Ішкі аудит қызметі
Қорда Тәуелсіз ішкі аудит қызметі жұмыс істейді, ол Қордың Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді, сондай-ақ оған Қордың Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді. Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметінің құрамын, қызметкерлерге сыйақы мөлшерін айқындайды, ішкі аудит саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ жылдық аудиторлық жоспар мен бюджетті бекітеді.
Қызмет өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қордың жарғысын, Қордың Директорлар Кеңесі бекіткен оның органдарының шешімдерін жылдық аудиторлық жоспарды және басқа да ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Ішкі аудит қызметі қызметінің негізгі мақсаты Қордың Директорлар кеңесіне қордағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.
2025 жылы Қызмет жоспардан тыс тексерулерді қоса алғанда, жылдық аудит жоспарын 105%-ға орындады. Тиісті процестерді қарау негізінде ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Ұсыныстардың орындалуын бақылау нәтижелері тоқсан сайын Директорлар кеңесіне ұсынылып отырды.
Ұсыныстардың орындалуын бақылау нәтижелері тоқсан сайын Директорлар кеңесіне ұсынылып отырды.
Сонымен қатар, кеңес беру жұмыстарының бөлігі ретінде Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері жұмыс топтарының құрамында Қордың жоспардан тыс аудиттеріне қатысты және корпоративтік директорлар кеңестеріндегі Қор өкілдеріне консультациялық қолдау көрсетті.
2023 жылы ішкі аудит қызметі PwC аудиторлық компаниясы жүргізген Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және Ішкі аудиторлар институты әзірлеген Этика Кодексіне сәйкестігі бойынша сыртқы тәуелсіз бағалаудан сәтті өтті. Бағалау нәтижелері Ішкі аудит қызметінің қызметі белгіленген стандарттар мен этика нормаларына сәйкес келетіндігін растады, бұл қызмет жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Аталған бағалау ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес әр 5 жылда бір рет жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2025 жыл ішінде ішкі аудиторлардың тәуелсіздігіне немесе жеке объективтілігіне теріс әсер ететін фактілер тіркелмеген. Тоқсан сайынғы негізде Ішкі аудит қызметінің есептері Аудит жөніндегі комитет пен Қордың Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралып, талқыланды.