ESG-қағидаттарын тұрақты дамыту және енгізу Қордың даму Стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады және оның ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ESG-қағидаттарын енгізу Қорға жауапты инвестордың беделін нығайтып қана қоймай, жаһандық серіктестіктер қалыптастыруға және халықаралық инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетуге және портфельдік компаниялардың жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Тұрақты даму саласындағы басым міндеттер
Қор 2023–2032 жылдарға арналған Даму жоспарына (Стратегияға) сәйкес қызметін жүзеге асырады, ол негізгі жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес келеді және «Қазақстан‑2050» елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруға ықпал етеді.
Қордың стратегиялық мақсаттары – таза активтер құнын арттыру және бәсекелестікті дамыту – тұрақты даму қағидаттарымен тікелей байланысты.
Қор стратегиясының негізгі міндеттері – активтер портфелін тиімді басқару, еңбек өнімділігін арттыру, технологиялық жаңғырту, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу – активтердің құнын (NAV) арттыруға тікелей әсер етеді. Сонымен қатар көміртектік ізін азайтуға, «жасыл» қаржыландыруды және әлеуметтік бастамаларды дамытуға басымдық беру жаһандық инвестициялық трендтерге сәйкес келіп, Қордың әлемдік капитал нарығындағы бәсекелестік позицияларын нығайтуға ықпал етеді.
Қор стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізудің ажырамас бөлігі болып табылатын ESG қағидаттарын басшылыққа ала отырып, тұрақты даму саласында бірқатар міндеттер қояды:
-
Корпоративтік басқаруды күшейту:
- Директорлар кеңесінің рөлін және оның құрамын қалыптастыру сапасын арттыру.
- Тиісті корпоративтік басқару принциптеріне негізделген портфельдік компанияларды басқару.
- Корпоративтік басқаруға озық әлемдік тәжірибені енгізу.
-
Ашықтық және сәйкестік:
- Ашықтық пен транспаренттікті қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптарды тарту.
- Есептіліктің ашықтығын жақсарту және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу.
-
Әлеуметтік жауапкершілік:
- Қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік шараларын жақсарту.
- Қайырымдылық, корпоративтік демеушілік және корпоративтік волонтерлікті ілгерілету арқылы елдің әлеуметтік дамуына үлес қосу.
-
Қауіпсіздік және денсаулық (H&S):
- «Нөлдік төзімділік» қағидатымен Қор тобында жарақаттануды азайту үшін H&S озық тәжірибелерін енгізу.
- Инновациялық және цифрлық шешімдерді қолдана отырып, дербес қауіпсіздікті және апатсыз жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру.
-
Адами капиталды дамыту:
- Кадрлық әлеуетті арттыру және жаңа бағыттар бойынша қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру.
- Үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген біліктілікті үздіксіз арттыру.
-
Ресурстарды үнемдеу:
- Отын-энергетика және су ресурстарын қоса алғанда, ресурстарды тиімді пайдалану.
- Жабдықтарды жаңғырту және жаңа инвестициялық жобаларда заманауи технологияларды қолдану.
- «Самұрық-Қазына» АҚ Энергия және ресурс үнемдеу бағдарламасын 2027 жылға дейін іске асыру.
-
Көміртексіздендіру:
- Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы шеңберінде төмен көміртекті бизнесмодельге көшу жөніндегі Жоспарды іске асыру. Жоспарда тұрақты экологиялық қызметке көшу үшін 50-ден астам іс-шаралар айқындалған, оның ішінде баламалы энергетикаға көшу және маневрлік генерацияны ұлғайту жөніндегі ірі инвестициялық жобалар.
-
«Жасыл» қаржыландыру құралдарын дамыту:
- «Жасыл» таксономияға сәйкес келетін жобаларды қаржыландыру, «жасыл» облигациялар шығару.