Комплаенс қызметі
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Комплаенс қызметі өз қызметінде Қордың Комплаенс қызметі туралы ережені басшылыққа алады. Аталған ереженің жаңа редакциясы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 20 мамырдағы №235 шешімімен бекітілген. Сондай-ақ Комплаенс қызметі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және комплаенс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді басшылыққа алады.
Қордың Комплаенс қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, комплаенс бағдарламасын дамыту, оның ішінде портфельдік компаниялардың комплаенс қызметтерінің қызметін үйлестіру, коммуникациялар мен оқытуды ұйымдастыру, бастамашыл хабарлау желісін (жедел желі) сүйемелдеу, тексерулер мен тергеп-тексерулер жүргізу, үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу, сондай-ақ Қор тобы компанияларында комплаенстің өзге де бағыттарын дамыту болып табылады.
2025 жылы Қордың Комплаенс қызметі Қор тобы компанияларында комплаенс функциясын дамыту жұмыстарын жалғастырды. Жұмыс Қор тобы деңгейінде комплаенс бағдарламасының жекелеген элементтерін автоматтандыруға және реттеуші органдармен өзара іс-қимылды дамытуға бағытталып, Қор тобы қызметінің ашықтығын арттыруға ықпал етті.
Қор басшылығы Қордағы корпоративтік басқару жүйесінде адалдық идеологиясын ілгерілетуге және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысты жүзеге асыруда. Сонымен қатар Қор басшылығы тарапынан заңнама талаптары мен комплаенс саясаттарын сақтаудың маңыздылығын айқындайтын тиісті «жоғарыдан берілетін тон» қалыптастырылуда.
Қордың Комплаенс қызметінің басшысы квазимемлекеттік және жеке секторларда комплаенс функциясын дамытуға қатысты нормативтік бастамаларды әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен іскерлік қоғамдастық өкілдерімен жұмыс кездесулеріне белсенді қатысып, ұлттық деңгейде комплаенс институтын дамытудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қордың Комплаенс қызметі келесі нәтижелерге қол жеткізді:
- орнықты және тиімді бағалау жүйесін қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының комплаенс функциясының тиімділігін бағалау әдістемесі әзірленіп, бекітілді (Қор Басқармасының 2025 жылғы 26 маусымдағы №30/25 шешімі). Аталған Әдістеме Қор тобы компанияларындағы комплаенс функциясын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының комплаенс функциясы жөніндегі Корпоративтік стандарт талаптарына (Басқарманың 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №60/23 хаттамасымен бекітілген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына және үздік халықаралық тәжірибелерге, оның ішінде ISO 37001:2025 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйелері» және ISO 37301:2021 «Сәйкестік менеджменті жүйелері» стандарттарына сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін, өлшемшарттарын және тәртібін белгілейді;
- Қор тобы шеңберінде комплаенс тәуекелдерін басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Комплаенс функциясы жөніндегі Корпоративтік стандарт №9-қосымшамен — «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген аффилиирленген тұлғаларға, қызметі тоқтатылған жеткізушілерге және шектеулерге әлеуетті жеткізушілерді тексеру қағидаларымен толықтырылды. Сонымен қатар әлеуетті жеткізушілердің аффилиирленгендігін тексеру тәртібін тиімді әрі кезең-кезеңімен енгізу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларында 2025–2026 жылдары әлеуетті жеткізушілердің аффилиирленгендігі мен қызметінің тоқтатылғанын тексеру жүйесін енгізу және пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді;
- Комплаенс функциясының E-Compliance ақпараттық жүйесін дамыту және сүйемелдеу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Аталған жүйе Қор мен оның портфельдік компанияларындағы негізгі комплаенс-процестерді, оның ішінде комплаенс тәуекелдерін басқаруды, аналитиканы қалыптастыруды және басқарушылық есептілікті орталықтандырылған түрде автоматтандыруды қамтамасыз етеді. E-Compliance жүйесінде комплаенс функциясының қызметі туралы барлық есептілік, соның ішінде өтініштер, инциденттер, анықталған бұзушылықтар, түзету шаралары және комплаенс бөлімшелерінің тиімділігін бағалау жөніндегі деректер шоғырландырылған. Есепті кезеңде E-Compliance жүйесін Қордың Qsamruk.kz цифрлық платформасымен интеграциялау аяқталды, бұл кандидаттардың іскерлік беделін (благонадежность) тексеру үдерістерін автоматтандыруға және кадрлық және комплаенс рәсімдері арасында үздіксіз өзара байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді;
- Оқыту іс-шаралары шеңберінде 2025 жылы Қордың Комплаенс қызметі «Іскерлік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» атты онлайн-курстарды әзірлеп, өткізді. Аталған курстар практикалық жағдайлық тапсырмаларды шешуді қамтитын қорытынды тестілеумен сүйемелденді.
2026 жылға арналған жоспарлар
2026 жылы Комплаенс қызметі компаниялар тобы шеңберінде комплаенс функциясын одан әрі дамытуды жалғастырады. Атап айтқанда, әдіснамалық базаны жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, комплаенс функциясын одан әрі цифрландыру, сондай-ақ Қор қызметіндегі комплаенс тәуекелдерін сәйкестендіру бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жоспарлануда.