ESG-рейтингтері
және климаттық рейтингтер

Қордың портфельдік компаниялары GRI, TCFD және CDP сияқты тұрақтылық пен климаттық ақпаратты ашудың жетекші халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық емес есептілікті (тұрақты даму саласындағы туралы есеп) дайындау тәжірибесін енгізуде.

Бизнес қызметіндегі нақты өзгерістерді бақылау құралы ретінде ESG-рейтингтерін (Environmental, Social, Governance) алу практикасы енгізілді. Бұл рейтингтер әлеуметтік және экологиялық аспектілерді бағалау мен басқаруда қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қор деңгейінде сыртқы бағдарлардың бірі – 2025 жылға арналған корпоративтік басқару, тұрақты даму және институционалдық тұрақтылық көрсеткіштері бойынша Global SWF бағалауы болып табылады. Есепті жылдың қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ 72% нәтижеге қол жеткізді, оның ішінде тұрақты даму бағыты бойынша 10 баллдың 9-ын иеленді. Бұл Қордың басқару жүйесіне тұрақты даму қағидаттарының жоғары деңгейде интеграцияланғанын және осы бағыттағы тәсілдердің жүйелі түрде іске асырылып жатқанын растайды.

Қордың Даму жоспары ірі портфельдік компаниялар алдында 2032 жылға қарай ESG-рейтинг көрсеткіштері бойынша 70-перцентиль деңгейіне шығу міндетін қойды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қор белгіленген бағдардан асып, шамамен 66-перцентильге сәйкес деңгейге қол жеткізді, бұл ESG-бастамаларды іске асырудағы ілгерілеуді көрсетеді.

2025 жылы Қордың портфельдік компаниялары ESG-рейтингтер бойынша жоғары нәтижелер көрсетті:

S&P Global45 Ratings агенттігі:
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ75/100
«KEGOC» АҚ62/100
«Қазақтелеком» АҚ51/100
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ51/100
«Климаттың өзгеруі» CDP рейтингтері:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚB-
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚB
«Самұрық‑Энерго» АҚD
«QazaqGaz» ҰК» АҚB
«Су қауіпсіздігі» CDP рейтингтері:
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚC
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚC
«Самұрық‑Энерго» АҚD
MSCI ESG рейтингі:
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚBBB
«QazaqGaz» ҰК» АҚA
Sustainable Fitch рейтингі:
«Самұрық‑Энерго» АҚ«3» (57/100)

Бұл бағалар Қорға және оның портфельдік компанияларына тәуекелдерді азайту және әлеуметтік және экологиялық тиімділікті арттыру мақсатында негізделген шешімдер қабылдауға және тұрақты даму саласында күш салуға көмектеседі. Сонымен қатар, халықаралық ESG-рейтингтері ұйымдардағы ESG-аспектілерін басқарудағы прогресті өлшеудің және растаудың тәуелсіз құралы болып табылады.

  1. S&P Global ESG Evaluation компанияның ESG-факторларына байланысты болашақ тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару қабілетін бағалайды. Әдістеме саладағы талдаушылардың тәжірибесіне негізделген және өткен, қазіргі және болашақтағы компанияға ESG айтарлықтай әсерін бағалау үшін компания басшылығымен терең өзара әрекеттесуге негізделген.