Сегменттер бойынша түсім
| Көрсеткіш, млрд теңге | 2024 | 2025 |
|---|---|---|
| Шикі мұнай сату | 4 671 | 4 730 |
| Мұнай өнімдерін сату | 2 592 | 3 361 |
| Теміржол жүк тасымалы | 1 870 | 2 456 |
| Тазартылған алтынды өткізу | 1 260 | 1 936 |
| Уран өнімдерін сату | 1 715 | 1 692 |
| Газ өңдеу өнімдерін сату | 1 091 | 1 153 |
| Электр және жылу энергиясын өткізу | 517 | 618 |
| Телекоммуникациялық қызметтер | 696 | 536 |
| Мұнай және газ тасымалдау | 385 | 420 |
| Электр энергиясын тасымалдау | 237 | 294 |
| Алыс-беріс мұнайды өңдеу | 259 | 247 |
| Жолаушыларды теміржол тасымалы | 115 | 135 |
| Электр қуатының дайын күйін ұстап тұру қызметтері | 72 | 81 |
| Телекоммуникациялық жабдықтар мен мобильді құрылғыларды сату | 37 | 42 |
| Пошта қызметтері | 35 | 39 |
| Қаржылық қызметтер мен комиссиялардан түсетін кірістер | 21 | 27 |
| Әуе тасымалы | 78 | 6 |
| Өзге де кірістер | 638 | 795 |
| Жалгерлік кіріс | 98 | 151 |
| Пайыздық кіріс | 49 | 54 |
| Барлығы | 16 433 | 18 772 |
Сегменттер бойынша түсімнің өсуі сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен туындайды.
2025 жылы мұнай секторында мұнайдың әлемдік бағасының бір баррель үшін 80,76 АҚШ долларынан 69,10 АҚШ долларына дейін төмендеуіне қарамастан, түсімнің өсуі тіркелді. Бұл өсім теңгенің АҚШ долларына қатысты жылдық мәнде әлсіреуімен, сондай-ақ KMG International компаниясының мұнай өнімдерін сатудан түсетін табыстың артуымен түсіндіріледі.
Теміржол жүк тасымалдары тарифтердің жоғарылауы, бағамдық айырма және жүк вагондары паркімен операциялардан түсетін табыстың артуы есебінен өсті.
2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда газ операцияларынан түскен кірістің өсуі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында газ сатудан түскен кірістің артуымен байланысты болды, бұл 2025 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап көтерме газ бағасының орташа есеппен 33%-ға өсуіне, сондай-ақ сату көлемінің 2%-ға өсуіне байланысты болды. Қосымша оң динамика Ресей Федерациясынан Өзбекстанға Орта Азия – Орталық (ОАЦ) жүйесі арқылы газ тасымалдау көлемінің 15%-ға өсуі (газ реверсі) нәтижесінде халықаралық газ транзитінен түсетін кірістердің артуымен қамтамасыз етілді.
Уран өнімдерінің сатылымы 2024 жылмен салыстырғанда сату орташа бағасының 6%-ға төмендеуі нәтижесінде азады (2024 жылы: 69,48 АҚШ доллары; 2025 жылы: 65,13 АҚШ доллары), бұл табиғи уранның спот бағасының төмендеуімен байланысты.
Мұнай мен газды тасымалдау да құбырлар және теңіз бағыттары бойынша тасымалдау көлемдерінің артуына байланысты өсті.
Электр энергетикасы секторындағы өсім 2025 жылғы ақпан айынан бастап тарифтердің көтерілуімен байланысты.
Аффинаждалған алтынды сатудан түскен түсімнің өсуі алтын бағасының жоғарылауымен және құрамында алтын бар шикізат жеткізілімдерінің ұлғаюы есебінен сату көлемінің артуымен түсіндіріледі.
Пошта қызметтері бойынша түсімнің өсуі негізінен сәлемдемелер көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ жүк тасымалдау және кедендік өкілдік қызметтерінен түсетін қосымша кірістермен қамтамасыз етілді.
Телекоммуникациялық қызметтер бойынша түсімнің 159 млрд теңгеге (-23%) төмендеуі, соның ішінде «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің (бұдан әрі – МТС) 100% үлесінің сатылуымен байланысты. Мәміле 2025 жылдың 14 қаңтарында, бірінші төлем расталғаннан және компания қайта тіркелгеннен кейін аяқталды. Нәтижесінде «Қазақтелеком» АҚ MTS-ті бақылаудан шығарды. Осыған байланысты МТС көрсеткіштері ХҚЕС 5-ке сәйкес қаржылық есептілігінде шоғырландырылмайды.
