Қордың инвестициялық қызметі

Қор қызметінің мақсаты – Қор тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру, Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару, сондай-ақ елге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Инвестициялық жобаларды іске асыру және елге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында Қор бірлесіп инвестициялау тетігін тиімді қолданады. Қор жобалардың капиталына миноритарлық үлеспен қатыса отырып, стратегиялық серіктестермен тәуекелдерді бөліседі және операциялық басқаруға қатыспайды. Сонымен қатар, Қор инвесторлардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуін белсенді түрде қолдайды және бірлескен жобалардың несиелік қабілеттілігін арттырады.

Инвестициялық саясат

Қордың инвестициялық саясаты портфельді басқарудың стратегиялық мақсатына жетуге арналған және Қордың инвестициялық қызметін реттейтін жоғары деңгейдегі құжат болып табылады.

Саясаттың негізгі мақсаты – Қордың инвестициялық мақсаттары мен қағидаттарын, сондай-ақ Қордың инвестициялық портфелін басқарудың негізгі ережелері мен құралдарын айқындау.

Саясат Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Қордың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген.

«Самұрық-Қазына» АҚ-тың инвестициялық саясаты төрт негізгі мақсатпен айқындалады:

  • Қор портфелінің құнын ұзақ мерзімді тұрақты өсіруді және капиталды ұтымды ұлғайтуды қамтамасыз ету;
  • болашақ ұрпақ үшін қаржылық әл-ауқатты қалыптастыру, сақтау және арттыру;
  • география, экономикалық салалар және активтер кластары бойынша портфелдің әртараптандырылуын қамтамасыз ету;
  • тікелей шетелдік инвестицияларды тарту.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында Қор келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  1. Коммерциялық нысаналылық қағидаты: Қордың және оның портфельдік компанияларының инвестициялау стратегиялары коммерциялық нысаналылыққа, ұзақ мерзімді мүдделерге және инвестициялардың кірістілігі мен қайтарымдылығын барынша арттыруға негізделген.
  2. Қазақстан Республикасында инвестициялау кезіндегі «сары беттер» қағидаты: Қордың ҚР аумағындағы инвестициялары ұлттық заңнамада белгіленген шектеулерді ескере отырып жүзеге асырылады және жеке сектордың дамуына кедергі келтірмейді.
  3. Жауапты инвестициялар қағидаты: тұрақты дамуға жәрдемдесу, соның ішінде экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару қағидаттарын (ESG) сақтау, сондай-ақ темекі, алкоголь өнімдері, қару-жарақ және басқа да ұқсас салаларға инвестиция салуға тыйым салу.
  4. Ұзақ мерзімді инвестициялық көкжиек қағидаты: Қор тұрақты құндылық жасауға бағытталған және қысқа мерзімді нарықтық құбылмалылыққа төтеп бере алатын ұзақ мерзімді инвестор болып табылады.

Инвестициялау критерийлері

  1. Коммерциялық бағыттылықты қамтамасыз ету үшін барлық инвестициялар оң таза келтірілген құнға ие болуы тиіс (NPV>0) және ішкі табыстылық нормасы меншікті капитал құнынан жоғары болуы қажет (IRR>CoE) 32.
  2. Стратегиялық серіктестің болуы: Қордың Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жаңа инвестициялары стратегиялық серіктеспен бірлесіп жүзеге асырылады 33.
  3. Қор Қазақстан Республикасында Қордың қолданыстағы (дәстүрлі) портфелінде ұсынылмаған экономика салаларына инвестиция салады (Инвестициялық саясаттың 18-тармағына сәйкес) 34.
  4. Қор мұнай саласын қоспағанда, Қазақстан Республикасымен стратегиялық байланысы бар экономика салаларына халықаралық инвестиция салады.
  5. Қор жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде және өмірлік циклінің барлық сатыларында инвестициялар салады. Қор венчурлік қаржыландыруды/венчурлік инвестицияларды жүзеге асырмайды.

Жобалар портфелі

Қор компаниялар тобының инвестициялық портфелі жалпы сомасы 52 трлн теңгеден асатын 120-дан астам инвестициялық жобаны қамтиды.

2026 жылға Қордың Директорлар кеңесі мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және экономиканың басқа да негізгі секторларында жалпы сомасы 31,5 трлн теңгені құрайтын, тұрақты мониторингке жататын 62 ірі инвестициялық жобаның тізбесін бекітті.

Жобалардың жалпы санының ішінде 15 жоба алдын ала инвестициялық кезеңде, онда жобалық шешімдерді құрылымдау және дайындау жүзеге асырылуда; 6 жоба жобалау сатысында, олар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелер (ТЭН) және жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. 41 жоба бойынша EPC-келісімшарттар немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуге шарттар жасалған, олардың ішінде 33 жоба белсенді құрылыс кезеңінде жүзеге асырылуда.

Осылайша, Қор алдын ала дайындық пен жобалаудан бастап құрылыс пен пайдалануға беруге дейінгі негізгі инвестициялық бастамаларды кешенді бақылауды қамтамасыз етеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілген өзге де маңызды нәтижелер:

Келесі жобалар бойынша құрылыс- монтаж жұмыстары басталды:

  • Атырау облысында Полиэтилен жобасы үшін ГАҚ салу;
  • Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңа ГӨЗ салу;
  • Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстары аумағында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу;
  • Павлодар облысы Екібастұз қаласында №3 энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңғырту;
  • Ақтөбе және Атырау облыстары аумағында Батыс Қазақстанның энергия жүйесін БЭЖ-мен біріктіру;
  • Түркістан және Жамбыл облыстары аумағында Қазақстанның БЭЖ-нің оңтүстік аймағының электр желілерін күшейту;
  • Түркістан облысында жылына 800 мың тонна жобалық қуаттылықтағы күкірт қышқылы зауытын салу;
  • Ұлытау және Қарағанды облыстары аумағында «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісін салу;
  • Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу;
  • Алматы облысы мен Жетісу облысының аумағында «Алтынкөл – Жетіген» учаскесін жаңғырту.

Келесі жобалар бойынша ЕРС- келісімшарттары немесе ҚМЖ шарттары жасалды:

  • China Energy Overseas Investment Co. компаниясымен бірлесіп қуаттылығы 300 МВт КЭС салу;
  • Каспий теңізі түбі арқылы ТОБЖ тарту;
  • «Алтынкөл – Жетіген» учаскесін жаңғырту;
  • «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу;
  • «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісін салу;
  • Жылына 800 мың тонна жобалық қуатымен күкірт қышқылы зауытын салу;
  • Атырау облысында бірыңғай дәліз шеңберінде магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу.

Келесі жобалар бойынша инвестициялар туралы келісімдер жасалды:

  • 2025 жылғы сәуірде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу» жобасы бойынша Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды;
  • 2025 жылғы қыркүйекте China Energy Overseas Investment Co. компаниясымен бірлесіп қуаты 300 МВт КЭС жобасы бойынша Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

2026 жылы аяқтау жоспарланып отырған инвестициялық жобалар:

  • Қолданыстағы жылу электр станцияларын жаңғырту және қайта құру жобалары, сондай-ақ жаңа өндіруші қуаттардағы құрылыс жұмыстарын аяқтау;
  • Газ өңдеу және мұнай-химия инфрақұрылымын дамыту жобалары, соның ішінде газ өңдеу қуаттарын іске қосу және сутегі өндірісі қондырғысын салу;
  • Деректер орталықтарын аяқтау және магистральдық байланыс желілерін орнатуды қоса алғанда, цифрлық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобалары;
  • Теміржол инфрақұрылымын дамыту жобалары, оның ішінде жаңа желілерді салу, қолданыстағы учаскелерді жаңғырту және автоматты блок жүйелерін енгізу.

Тиімділігі төмен жобалар

2025 жылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасына сәйкес үш төмен рентабельді жоба жүзеге асырылды:

Кендірліде қуаты тәулігіне 50 000 м3 тұщыландыру зауытын салу.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылды. Жаңа зауыт Жаңаөзен тұрғындарын ауыз суға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл нысан өңірдің өнеркәсіптік дамуы үшін «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырына түсетін жүктемені азайтады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталды, ал нысанды қабылдау актісіне 2025 жылдың 30 қазанында қол қойылды. Сондай-ақ, 2025 жылдың 26 ​​қарашасында оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алынды.

Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ тарту.

Каспий теңізінің түбімен тартылатын ТОБЖ Орталық Азия елдерін бірыңғай интернет кеңістігімен байланыстырады.

«Қазақтелеком» АҚ 2025 жылы Әзербайжан – Қазақстан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жөніндегі халықаралық жоба бойынша жұмысты жалғастырды, теңіздегі инженерлік іздестіру жұмыстары аяқталып, кабель дайындалды.

Бұл жоба жаңа цифрлық телекоммуникациялық дәлізді құруды жеделдетуге серпін береді және жоғары жылдамдықты әрі қорғалған деректерді беру инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыруға мүмкіндік жасайды.

Жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында инфрақұрылым нысандарын салу.

Бұл жоба көмірсутек шикізатын терең өңдеу және мұнай-химия өнімдерін өндіруге арналған мұнай-химия өндірісі нысандарын қамтитын заманауи мұнай-химия кластерін дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Жоба «ҰИМТ» АЭА аумағындағы мұнай-химия өндірістерін қажетті өндірістік инфрақұрылыммен (электр энергиясы, бу, су, техникалық газдар) және тиісті жалпы зауыттық инфрақұрылыммен (депо, жолдар, сорғы станциясы, кәріз жүйесі және өзге де нысандар) қамтамасыз етуді көздейді.

2025 жылы полиэтилен мен бутадиен және оның туындыларын өндіру кешендеріне арналған инфрақұрылым нысандарын (су және ағынды суларды тазарту, коммуналдық дәліз, автоматтандырылған газ тарату жүйесі және т.б.) жобалау жұмыстары жалғасты. Жобаны 2028 жылы аяқтау жоспарлануда.

Инфрақұрылымдық нысандағы мамандар

Басым жобалар

Жобаның атауыҚұны35, млрд теңге
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ9 911,4
1Полиэтилен өндіру4 352,2
2Полиэтилен жобасы үшін ГАҚ салу1 518,8
3Жаңаөзен қаласында жаңа ГӨЗ салу560,8
4ПҚОП ЖШС өндірістік қуаттарын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту2 885,1
5Жаңаөзенде ENI-мен бірлесіп қуаты 247 МВт гибридті электр станциясын салу218,2
6«ПМХЗ» ЖШС-де сутегі өндіру қондырғысын салу66,1
7Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистральдық құбыржолдарды (этан, пропан) салу310,2
«QazaqGaz» ҰҚ» АҚ5 951,1
8Қашағанда ГӨЗ салу (1 млрд м3)489,7
9Қашағанда ГӨЗ салу (2,5 млрд м3)1 404,0
10«Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ қуатын арттыру (екінші желіні салу)3 076,5
11«Ақтөбе» ӨМГ Қызыл Октябрь бөлімшесінің КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және «КС-14 – Қостанай» жаңа магистралдық газ құбырын салу844,1
12Газды цифрлық есепке алу136,8
«Самұрық-Энерго» АҚ8 396,1
13Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту349,0
14Қуаты 450 МВт-қа дейінгі БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру399,0
15№3 ст. энергия блогын орната отырып, ЕМАЭС-2-ні кеңейту және қайта құру594,4
16№4 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту684,5
17Көкшетаудағы ЖЭО құрылысы389,6
18Семей қаласында ЖЭО-3 құрылысы597,2
19Өскемендегі ЖЭО құрылысы616,4
20Семейдегі СЭС құрылысы530,4
21ҚР-да гидроаккумуляциялық станция салу417,8
22Қызылорда облысында БГҚ базасында электр станциясын салу770,0
23ЕМАЭС-1-дің №1–№4 энергия блоктары үшін жаңа түтін мұржасын салу22,3
24China Energy Overseas Investment Co. компаниясымен бірлесіп қуаттылығы 300 МВт КЭС салу;171,2
25China Energy Overseas Investment Co. -мен бірлесіп қуаты 500 МВт ЖЭС салу326,2
26Total Energies -пен бірлесіп қуаты 1 ГВт ЭЖЖ қамтитын ЖЭС салу642,4
27Masdar -мен бірлесіп қуаты 1 ГВт ЭЖЖ қамтитын ЖЭС салу756,0
28China Power International Holding Ltd-мен бірлесіп қуаты 1 ЭЖЖ қамтитын ЖЭС салу648,0
29Tumar Commerce -пен бірлесіп қуаты 1 ГВт КЭС салу426,6
30CNPC -мен бірлесіп қуаты 100 МВт ЖЭС салу55,0
«Түркістан БГҚ» ЖШС745,2
31Түркістан облысында қуаты 1 000 МВт дейінгі БГҚ базасында электр станциясын салу745,2
«KEGOC» АҚ449,6
32Батыс Қазақстанның энергожүйесін Қазақстанның БЭЖ-мен біріктіру208,0
33Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту157,7
34Астана қаласына сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту (электржелілік объектілер салу)83,9
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ113,5
35Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу113,5
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ1 988,2
36«Дарбаза–Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы286,0
37«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісін салу (320 км)720,3
38«Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу577,5
39«Алтынкөл – Жетіген» учаскесін жаңғырту115,5
40Ұлытау және Қызылорда облыстарының аумағында «Қызылжар – Сексеуіл» учаскесінде автоблокировка жүйесін салу78,9
41Ақтөбе және Қостанай облыстарының аумағында «Қандыағаш – Тобыл» учаскесінде автоблокировка жүйесін салу72,8
42Павлодар және Абай облыстарының аумағында «Ақсу-1 – Дегелең – Жаңа-Семей» учаскесінде автоблокировка жүйесін салу57,8
43Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының аумағында «Шалқар – Бейнеу» учаскесінде автоблокировка жүйесін салу48,6
441 520 мм және 1 435 мм жолтабанмен Достық – Алашаңқай шекаралық станциялары арасындағы екінші жолдарды салу16,4
45«Бейнеу – Маңғыстау» учаскесін жаңғырту14,4
«Қазақтелеком» АҚ1 286,7
46Қазақстан Республикасында 5G желісін салу268,0
47Каспий теңізі түбімен ТОБЖ магистралін төсеу29,3
48Астана қаласында ДӨО салу15,8
49ҚР жоғары жылдамдықты интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету (ауылдық елді мекендер)225,6
50ДӨО-ның алқабы748,0
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС1 111,7
51«ҰИМХТ» АЭА инфрақұрылым нысандарын салу (Қарабатан учаскесі)471,3
52Бутадиен және оның туындыларын өндіру640,4
«Тау-Кен Самұрық» АҚ1 710,3
53Құйрықтыкөл кен орны бойынша геологиялық-барлау жобасын іске асыру1,3
54Жосабай кен орны бойынша геологиялық-барлау жобасын іске асыру1,1
55Қаратас кен орны бойынша геологиялық-барлау жобасын іске асыру2,2
56Қарағанды облысындағы Нұра–Талды кен орны бойынша геологиялық-барлау жобасын іске асыру1,8
57Абай облысындағы Қаражал кен орны бойынша геологиялық-барлау жобасын геологиялық сүйемелдеу2,6
58Шалқия полиметалл кендерін өнеркәсіптік игеру222,3
59Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарында вольфрам-молибден кендерін өндіру697,4
60Кемпірсай никель-кобальт кластерін құру218,6
61«Altyntau Kokshetau» АҚ Васильков кен орнындағы өндірісті кеңейту453,8
62«Қазцинк» ЖШС Обручев кен орнын игеру109,2
БАРЛЫҒЫ31 550,4
  1. Құны 2026 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша көрсетілген.

Самұрық-Қазына Инвест қызметі

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС – стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықта Қазақстан Республикасы аумағында түрлі жобаларға тікелей инвестицияларды іске асыратын қаржылық тұрақты инвестициялық компания.

Самұрық-Қазына Инвест негізгі мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық портфелін әртараптандыруды жүзеге асыру болып табылады.

Самұрық-Қазына Инвест жаңа өндірістер құру, сапалы жұмыс орындарын қалыптастыру, импортқа тәуелділікті қысқарту, экспорт көлемін ұлғайту, сондай-ақ шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту арқылы экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталған.

Инвестициялық талдау

2025 жылдың негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ20242025
Қаржылық көрсеткіштер, млн теңге:
Өзгерістері кезең ішіндегі пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы құралдарымен жасалатын операциялардан түсетін таза пайда26 49232 926 36
Алынған дивидендтер3 8035 526
Операциялық шығындар(1 587)(2 012)
Операциялық қызметтен түскен кірістер (залал)28 70836 440
Қаржылық кірістер (шығыстар), нетто5 974(3 225)
Нарықтық деңгейден төмен мөлшерлемелер бойынша шығарылған облигациялар бойынша бастапқы танудан түскен кірістер6 36022 035
Өзге де кірістер (шығыстар), нетто14 893(6 332)
Салық салуға дейінгі пайда (залал)55 93548 917
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыс(10 185)(10 375)
Кезең ішіндегі пайда (залал)45 75038 542

2026 жылға арналған жоспарлар

2026 жылы «Самұрық‑Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық портфельді кеңейтуге және экономиканың негізгі секторларындағы, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп, энергетика, цифрлық инфрақұрылым және денсаулық сақтау салаларындағы позицияларын нығайтуға назар аударады.

2025 жылы іске қосылған негізгі жобалар іске асыру және ауқымдау кезеңіне өтеді. Өнеркәсіптік сегментте Жамбыл облысында жел генераторлары компоненттерін өндіру жобалары, сондай-ақ Алматы қаласында газды есепке алудың зияткерлік жүйелерін өндіру шеңберінде алғашқы өнім жеткізілімдерін бастау күтіледі.

Инвестициялық стратегия жоғары қосылған құны бар, экспорттық әлеуеті жоғары және ауқымдау мүмкіндігі бар жобаларға бағытталатын болады. Мұндай жобалар халықаралық стратегиялық инвесторлармен әріптестікте іске асырылатын болады. Басымдық Қазақстан экономикасын дамытуға, инвестициялық портфельді әртараптандыруға және халықаралық сараптаманы тартуға бағытталған жобаларға беріледі.

  1. Жылдар арасындағы мәндердің айырмашылығы негізінен әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтерді қайта бағалау есебінен қалыптасты.