БҰҰ ТДМ қағидаттарын ұстану
Тұрақты дамумақсаттары











Қор және оның портфельдік компаниялары Біріккен Ұлттар ұйымы қабылдаған тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі - БҰҰ ТДМ), БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына, БҰҰ Жауапты инвестициялау қағидаттарына, Экватор Қағидаттарына бейілділігін бөліседі.
Салалық ерекшелікті және тұрақты дамудың негізгі аспектілерін бағалауды ескере отырып, Қор стратегиялық маңыздылығы мен ықпал ету әлеуеті жоғары 11 басым ТДМ-ды айқындады. Бұл мақсаттарды таңдау Қордың тұрақты дамуға жүйелі көзқарасын көрсетеді және өмір сапасын арттыруға, адами капиталды дамытуға, «жасыл» технологиялар мен инновациялық инфрақұрылымды ілгерілетуге, корпоративтік басқарудың ашықтығын күшейтуге, сондай-ақ әріптестікті дамытуға бағытталған.
Қор өз стратегиясының, мақсаттарының және міндеттерінің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен, Климаттың өзгеруі туралы Париж келісімімен және тиісті ұлттық және аймақтық басымдықтармен (бірақ онымен шектелмей) қоса алғанда, жалпы тұрақты даму нұсқауларымен сәйкестігін қамтамасыз етеді. Тұрақты даму саласындағы іс-шаралар Қордың Даму стратегиясын (Даму жоспарын) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына ықпалдастырылады. Осы бағыттағы Қор қызметі туралы толық ақпарат Тұрақты даму саласындағы есебінде көрсетілген.
Қордың тұрақты дамуының негізгі көрсеткіштері42
Аймақтар мен жергілікті қоғамдастықтардың дамуына қосқан үлесі
2024 – 18 470
21 231
Құрылған тікелей экономикалық құны, млрд теңге
2024 – 3 441
2 770
ҚР мемлекетіне төлемдер, млрд теңге
2024 – 97
94
Отандық жеткізушілерден сатып алулардың үлесі, %
Еңбек тәжірибесі
2024 – 0,13
0,12
LTIF43 көрсеткіші
2024 – 263 942
266 322
Жыл соңындағы штаттық қызметкерлердің тізімдік саны, адам
2024 – 119
189
Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша инвестициялар, млрд теңге
Қоршаған орта
2024 – 57,8
61,9
Көміртек ізі, млн тонна СО2-балама
2024 – 48,4
52,1
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары (1- ауқым)
2024 – 9,5
9,8
Парниктік газдардың жанама шығарындылары (2- ауқым)
2024 – 324,8
331,1
Өндірістік компаниялардың қажеттіліктеріне су алу44, млн м3
2024 – 80 431,7
71 887,2
Су алудың жалпы көлемі, млн м3
2024 – 488,1
484,9
Ластаушы заттардың шығарындылары, мың тонна
2024 – 444,2
452,3
Энергетикалық ресурстарды жалпы тұтыну, млн ГДж
- 2025 жылға арналған ТДЕ және ШҚЕ есептілік шекаралары аясында.
- Сәйкесінше, «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін дамыту стратегиясына (2024–2028 жылдарға арналған), LTIF (жұмыс уақытын жоғалтумен байланысты жарақаттану коэффициенті) – өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытындыға сәйкес ауыр өндірістік жарақатқа жататын, еңбекке қабілеттілігін жоғалтумен болған жазатайым оқиғалардан зардап шеккен компания қызметкерлерінің саны (оның ішінде өлімге әкелетін) 1 миллион адам-сағатқа көбейтіліп, есептік 12 айдағы жалпы жұмыс істелген адам-сағат санына бөлінеді.
- СЭС су алуын есепке алмағанда.