Қаржылық көрсеткіштер
Қаржылық нәтижелер Қор активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыстың көрінісі болды. Қордың стратегиялық басымдығы ретінде активтердің ұзақ мерзімді құнын арттыру қала болып табылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың көлемі 44 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 19,8%-ға өсті.
Табыс 18 трлн теңгеден асып, 14% өсім көрсетті, ал таза пайда 2,3 трлн теңгеден жоғары деңгейде қалыптасып, өткен жылмен салыстырғандағы оң динамиканы растады.
Қордың ел экономикасы мен дамуына қосқан жалпы үлесі, оның ішінде мемлекетке төлемдер мен әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды қоса алғанда, 4 144 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 3 625 млрд теңге – бюджетке салық түсімдер, дивидендтер және жалғыз акционердің пайдасына өзге де төлемдер – 431 млрд теңге, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына– 75 млрд теңге және қайырымдылыққа – 13 млрд теңге бағытталды.
Инвестициялық жобалар
Қор 2025 жылы жалпы құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 10 ірі инфрақұрылымдық жоба аяқталды. Бұл жобалар энергетика, көлік, су ресурстары және өнеркәсіптік инфрақұрылым аясында негізгі салаларды қамтыды.
Кендірлі ауылында тәулігіне 50 000 м³ қуаттылығы бар тұщыландыру қондырғысы іске қосылды, бұл Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысы тұрғындарының тұщы су тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
«CASPI BITUM» зауытының қуаты жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайтылып, ішкі нарықты жол битумымен қамтамасыз етуге жағдай жасалынды.
«Талдықорған – Үшарал» газ құбыры салынды, нәтижесінде жалпы саны 134 мың адамды қамтитын 84 елді мекен газбен қамтуға қол жеткізеді.
Ақтауда жылына 120 мың ЖФБ өткізу қуаттылығы бар контейнерлік хаб ашылды, ал Алматыда жылына 115 мың ЖФБ қуаттылығымен ZHETYSU терминалы іске қосылды, бұл республиканың транзиттік әлеуетін арттырады.
Жаңаөзенде қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясы іске қосылып, өңірдегі «таза» электр энергиясын өндіру көлемін арттыру мүмкіндік жасалды.
«Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолдары салынуы аяқталып, өткізу қабілеті 5 есе артты. Сондай-ақ Алматы айналма теміржол желісі бойынша қозғалыс ашылды.
Жамбыл облысында SANY Renewable Energy компаниясымен әріптестікте жүзеге асырылған жел генераторлары компоненттерін өндіру зауытының техникалық іске қосылуын аяқтады.
Алматыда GoldCard компаниясымен серіктестікте есептегіштер шығаратын зауыт салынды.
Сатып алулар
Қордың сатып алу жүйесі арқылы қазақстандық өндірушілерді қолдау жүйесі жетілдірілуде. Отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 98%-ға ұлғайды, ал офтейк-келісімшарттар көлемі 35%-ға артып, 257 млрд теңгеге жетті.
Қордың веб-порталы Қазақстан Республикасы Үкіметімен энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру алаңы ретінде айқындалды. Жоба ЕҚДБ және АДБ халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Қордың сатып алу жүйесі алғаш рет ЕҚДБ, АДБ, ЭЫДҰ және ДБ тарапынан озық стандарттарға сәйкес деп танылды.
Цифрландыру және жасанды интеллект
Есептік кезеңде технологиялық трансформация мен жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударылды. «Самұрық-Қазына» тобы тиімділікті арттыруға, шығындарды азайтуға және технологиялық режимдерді оңтайландыруға бағытталған жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, 62 жобаны іске асыруда. Бұл жобалар Топтың барлық негізгі өндірістік нысандарын қамтиды.
Қор компаниялары өндірісте жасанды интеллектіні енгізуге басымдық берді. 2025 жылы Топтың 230 мыңнан астам қызметкері жасанды интеллект саласындағы базалық дағдылар бойынша оқытудан өтті.
Ғылыми-қолданбалы жобалар
Қор активтерінің тиімділігін арттырудағы қолданбалы ғылымның рөлі арта түсуде.
«Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» жалпы алғанда 5 жыл ішінде шамамен 244 млрд теңге экономикалық әсер беретін 49 жобаны іске асыруда. 2025 жылдың соңына қарай жалпы құны 3 млрд теңгені құрайтын 7 жоба аяқталды. Мұнай-газ саласында жобалар ілеспе газды өңдеу тереңдігін арттыруға және «Қаражанбасмұнай» кен орнының ресурстық базасын кеңейтуге бағытталған.
Өндірістік қауіпсіздік
Өндірістік қауіпсіздік саласындағы жүйелі жұмыс жарақаттану деңгейін 27%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, ал LTIF коэффициентін 0,12 деңгейіне дейін төмендетті. Бұл қауіпсіздік мәдениетінің тұрақты жақсаруын көрсетеді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Қор әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына ұзақ мерзімді стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде бейілділігін сақтайды.
Инклюзия, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салаларындағы бастамалар кең ауқымды қоғамдық әсер береді. Инклюзивті қолдау инфрақұрылымына ондаған оңалту орталықтары мен арнайы білім беру кеңістіктері кіреді.
Жалпы алғанда 55 оңалту орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 10-ы 2025 жылы ашылды. Инклюзияны қолдау бойынша 17 кабинет (жалпы саны – 31) іске қосылып, онда 2 мыңнан астам бала білім алуда.
Жыл сайын Қор бастамалары шамамен 1 млн азаматты қамтып, өлшенетін әлеуметтік әсер қалыптастырып, елдің адами капиталын нығайтады.
Біз активтерді басқару тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар елдің инфрақұрылымдық, технологиялық және әлеуметтік негізін қалыптастырамыз. 2026 жылы Қор тұрақты өсімге, технологиялық дамуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бастамаларды іске асыруды жалғастырады.