Сатып алу қызметін сүйемелдеу

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС 2009 жылы құрылды және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы үшін сатып алу операторының функцияларын орындайды.

Компания электрондық сатып алу ақпараттық жүйесін (Қордың сатып алу веб-порталы) қолдауға және дамытуға жауап береді, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының құрамында компаниялар сатып алатын өнімдердің жергілікті мазмұны мен бағасына мониторингті жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Компания Қор тобының сатып алу рәсімдерінде, мемлекеттік сатып алуларда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процестерінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын әзірлеумен айналысады. Жекелеген рәсімдер аясында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әлеуетті жеткізушілерді алдын ала біліктіліктен өткізуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қор тобына сатып алулардағы санаттық менеджментті енгізу және дамыту бойынша әдіснамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

Қор, Сатып алулар әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаменті арқылы сатып алу қызметіне әдіснамалық сүйемелдеу жүргізеді, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың сатып алуларына бақылау және мониторингті жүзеге асырады.

2025 жылдың негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш20242025
Қор тобы бойынша сатып алу қызметінің көрсеткіштері
Жасалған шарттардың сомасы, млрд теңге3 6253 997
Сатып алудағы елiшiлiк құндылықтың жалпы үлесi, %82,5%83%
Тауарларды сатып алудағы елiшiлiк құндылық үлесi, %62%65%
Жұмыстар мен қызметтердi сатып алудағы елiшiлiк құндылық үлесi, %92%90%
Бір көзден (БК) тәсілімен өткізілген сатып алудың жалпы сомасы, млрд теңге 
( %-те жалпы сатып алудың жалпы сомасының үлесі көрсетілген) 2 178 (60%)2 481 (62%)
Ашық тендер тәсілiмен (АТ), баға ұсыныстарын сұратумен (БҰС) және өзге де бәсекелестiк тәсiлдермен өткізілген сатып алулардың жалпы сомасының, млрд теңге (%-те жалпы сатып алудың жалпы сомасының үлесi көрсетілген) 1 447 (40%)1 515 (38%)
Жасалған оффтэйк-шарттар саны (өспелі қорытындымен), бірлік8421 205
Жасалған оффтэйк-шарттардың сомасы (өспелі қорытындымен жыл соңына), млрд теңге306,6564,1
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС көрсеткіштері
Өндірістік көрсеткіштер:
Сатып алу веб-порталында тіркелген әлеуетті өнім берушілердің саны (өспелі қорытындымен жыл соңына), мың бірлік115160
Алдын ала біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің саны, бірлік3899 (221)115 (297)
Сатып алу санаттық стратегияларының саны (өспелі қорытындысы бар жыл соңына), бірлік2829
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодтарының саны (өспелі қорытындысы бар жыл соңына), бірлік53 70154 181
Қаржылық көрсеткіштер, мың теңге
Түсім3 604 7323 904 956
Өткен жыл үшін есепті кезеңде төленген дивидендтер615 0000
Таза пайда704 874827 776
Шығындар2 898 0603 167 836
Операциялық пайда704 949729 965
Таза қарыз00
Төленген салық көлемі321 709864 982
Тұрақты даму көрсеткіштері
Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер)00

38. Деректер жинақталған түрде берілген (көзделген негіздерге сәйкес БӨП тізілімінен жеткізушілерді алып тастауды ескере отырып).

Импортты алмастыру бағдарламасын жүзеге асыру

Отандық тауар өндірушілерден сатып 
алу көлемі

2,2трлн теңге

Офтейк-келісімшарттар көлемі

257млрд теңге

Қор тұрақты экономикалық өсуді және отандық өндірісті дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыра отырып, өнеркәсіптік және инновациялық бағыттарды дәйекті түрде дамытуда. Негізгі құралдардың бірі – импортты алмастыру бағдарламасы, оның аясында Қор тобы компаниялары тарапынан ұзақ мерзімді кепілдендірілген сұранысы бар таза импорт тауарларының пулы қалыптастырылады.

2018–2025 жылдары 99 жоба мақұлданып, шамамен 564 млрд теңге сомасына 1 205 офтейк-келісімшарт жасалды, бұл жергілікті өндірісті дамытуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, 2025 жылы келісімшарт саясаттың икемділігі арттырылды: шикізат бағасы өскен жағдайда келісімшарт құнын қайта қарау шегі 20%-дан 10%-ға дейін төмендетілді. Бұл отандық өндірушілердің тұрақтылығын қолдауға және баға тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Аталған бастамаларды іске асыру өнеркәсіптік базаны нығайтып, кәсіпкерлікті қолдау мен ынтымақтастықтың орнықты моделін қалыптастырады.

Қордың Тауар өндірушілері тізілімін жүргізу

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Қордың тауар өндірушілер тізіліміне (ҚТӨ тізіліміне) енгізу үшін ұсынылатын материалдарды қабылдау, қарау және шешім қабылдау жұмыстары тұрақты негізде қамтамасыз етіледі. Тізілімге енгізу өндірушілерге Қордың сатып алу рәсімдеріне қатысуға басым құқық береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бизнес өкілдерінен ҚТӨ -не енгізу туралы 1 701 өтінім қаралды. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Тізілімге 19 мыңнан астам тауар позициясы бойынша ұсынылған 942 ұйым енгізілді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі күшіне енеді Қор Бірыңғай тізілімді толық қабылдау және ҚТӨ үшін барлық қолданыстағы қолдау шараларын сақтау үшін рәсімге түзетулер енгізеді. Сонымен қатар, Қордың тауар өндірушілерінің тізілімі және Қордың мүгедектер ұйымдарының тізілімі Қордың сатып алу рәсімдерінен алынып тасталды.

Импортты алмастыру бағдарламасы шеңберіндегі өнім өндірісі

Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу

Алдын ала біліктілік іріктеу (АБІ) Қордың сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды құралы болып табылады. Ол келісімшарттар жасасу кезінде тәуекелдерді төмендетуге және тендерлік рәсімдерді өткізуге байланысты шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. АБІ қолдану сатып алу процестерінің ашықтығын етеді және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қажетті сапа деңгейін қамтамасыз ете алатын жеткізушілерді іріктеу арқылы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы алғанда, Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне (бұдан әрі – БӨП) 297 бірегей әлеуетті жеткізуші енгізілді. 2024 жылы – 99, ал 2025 жылы – 115 бірегей әлеуетті жеткізуші тіркелді. Сонымен қатар өсім динамикасы тізілімді тұрақты түрде өзектендірумен тежелуде. Бұл үдеріске санаттарды жаңарту, жеткізушілерді мониторингтеу және жүйеде үш жылдық болу мерзімі аяқталған компанияларды тізілімнен шығару кіреді.

Нәтижесінде БӨП-тен автоматты түрде шығару жүзеге асырылады және АБІ қатысушылары санының табиғи азаюы орын алады.

Есепті кезең ішінде Қордың портфельдік компанияларымен бірлесіп АБІ қолданылатын 2 жаңа санат әзірленді. Тұрақты түрде жүргізілетін сауалнамалар нәтижелері қатысушылардың АБІ үдерісіне қанағаттану деңгейі 100%-ды көрсетеді, бұл оның тиімділігі мен жеткізушілер арасындағы сұранысының жоғары екенін растайды.

Сатып алу сапасын арттырудағы қосымша қадам ретінде 2025 жылы Қордың Сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тапсырыс берушілерге жеткізушілердің мәлімделген ресурстары мен техникасының бар-жоғын растау үшін көшпелі тексерулер жүргізу мүмкіндігі берілді. Бұл шаралар адал емес компаниялардың қатысу қаупін азайтуға және сатып алу жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Қойма жабдығы

Сатып алуды санаттық басқару

Сатып алуды санаттық басқару (бұдан әрі — ССБ) Компанияның сатып алу қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған, халықаралық деңгейде мойындалған басқару тәжірибесі болып табылады. ССБ-ның негізгі мақсаты - нақты бизнес-бағыттың ерекшеліктерін және ішкі тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, сатып алу тәсілдерін жүйелі түрде трансформациялау. ССБ-ны қолдану сатып алулардың жиынтық құнын төмендетуді, сатып алынатын тауарлардың сапасын арттыруды, логистикалық шығындарды оңтайландыруды, сондай-ақ өтімсіз қорлар көлемін қысқартуды қамтамасыз етеді. ССБ-ның маңызды артықшылықтарының бірі - жеткізушіні таңдау кезінде тек сатып алу бағасын ғана емес, сонымен қатар меншіктің толық құнын (total cost of ownership) бағалауды қолдану болып табылады. Бұл өнімнің, жұмыстың немесе қызметтің өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі - сатып алудан бастап есептен шығаруға немесе жоюға дейінгі жалпы құнын бағалауды қолдану болып табылады.

Қордың және Қор ұйымдарының сатып алу санаттарының тізбесі

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың және Қор ұйымдарының сатып алу санаттарының тізбесіне 29 санат енгізілген, оның ішінде: Қор деңгейінде – 3; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 13; «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – 7; «Самұрық-Энерго» АҚ – 5; «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 1.

Қордың сатып алу санаттық стратегияларын әзірлеу және іске асыру

2025 жылы «Арнайы киім», «IT-жабдық» және «Құбыр өнімдері» санаттары бойынша Қордың үш сатып алу санаттық стратегия жобаларын өзектендіру жұмыстары жүргізілді. Жедел деректерге сәйкес, Қордың сатып алу санаттық стратегияларын іске асыру нәтижесінде экономикалық әсер 7,4 млрд теңгені құрады, бұл жалпы шығындардың 
14%-ына тең.

Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің Бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын одан әрі дамыту

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің Бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі — ТЖҚ БНА) жалпы саны 54 181-ге жетті, оның ішінде 51 677 код – тауарлар бойынша, 592 код – жұмыстар бойынша және 
1 912 код – қызметтер бойынша.

Есепті жылы ТЖҚ БНА жүйесінде жаңа кодтарды енгізуге қатысты 2 180 өтінім қаралды. Қарау нәтижесінде 477 код бекітіліп, 1 703 өтінім бойынша өтініш берушілерге қолданыстағы кодтарды дұрыс таңдау жөнінде ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, 78 қолданыстағы позиция жаңартылды.

Анықтамалықтың функционалдығын жетілдіру жалғастырылды: кодтар мақсаты мен қолданылу аясына қарай топтарға және кіші топтарға жіктелді, бұл іздеуді жеңілдетті және сатып алу рәсімдерінде оларды қолданудың дәлдігін арттырды.

Есепті жылы жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖҚ БНА кодтарын қолдануға көшуі қамтамасыз етілді, оның ішінде тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімі порталына көшірілу жүзеге асырылды. Сонымен қатар, порталда ТЖҚ БНА кодтарын міндетті түрде көрсету арқылы, қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін қалыптастыру басталды.

2025 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде ТЖҚ БНА жобаны іске асыру және сатып алуларды жүзеге асыру үшін қажетті анықтамалықтардың бірі ретінде айқындалды.

Өндірістік жабдық

39. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізілімі мемлекеттік ақпараттық жүйесі https://tizilim.gov.kz

40. Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі https://e-ondiris.gov.kz

Процесті цифрландыру

«Самұрық‑Қазына» Қоры сатып алуларды қоса алғанда, негізгі басқару процестеріне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды қамтамасыз етуде.

2025 жылы веб-порталда сатып алу мәселелері бойынша пайдаланушылармен кеңесуге арналған чатбот іске қосылды, ол шың кезеңінде техникалық қолдауға түсетін жүктемені азайтуға арналған. Қызмет тікелей чат режимінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар мен сатып алу рәсімдері бойынша түсіндірмелер береді. Сұраныстар «Қазақтелеком» суперкомпьютерінде жұмыс істейтін Alem-LLM тілдік моделін пайдаланып өңделеді, бұл шешімнің тұйықталған циклде жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Талдау және бақылау құралдарын дамыту жалғастырылды. 2025 жылы сатып алудың ақпараттық жүйесінде тауарларға жоспарлы бағаларды мониторингтеу жалпы сомасы 7,3 трлн теңгені құрайтын 10 619 тауар позициясын қамтыды, бұл жеткізушілер шеңберін кеңейтуге және баға бағдарларын қалыптастыру сапасын арттыруға ықпал етті.

Қосымша шара ретінде тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жоспарлы бағаларды қалыптастырудың жаңа әдіснамасы бекітілді. Жаңартылған тәсілді енгізу бюджеттік жоспарлаудың негізділігін арттыруға, есептеулерді біріздендіруге және бағаларды нарықтың өзекті жағдайларына жақындатуға бағытталған.

Сонымен қатар электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінің (ЭСАЖ) баға базасын дамыту жалғастырылды, онда нарық қатысушылары өзекті коммерциялық ұсыныстарды орналастырады. Бүгінгі күні дерекқорға ағымдағы бағалары бар 56 000-нан астам баға тізімі жүктелді (салыстыру үшін, 2018 жылдың басында шамамен 3 000 болды).

Жыл ішінде ЭСАЖ функционалын одан әрі дамыту бойынша келесі іс-шаралар іске асырылды:

  • Интеграциялық шинаны жаңғырту;
  • Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімімен және мүгедектер ұйымдарының тізілімімен интеграция;
  • Күнделікті немесе апталық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін БҚБҰСАТ сатып алу тәсілінің жаңа түрін әзірлеу;
  • Электрондық әмиянды жаңғырту;
  • ҰТК және ТЖҚ СЖЖ енгізу;
  • Электрондық әмиян функционалын кеңейту;
  • Ұлттық жоба шеңберінде ЭСАЖ қосалқы жүйелерін – сатып алулардың электрондық платформасының модульдерін іске асыру.

Жосықсыз жеткізушілер тізімі

СҚК жосықсыз жеткізушілердің тізбесін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады. 2025 жыл ішінде Тізбеге 1 968 әлеуетті жеткізуші енгізілді, оның ішінде: 1 068 – шарт жасасудан жалтарғаны үшін (автоматты түрде); 764 – шарттық міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы туралы сот шешімдері негізінде; 52 – шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуі үшін; 84 – сатып алу рәсімдері барысында дәйексіз ақпарат ұсынғаны үшін.

2026 жылға арналған жоспарлар

2026 жылы электрондық сатып алу ақпараттық жүйесін әзірлеу процестерді цифрландыруды тереңдетуге және сатып алу қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталады.

Компания платформаның функционалын ауқымдауға, мемлекеттік және салалық ақпараттық жүйелермен интеграцияны кеңейтуге, сондай-ақ басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру үшін талдамалық құралдарды дамытуға басымдық береді. Жасанды интеллект технологияларын енгізу, оның ішінде өтініштерді өңдеуді автоматтандыру, номенклатураны интеллектуалды іріктеу және шешім қабылдауды қолдауға арналған корпоративтік құралдарды құру маңызды бағыттардың бірі болады.

Сонымен қатар, жоспарларға интеграция архитектурасын әзірлеу және жұмыс пен қызметтердің автоматтандырылған бағасын бақылауды іске қосу кіреді, бұл сатып алулардың ашықтығын арттыруға және операциялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл бастамаларды іске асыру масштабталатын цифрлық сатып алу платформасын құруға, ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартуға және одан әрі өсу үшін тұрақты негіз қалауға бағытталған.