Ғылыми-зерттеу бастамалары
«Samgau» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы»
«Самұрық-Қазына» АҚ тобы құрамында құрылған «Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» коммерциялық емес ұйымы жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын шоғырландыруға және жүйелеуге бағытталған.
2022 жылғы желтоқсан айында Орталық «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңында қайта тіркеуден өтіп, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» қоры (бұдан әрі – ҒТБО) ретінде қайта құрылды.
ҒТБО мақсаты - ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін тиімді және ашық экожүйені қалыптастыру арқылы ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті қолдау.
Ұлттық инновациялық және ғылыми-зерттеу жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, ҒТБО мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және университеттермен, индустрия өкілдерімен және қаржы институттарымен серіктестік орнатады. Нәтижесінде, Нәтижесінде, Қор тобы компанияларға ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған бірыңғай ғылыми және технологиялық даму саясаты әзірленуде.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап Қордың жер қойнауын пайдаланушылары ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ҒТБО арқылы жүзеге асырады. «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылған іріктеу және қаржыландыру тетігі Қор ішіндегі ресурстарды бөлудің оңтайландырылуы және ашықтығын арттырудың негізгі құралы болып табылады.
Қор тобында өндірістің нақты сұраныстары негізінде технологиялық міндеттерді қалыптастыруға негізделген «сұраныстан — шешімге» тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл кәсіпорындардың нақты қажеттіліктерін айқындауға және оларды ғылыми қауымдастық үшін ашық етуге мүмкіндік береді.
2025 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік объектілерінде 2 инновациялық-технологиялық диагностика жүргізілді, сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да 3 технологиялық сессияға (хакатондарға) қатысу қамтамасыз етілді. Нәтижесінде ҒЗТКЖ тақырыптары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясымен мақұлданып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025–2027 және 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалары шеңберінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылды.
2025 жылғы шілдеде ҒЗТКЖ41-ны басқаруға арналған цифрлық платформа пайдалануға енгізілді. Жалпы 78 ұйым тіркелді: 18 - өтінім беруші компания және 60 - іске асырушы ұйым.
2025 жылы Қордың Ғылыми-техникалық кеңесінің 13 отырысы өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша 24 жоба қаржыландыруға мақұлданды. Жобаны қаржыландыру туралы 38 келісімге қол қойылды (алдыңғы кезеңдерде мақұлданған жобаларды қоса алғанда).
Компаниялардың өндірістік және операциялық міндеттеріне арналған инновациялық технологиялық шешімдерді әзірлеуге жас ғалымдарды, Қор тобы компанияларының қызметкерлерін және «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектерін тарту мақсатында Samruk Innovation Hub конкурсы іске қосылды. Университеттер, ғылыми ұйымдар және өндірістік кәсіпорындар өкілдерінен барлығы 51 ұсыныс келіп түсті, олардың 30-ы (58%) компаниялар үшін қызығушылық тудыратын ретінде алдын ала іріктелді. Олардың ішінде 3 ұсыныс қаржыландыруға мақұлданып, бір жоба жоғары кернеулі желілердің сымдарына арналған су өткізбейтін гидрофобты жабын рецептурасын әзірлеу арқылы сәтті аяқталды.
Портфельдік компанияларда технологиялық дамуды қолдауға және инновацияны ынталандыруға бағытталған «Үздік инновациялық компания» байқауы алғаш рет өткізілді. Байқау жеңімпаздары:
- «Ең үздік инновациялық компания» – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
- «Өндірістік инновациялар лидері» – «Қаражанбасмұнай» АҚ
- «Үздік инноватор» және «Үздік енгізілген рационализаторлық шешім» номинациялары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, «KEGOC» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері марапатталды.
2026 жылға арналған жоспарлар
Мұнай-газ және уран секторларында 2030 жылға дейінгі ҒЗТКЖ-ны дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын іске асыру жоспарлануда.
Мұнай-газ саласында бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
2025–2026 жылдары өндірістік әсері жылдам байқалатын шешімдер енгізіледі, ал 2027–2030 жылдары — анағұрлым күрделі және капитал сыйымдылығы жоғары технологиялар іске асырылады.
2030 жылға қарай нысаналы көрсеткіштер мұнай өндіру көлемін және мұнайды алу коэффициентін 10%-ға дейін арттыруды, сулануды 15%-ға дейін төмендетуді, қосымша қорларды 5%-ға дейін анықтауды және операциялық шығындарды 20%-ға дейін қысқартуды көздейді.
Газ саласында өндіру көлемі мен пайданы 2–3%-ға арттыру, ұңғымаларды игеру операциялары бойынша шығындарды 3–5%-ға азайту, сондай-ақ жаңа және қалпына келтірілген ұңғымалардың дебитін 5–10%-ға арттыру көзделген. Барлық жобалар өлшенетін экономикалық әсерге қол жеткізуге бағытталған.