Қордың ҚР экономикасына қосқан үлесі

Әсер ету матрицасы12, 
млрд теңге

Әсер ету матрицасы12, 
млрд теңге
  1. 2025 жылға арналған ТДЕ және ШҚЕ есептілік шекаралары аясында.
  2. ЖТС есепке алмағанда.
  3. ҚҚС-ты есепке алмағанда, есептеу әдісі бойынша.
  4. Отандық жеткізушілерден сатып алулар санаты сатып алулардың жылдық көлеміне енгізіледі және ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде жүзеге асырылған сатып алуларды қамтымайды.
  5. Қордың әлеуметтік маңызы бар салаларды баға мен тарифтердің өсуін тежеу мақсатында кросс-субсидиялауы.

Есепті 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қордың елдің орнықты дамуына қосқан үлесі

11 368млрд теңге көлемінде
бағаланады

Жалпы әлеуметтік әсер

836млрд теңге

Жалпы экономикалық әсер

8 300млрд теңге

Жалпы экологиялық әсер

536млрд теңге

ҚР экономикасын субсидиялаудың жалпы көлемі

1 696млрд теңге

Қазақстан экономикасының орнықты өсімінің жаңа моделін қалыптастыруда «Самұрық-Қазына» АҚ маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік жауапкершілікке ерекше назар аударылады. 2025 жылы Қордың әлеуметтік әсері 836 млрд теңгені құрап, оған Акционерге өзге де бөлулер аясындағы әлеуметтік жобаларға арналған шығыстар, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына бөлінген қаражат, Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық жобалары, қызметкерлер мен қатысу аймақтарын әлеуметтік қолдау, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары кіреді.

Елдің экономикалық дамуына қосқан үлесі 8 300 млрд теңгені құрады. Мемлекет пайдасына жалпы сомасы 2 264 млрд теңге12 көлемінде салықтар төленді. Қор энергетика, газ инфрақұрылымы, көлік және коммуникациялар, сондай-ақ барлау және өндіру салаларын қоса алғанда, стратегиялық маңызды инфрақұрылым мен экономиканың негізгі салаларына 2 290 млрд теңге инвестиция салды.

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының аясында жергілікті өнім берушілерден 3 746 млрд теңге сомасына тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алынды.

Қоршаған ортаны қорғау саласына қосқан үлесі 536 млрд теңгені құрады. Бұл - қоршаған ортаны қорғауға арналған төлемдер мен шығындарды қамтиды, оған технологияларды енгізу, энергия тиімділігі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кіреді. Сондай-ақ жалпы сомаға пайдалануда болған нысандарын шығару және қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіруге арналған резервтер, әрі қоршаған ортаға келтірілген залал бойынша міндеттемелерге арналған резервтер кіреді.

2025 жылы Қор есебінен бағалар мен тарифтерді бойынша айқаспалы субсидиялар көлемі 1 696 млрд теңгені құрады. Пайдасыз сегменттер әлі де пайдалы сегменттермен айқаспалы субсидиялануда.

Теміржол тасымалдары транзиттен түсетін кірістер есебінен 284 млрд теңгеге субсидияланды. Мұнай өнімдерінің ішкі нарығы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқа бағыттары, соның ішінде экспорт есебінен 585 млрд теңгеге қолдау тапты. Газдың ішкі нарығы газ транзиті мен экспортынан түсетін кірістер есебінен 226 млрд теңгеге өтелді.

2025 жылы тарифтік саясатты жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Нәтижесінде 2025 жылы теміржол тасымалдары бойынша реттелетін тарифтердің жиынтық өсімі шамамен 28%-ды құрады. Газбен жабдықтау саласында газдың көтерме бағалары 33%-ға артты. Жанар-жағармай материалдары нарығын мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту туралы шешім қабылданды.

  1. Субсидиялау мұнай өндіруші компаниялардың ішкі нарыққа жеткізілген мұнай көлемі бойынша экспорттық және реттелетін ішкі бағалар арасындағы айырма есебінен, экспорттық кедендік баждар мен тасымалдау шығындарын шегергендегі жіберіп алған пайдасы түрінде көрсетілген (нетбэк).
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ҚР ҰЭМ ТМРК) тарифтік сметада бекіткен шығындар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның (ҚТЖ) магистральдық теміржол желісі мен локомотивтік тарту қызметтері бойынша реттелетін тарифтер аясында ішкі республикалық қатынаста жүзеге асырылатын жүк және жолаушылар тасымалдары бойынша нақты шығындарын толық көлемде өтемейді. Осыған байланысты субсидиялау нақты шығындар мен тарифтік сметада бекітілген реттелетін қызметтер бойынша шығындар арасындағы айырма ретінде есептелді.
  3. Газды сатып алу және тасымалдау бойынша нақты шығындар ішкі нарықта тауарлық газға бекітілген тарифтер бойынша алынатын кірістерден асып түседі. Осылайша, субсидиялау газдың өзіндік құны мен тасымалдау шығындарын шегергендегі түсім ретінде айқындалады.
  4. Бекітілген тарифтермен өтелмеген күрделі салымдар ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен күрделі шығындар мен нақты күрделі шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі.
  5. Оның ішінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бөлінген қаражат, есептеу әдісі бойынша.