтайландырылды.

Сонымен қатар туристік теміржол тасымалдарын дамыту жалғастырылды. 2025 жылы 10 жаңа туристік пойыз іске қосылып, халықаралық бағыттар кеңейтілді. Атап айтқанда, Өзбекстан бағыттары ірі туристік орталықтарға – Бұхара мен Самарқандқа дейін ұзартылып, кешенді туристік өнім қалыптастыруға және халықаралық туризм үшін теміржол тасымалдарының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Есепті кезеңде туристік пойыздармен шамамен 
1 500 жолаушы тасымалданды, бұл тасымалдардың осы форматына тұрақты сұранысты және оның одан әрі даму әлеуетін растады.

Жыл қорытындысы бойынша Қоғамның туристік өнімі салалық деңгейде жоғары бағаланды: Компания «Magistral Awards» сыйлығының «Жылдың үздік өнімі» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды, бұл көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын және жолаушылар тасымалы мен теміржол туризмі саласында іске асырылған шешімдердің тиімділігін растады.

Жолаушылар үшін жайлы жағдайлар

2025 жылы ҚР жолаушылар теміржол паркі Петропавл қаласындағы зауытта өндірілген отандық 161 вагонмен толықты.

2025 жылы ҚР жолаушылар теміржол паркі Петропавл қаласындағы зауытта өндірілген отандық 161 вагонмен толықты. Олардың ішінде «Қарағанды – Астана» және «Астана – Бурабай курорты» бағыттары бойынша қатынай бастаған, жолаушыларға жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз ететін қала маңы қатынастарына арналған 
12 заманауи вагон бар.

ҚТЖ жолаушылар вагоны

Жүк тасымалы

2025 жылы барлық көлік түрлері бойынша жүк айналымы 584 312 млн тонна‑км-ді құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 13,6%-ға өсті.

Теміржол көлігі жүк тасымалдарында негізгі рөлін сақтап, елдің жалпы жүк айналымының 61,8%-ын қамтамасыз етті. Жыл қорытындысы бойынша теміржол көлігінің жүк айналымы 10,1%-ға артып, 361 265 млн тонна‑км-ге жетті.

Компанияның тарифтік жүк айналымы 288,8 млрд тонна‑км-ге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,4%-ға жоғарылады. Өсім барлық қатынас түрлері бойынша қамтамасыз етілді.

Қатынас түрлері құрылымында жүк айналымы келесідей қалыптасты:

  • Республикаішілік қатынаста 2024 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға өсім байқалды. Түсті кен мен қара металдардан басқа барлық жүк түрлері бойынша тасымал көлемдері артты;
  • Экспорт (шығару) бойынша жүк айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға өсті. Көмір, темір кені, астық, құрылыс материалдары, тыңайтқыштар және басқа да жүктердің (құрама жем, өсімдік майы, жемдік ұн) тасымалы ұлғайды;
  • Импорт (әкелу) бойынша жүк айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артты. Химия өнімдері, құрылыс жүктері, темір кені, қара металл сынықтары, мұнай өнімдері, қара металдар және басқа жүктердің (цемент, машиналар мен жабдықтар, автокөліктер мен қосалқы бөлшектер) тасымалы өсті;
  • Транзит бойынша өсім 19,6%-ды құрады. Ресейден Өзбекстанға темір кені, Ресейден Орталық Азия елдері мен Қытайға мұнай өнімдері, Ресейден Қытайға астық, Қытайдан Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Беларуське, сондай-ақ Ресейден Қытай мен Өзбекстанға химиялық жүктер, Тәжікстаннан, Ресей мен Өзбекстаннан Қытайға түсті кен, Қытай мен Ресейден Орталық Азия елдеріне қара металдар, Ресей мен Беларусьтен Орталық Азияға ағаш материалдары, сондай-ақ Қытай – Ресей – Қытай, ТХТМ және Қытай – Орталық Азия – Қытай бағыттары бойынша контейнерлік тасымалдар артты.
ҚТЖ жүк терминалы

Баламалы тасымалдау бағыттары

Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілеті жылына шамамен 6 млн тоннаны, оның ішінде 80 мыңға дейін контейнерді құрайды.

2025 жылы маршрут бойынша транзиттік тасымалдар көлемі 0,8 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артты. Контейнерлік тасымалдар 41,5 мың ЖФБ-ны құрап, 2024 жылғы деңгейден 14,7%-ға жоғары болды.

Маршрут серіктестерімен бірлесіп жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Қазіргі таңда ТХКБ бойынша жеткізу мерзімі Грузия порттарына дейін орташа есеппен 15–18 тәулікті құрайды, бұл 2021–2022 жылдармен салыстырғанда екі есе жылдам. Мерзімді 10–12 тәулікке дейін тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Есепті жылы Қытайдан жөнелтілім географиясы кеңейтіліп, Ухань және Шэньчжэнь провинцияларынан жаңа жүк ағындары қосылды, бұл маршруттың жүктемесін арттыруға ықпал етеді.

2025 жылы ТХКБ бойындағы «тар орындарды» анықтау бойынша ауқымды аудит жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында Әзербайжан және Грузия серіктестерімен оларды жою жөніндегі іс‑шаралар жоспарына қол қойылды. Жоспар бірыңғай ұзақ мерзімді тарифтерді белгілеуді, кемелерді сатып алуды, теміржол және порт инфрақұрылымын дамытуды, процестерді цифрландыруды және әкімшілік кедергілерді жоюды көздейді.

ТХКБ өткізу қабілетін арттыру мақсатында 2026 жылы Ақтау портында түбін тереңдету, ал 2027 жылы №3 және №12 айлақтарды қайта жаңғырту шаралары жоспарланған, бұл порттың жалпы өткізу көлемін 500 мың тоннаға арттырады.

Көлік Министрлігімен бірлесіп, 2025 жылы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасында Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімді қол қою мәселесін пысықтау жалғастырылды. Қарастырылып отырған құжат маршрутты дамытудың кешенді тәсілдерін келісуге, оның жұмыс істеу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің өңірлік көлік-логистикалық хабтар ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында бірлескен кәсіпорын құру туралы

ҚТЖ, «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ және «Грузия темір жолдары» АҚ 2023 жылы тепе-теңдік негізде «Middle Corridor Multimodal Ltd.» бірлескен кәсіпорнын құру туралы шартқа қол қойды. «Middle Corridor Multimodal Ltd.» жеке компаниясы АХҚО базасында тіркелді. Аталған бірлескен кәсіпорынды құру келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

  • «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсету;
  • жеткізу мерзімдері мен құнын кепілдендіру;
  • «Қытай – Еуропа/Түркия – Қытай» бағыты бойынша жүк ағынын ұлғайту мақсатында мультимодальды сервисті дамыту жөнінде келісілген саясат жүргізу.

2025 жылғы 18 қарашада ҚХР‑дың Сиань қаласында өткен «Қытай – Еуропа» теміржол экспресі ынтымақтастығының екінші халықаралық форумы аясында Қытай темір жолдарының елдегі ең ірі контейнерлік операторы — CRCT компаниясының Middle Corridor Multimodal Ltd. БК құрамына кіруі туралы келісімге (акцияларға жазылу шартына) қол қойылды. Бұл Қытай – Еуропа бағытындағы тасымалдарды дамытуға жаңа серпін береді.

Қытай тарапының ресми қосылуы корпоративтік рәсімдерден өтіп, ТХКБ БК‑нің жарғылық капиталы толықтырылғаннан кейін 2026 жылы жоспарлануда.

«Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағыты Иран, Үндістан және Парсы шығанағы елдерінің сыйымдылығы жоғары нарықтарына тауар жеткізу үшін перспективалы баламалы маршрут ретінде жүк жөнелтушілердің назарын аударуда.

Тұрақты даму

2025 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тұрақты даму саласында елеулі ілгерілеуге қол жеткізді.

2025 жылғы 23 желтоқсанда S&P Global халықаралық рейтингтік агенттігі CSA (Corporate Sustainability Assessment) жаһандық корпоративтік орнықтылық бағалауы шеңберінде Компанияның ESG бағалау нәтижелерін жариялады. Бағалау қорытындысы бойынша Компания 75 балл жинап, өткен жылмен салыстырғанда 15 пунктке жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бұл нәтиже «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға S&P Global бағалауына қатысқан 300-ден астам компания арасында әлемнің жетекші көлік компанияларының топ‑3%-ына кіруге мүмкіндік берді.

S&P Global-дың жоғары бағасы Компанияның тұрақты дамуын және оның экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. ESG рейтингі инвесторлар мен қаржы институттары тарапынан шешім қабылдау кезінде кеңінен қолданылады.

Қол жеткізілген нәтижелер Компанияның тұрақты өсуге, операциялық тиімділікті арттыруға және халықаралық нарықтағы бәсекелік позицияларды нығайтуға бағытталған стратегиясының тиімділігін көрсетеді.

Теміржол желісінің құрылысы

2026 жылға арналған жоспарлар

2026 жылы Компания:

  • пайдалану жүк айналымын 347,4 млрд тонна‑км‑ге дейін арттыруды;
  • ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру;
  • бизнес‑процестерді кешенді цифрландыруды жүзеге асыру;
  • паркты заманауи жолаушылар вагондары мен жүк локомотивтерімен жаңарту.