Мұнай және газ
Шикізат кірістерін түрлендіру
2002 жылы негізі қаланған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы, 15 өңірде бейінді қызметтер көрсетуді қоса алғанда, көмірсутектерді іздеуді, өндіруді, тасымалдауды және өңдеуді, мұнай-газ секторындағы қызметтің толық спектрін қамтиды.
Көмірсутектер қоры (2P)
724млн т. м.э
ҚМГ ел аумағындағы төрт ірі мұнай өңдеу зауытын және Румыниядағы екі зауытты басқара отырып, мұнай-газ нарығында Қазақстанның мүдделерін білдіруде негізгі рөл атқарады. Компания Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы ірі мұнай-газ жобаларын іске асыруға қатысады және халықаралық стратегиялық инвесторлармен ынтымақтастық жасайды.
2025 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері
| Көрсеткіш | 2024 | 2025 |
|---|---|---|
| Өндірістік көрсеткіштер, млн тонна: | ||
| Мұнай және газ конденсаты өндірісінің көлемі | 23,8 | 26,2 |
| Мұнай өңдеу көлемі | 19,2 | 21,0 |
| ҚР-да қайта өңдеу көлемі | 14,2 | 18,4 |
| Мұнай тасымалдау көлемі | 83,5 | 83,3 |
| Газ өндіру, млрд м³ | 9,6 | 11,4 |
| Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге: | ||
| Түсім | 8 330 | 9 371 |
| Дивидендтер | 300 | 300 |
| Таза пайда | 1 094 | 1 072 |
| Шығындар | 7 780,6 | 9 012,96 |
| Операциялық пайда | 1 467,6 | 1 650,7 |
| Таза қарыз | 1 163 | 375 |
| Тұрақты даму көрсеткіштері: | ||
| Парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының жалпы көлемі (1 және 2-ауқым), млн тонна CO2-балама | 12,36 | 12,77 |
| Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер) | 21 (21) | 20 (21) |
| Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар) | 1 (1) | 1 (1) |
2025 жылы Компания операциялық тиімділікті жүйелі түрде арттыруды және озық технологиялық шешімдерді енгізу арқылы өзгермелі жағдайларға бизнес‑модельді бейімдеуді қамтитын стратегиялық басымдықтарға назар аударды.
Мұнай-газ жобалары
2025 жылы «Теңізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жобасын іске асырудағы маңызды кезеңді аяқтады – Теңіз кен орнындағы жаңа Үшінші буын зауытында шикі мұнай өндіру басталды.
Жаңартылатын энергетика жобалары
ENI компаниясымен бірлескен жоба шеңберінде қуаты 50 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді, сонымен қатар қуаты 247 МВт гибридті электр станциясының құрылысы жалғасуда.
TotalEnergies және «Самұрық-Энерго» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Жамбыл облысындағы қуаты 1 ГВт гибридті жел электр станциясының базалық жобалауы аяқталды.
Геологиялық барлау
CNOOC және Sinopec халықаралық мұнай-газ компанияларымен бірлесіп, ҚМГ жер қойнауын пайдалану құқығын алып, екі жаңа жобаны іске асыруға кірісті.
Қызылорда облысындағы «Торғай Палеозой» және Атырау облысындағы «Қаратон Подсолевой» жобалары бойынша екі терең барлау ұңғымасын бұрғылау аяқталды.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
2025 жылы «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытын жаңғырту аяқталды, соның нәтижесінде мұнай өңдеу қуаты жылына 1,0 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін, ал битум өндірісі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары рекордтық көрсеткіштерге жетті: көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 14,7 млн тоннаға, ал мұнай өнімдерін өндіру 13,5 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар, мұнай өңдеу тереңдігі 90,1%-ға, ал ашық (жеңіл) мұнай өнімдерінің үлесі 77,7%-ға дейін өсті. Бензин өндірісі 4,6 млн тоннаға, дизель отыны өндірісі 5,1 млн тоннаға жетіп, салалық абсолюттік максимумдарды белгіледі.
Мұнай-газ химиясын дамыту
KPI еліміздегі алғашқы интеграцияланған газ-химия кешені ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда. 2025 жылдың қорытындылары бойынша полипропилен өндірісі 49,4%-ға артып, 375 мың тоннаны құрады Өсім өнім түрлерін кеңейту, өндірістік қуаттарды тұрақты жүктеу және операциялық тиімділікті арттыру есебінен қамтамасыз етілді.
Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында «Силлено» полиэтилен өндіру зауытының құрылысы басталды. Жобаны іске асыру Қазақстанға импортталатын өнімдердің шамамен 90%-ын алмастыратын өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жауапкершілік
ҚМГ Маңғыстау облысындағы ірі әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың бірін іске асырып, Жаңаөзен қаласына жақын жерде тәулігіне 50 мың м³ ауыз су өндіру қуаты бар «Кендірлі» тұщыту зауытын салды. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында ауысыммен 1,5 мыңға дейін оқушыны қабылдауға есептелген, ауданы 3 мың м²-ден асатын заманауи білім беру орталығы – Bolashaq Sarayi оқушылар сарайы ашылды. Аталған жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға және жергілікті халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.
Көмірсутек шикізатының қорлары
2025 жылы ҚМГ‑ның дәлелденген және ықтимал көмірсутек қорларының (2P) көлемі 724 млн тонна мұнай баламасын, немесе 5 626 млн баррельді құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылғы деңгейде сақталды, ал өндіруді толықтыру коэффициенті 100%-ға жетті. Қорлардың толықтырылуы қор санаттарын нақтылау, жүргізілген геологиялық‑техникалық жұмыстар, сондай‑ақ Қашаған және Дунга кен орындары бойынша көлемдерді қайта қарау нәтижесінде қамтамасыз етілді.
Дәлелденген + ықтимал (2P)
5 626млн баррель
PRMS бойынша көмірсутектердің таза қорлары (2025 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)
| Қор санаты, млн тонна м.э. | 2024 (ҚМГ үлесіне) | 2025 (ҚМГ үлесіне) |
|---|---|---|
| Дәлелденген (1Р) | 452 | 455 |
| Дәлелденген + ықтимал (2P) | 716 | 724 |
| Дәлелденген + ықтимал + болжамды (3P) | 794 | 805 |
Мұнай мен газды геологиялық барлау және өндіру
ҚМГ геологиялық зерттеу және кен орындарын игеру бойынша негізгі жобаларды іске асыруды жалғастыруда.
ЖГЗ 1.0 жобасы аясында Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы Мұғалжар, Березовский, Жарқын, Болашақ және Солтүстік Өзен учаскелері бойынша жаңа сейсмикалық барлау деректерін өңдеу және интерпретациялау аяқталды. Сонымен қатар, ЖГЗ 2.0 жобасы аясында Оңтүстік Шу-Сарысу және Береке учаскелерінде далалық сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ Шығыс учаскесі бойынша тарихи деректерді қайта өңдеу аяқталды.
Тайсойған-1 және Тайсойған-2 учаскелерінде бұрғылау жұмыстары, оның ішінде төрт іздестіру ұңғымасын бұрғылау аяқталды.
Бұдан бөлек, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы перспективалы учаскелерде көмірсутектерді геологиялық барлау және кейінгі өндіруді көздейтін жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа келісімшарттар жасалды.
Рожков кен орнында 1-кезеңнің жобалық жабдығына көшу қамтамасыз етілді: 2025 жылы өндіру көлемі 469 млн м³ газды және 343 мың тонна конденсатты құрады.
Шығыс Өріктау кен орнында екі пайдалану ұңғымасын бұрғылау және мұнай құбырын күрделі жөндеу аяқталды; нақты өндіру көлемі 95 мың тонна көмірсутек шикізатын және 79 млн м³ ілеспе газды құрады. Сонымен қатар кен орнының газ‑конденсат бөлігін өнеркәсіптік игеруге дайындау жалғасуда, оған шамамен 30 млрд м³ газ қоры тартылмақ. Орталық Үріхтауды игеру 2026 жылға жоспарланған, жылына шамамен 1 млрд м³ газ өндіру әлеуетіне қол жеткізу көзделуде.
Көмірсутек шикізатын өндіру
2025 жылы ҚМГ‑ның мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 26 211 мың тоннаны (тәулігіне 544 мың баррель) құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты.
Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдауға дейінгі көлемдер) 20%-ға ұлғайып, 11 450 млн м³‑ге жетті.
Мұнай және газ конденсаты өндірісінің көлемі
26,2млн тонна
2025 жылғы мұнай және конденсатын өндіру көлемі, мың тонна
| Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, мың тонна | 2024 (ҚМГ үлесіне) | 2025 (ҚМГ үлесіне) |
|---|---|---|
| Өзенмұнайгаз | 5 098 | 5 079 |
| Маңғыстаумұнайгаз | 3 085 | 3 083 |
| Ембімұнайгаз | 2 790 | 2 850 |
| ТШО | 5 562 | 7 802 |
| «ҚМГ Қашаған Б.В.» | 2 885 | 3 025 |
| «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | 1 097 | 1 091 |
| Өзгелері | 3 321 | 3 281 |
| Барлығы | 23 837 | 26 211 |
Теңіз кен орнында ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай өндіру айтарлықтай өсіп, 7 802 мың тоннаны құрады, бұл өткен жыл деңгейінен 40,3%-ға жоғары. Өсім негізінен Болашақ кеңейту жобасының аяқталуына және өндірістік қуаттарды арттырған Үшінші буын зауытының (ҮБЗ) іске қосылуына байланысты қамтамасыз етілді.
Қашаған кен орнында өндіру көлемі шамамен 3 025 мың тоннаны құрап, технологиялық желілердің тұрақты жұмысының нәтижесінде 4,9%-ға артты.
Қарашығанақта ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай және конденсат өндіру 1 091 мың тоннаны құрады, ал газ өндіру көлемі бесінші компрессордың іске қосылуы есебінен жоспардан асып, 2 525 млн м³-ге жетті.
«Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша өндіру көлемі тұрақты деңгейде сақталып, 5 079 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар «Ембімұнайгаз» АҚ-та өндірудің өсуі Батыс Прорва кен орнында қуаттарды техникалық іске қосу есебінен қамтамасыз етілді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндіру көлемі 3 083 мың тоннаны құрады, ал өзге активтер арасында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС ұңғымаларды толыққанды пайдалануға беру есебінен ең жоғары өсімді көрсетті.
Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ мегажобалары
ҚМГ халықаралық стратегиялық инвесторлармен әріптестікте елдің ірі мұнай‑газ жобаларына белсенді қатысуда, оның ішінде Теңіз (20%), Қашаған (16,88%) және Қарашығанақ (10%).
Теңіз кен орнында жылдық өндіру көлемін 12 млн тоннаға ұлғайтуды көздейтін Болашақ кеңейту жобасы/Сағалық қысымды басқару жобасы (БКЖ/СҚБЖ) іске асыру аяқталды.
Үшінші буын зауытында алғашқы мұнай алынды. Қазіргі уақытта ТШО-дағы жалпы тәуліктік мұнай өндіру көлемі шамамен 120 мың тонна құрайды.
Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессорды орнату жобасын іске асыру жалғасуда: 2025 жылғы наурызда пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды. Сонымен қатар алтыншы компрессордың құрылысы белсенді жүргізілуде. Аталған іс-шаралар кешені көмірсутек шикізатын өндіруді жылына 10–11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Қашаған кен орнында өндіру 1-кезең аясында жүзеге асырылуда, сонымен қатар 2-кезең жобалары пысықталуда. Атап айтқанда, 2А кезеңі жылына 2,5 млрд м³ қуаттылықтағы жоспарланып отырған газ өңдеу зауытына шикі газ жеткізу есебінен тәулігіне 6,3 мың тоннаға дейін өндіруді арттыруды көздейді. Сонымен бірге 2Б кезеңі тәулігіне 26,5 мың тонна мұнай өндіру өсіміне бағытталған.
Мұнай тасымалдау
ҚМГ қолданыстағы көлік инфрақұрылымының жүктемесін арттыру және экспорттық бағыттарды әртараптандыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Магистральдық және теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 83,3 млн тоннаны құрады.
Магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау 3,3%-ға өсіп, 72 629 мың тоннаға жетті. Бұл өсім Болашақ кеңейту жобасын іске асыруға байланысты КҚК жүйесі арқылы Теңіз мұнайы көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ ішкі нарықта мұнай өңдеу зауыттары бағытына жеткізілімдердің артуымен байланысты.
Теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 10 701 мың тоннаны құрады; көрсеткіштердің төмендеуі ашық теңіздердегі тасымал көлемінің қысқаруымен және 2025 жылғы тамыз–қазан айлары аралығында Ақтау–Баку бағытының уақытша тоқтатылуымен байланысты.
2025 жылы Германияға мұнай жеткізу көлемі 2,1 млн тоннаға дейін ұлғайып, 2024 жылғы деңгейден 40%-ға жоғары нәтижеге қол жеткізілді.
Мұнай тасымалдау көлемі
83,3млн тонна
2025 жылы мұнай тасымалдау көлемі
| Мұнай тасымалдау көлемі 23, мың тонна | 2024 (ҚМГ үлесіне) | 2025 (ҚМГ үлесіне) |
|---|---|---|
| ҚазТрансОйл | 44 887 | 45 120 |
| Қазақстан-Қытай құбыры | 9 394 | 9 750 |
| МұнайТас24 | 2 953 | 3 126 |
| Каспий Құбыр желісі Консорциумы | 13 074 | 14 634 |
| Қазақтеңізкөлікфлоты | 13 169 | 10 701 |
| Барлығы | 83 478 | 83 330 |
Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің маркетингі
2025 жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары мұнай өңдеу бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, көлем 3,2%-ға өсіп, 14 698 мың тоннаны құрады. Өсім ПҚОП жоспарлы жөндеуге тоқтаусыз тұрақты жұмыс істеуі және жеңіл мұнай өнімдерін өндіруді кеңейту мақсатында Павлодар мұнай‑химия зауытына (ПМХЗ) мұнай жеткізілімдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді. Румыниядағы KMG International зауыттарында (Петромидия, Вега) өңдеу көлемі 27,9%-ға ұлғайып, 6 282 мың тоннаны құрады.
Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу
14,7млн тонна
2025 жылы көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемі
| Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу, мың тонна | 2024 (ҚМГ үлесіне) | 2025 (ҚМГ үлесіне) |
|---|---|---|
| АМӨЗ | 5 547 | 5 471 |
| ПМХЗ | 5 500 | 5 765 |
| ПҚОП25 | 2 872 | 3 114 |
| Caspi Bitum26 | 327 | 348 |
| Петромидия және Вега | 4 912 | 6 282 |
| Барлығы | 19 158 | 20 980 |
Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі 20 980 мың тоннаны құрады.
Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауытында өңдеу тереңдігінің рекордтық деңгейі – 90,1% – қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн. Жеңіл мұнай өнімдерін өндіруді арттыру жөніндегі іс‑шаралар шеңберінде олардың үлесі елдің барлық мұнай өңдеу зауыттары бойынша 77,7%-ға жетіп, тарихи максимумға қол жеткізілді.
CNPC серіктесімен бірлесіп іске асырылатын Шымкент мұнай өңдеу зауытының (ПҚОП) қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайту жобасы бойынша алдын ала ТЭН-ді түзету аяқталды.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласында қуаты 900 млн м³ жаңа газ өңдеу зауытын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы есепті кезеңде CITIC Construction Co., Ltd. компаниясымен қол қойылған келісім шеңберінде ілгерілетілуде.
- Мұнай көлемдерінің бір бөлігі екі немесе үш құбыр тасымалдау компаниясы арқылы тасымалдануы мүмкін, тиісінше бұл көлемдер мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есепке алынады.
- «МұнайТас» үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын болып табылады, осыған байланысты тасымалдау көлемдері 51% меншік үлесіне сәйкес көрсетілген.
- ПҚОП және Caspi Bitum кәсіпорындары бойынша қайта өңдеу көлемі 50% үлес шегінде көрсетілген.
- ПҚОП және Caspi Bitum кәсіпорындары бойынша қайта өңдеу көлемі 50% үлесті, ал қалған зауыттар бойынша – 100% үлесті ескере отырып көрсетілген.
Мұнай-газ химиясы
ҚМГ ел экономикасы үшін елеулі мультипликативтік әсерге ие мұнай-газ химиясы бағытын дамытуды жалғастыруда.
Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақта жылдық қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен зауытының құрылысы бойынша негізгі құрылыс жұмыстары басталды. Жобаны шикізатпен (этан) қамтамасыз ету мақсатында газды бөлу кешенінің құрылысы жүргізілуде, ерте кезеңдегі құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ есептік жылы магистральдық құбырлар (этан, пропан) салу жобасын іске асыру кезеңіне көшу туралы түпкілікті инвестициялық шешім қабылданды.
KPI интеграцияланған газ-химия кешені өнім түрлерінің желісін 15 маркаға дейін кеңейтіп, 375 мың тонна полипропилен өндірді, оның 363,8 мың тоннасы Еуропа, Қытай, Түркия және Ресейге экспортталды. Ішкі нарықта KPI-дың нарықтағы үлесі 67%-ға дейін артып, импортталатын полипропилен үлесін 8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
ҚМГ ішкі нарықты да, экспортты да азотты тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін жылдық қуаты 800 мың тонна карбамид өндіретін зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.
ҚМГ мұнай-газ химиясы жобаларын жүйелі түрде іске асыру өндірістік қуаттарды кеңейтуге, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруды ұлғайтуға, сондай-ақ ішкі өңдеу деңгейі мен экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.
Тұрақты даму
Компания экономикалық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтардың теңгерімін қамтамасыз ете отырып және корпоративтік басқаруды жетілдіре отырып, тұрақты даму жүйесін жоспарлы түрде қалыптастыруды жалғастыруда.
Төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында Компания операциялық қызметтің көміртек сыйымдылығын кезең-кезеңімен төмендетуге және стратегиялық климаттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүйелі түрде іске асыруда.
ҚМГ мұнай-газ компаниялары деңгейінде метан шығарындылары бойынша есептілік жүргізу жөніндегі OGMP 2.0 бастамасына қосылып, оның аясында UNEP-ке есептілік ұсынды.
Маңғыстау облысында қуаты 50 МВт күн электр станциясы және «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты пайдалануға берілді. Есепті кезеңде ҚМГ халықаралық Carbon Disclosure Project (CDP) есептілік жүйесі шеңберінде «B» деңгейіндегі климаттық рейтингін сақтады. Сонымен қатар, Компанияның тұрақты даму менеджмент жүйесі MSCI ESG рейтингі бойынша «BBB» деңгейіне бағаланды. Бұл Компанияның ESG саласындағы корпоративтік орнықтылығын және климаттық тәуекелдерді басқару бойынша жүйелі жұмысын айқын көрсетеді.
2026 жылға арналған жоспарлар
ҚМГ геологиялық барлау, мұнай мен газды өңдеу және ішкі нарықты жанар‑жағармай өнімдерімен қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жобаларды іске асыруды жалғастырады.
Барлау және өндіру
Қаратон Подсолевой учаскесінде перспективалы интервалдарды сынақтан өткізу және «Болашақ» жобасы бойынша алғашқы іздестіру ұңғымасын бұрғылау бастау жоспарлануда. Рожков кен орнын дамыту шеңберінде мұнай және конденсат өндіру көлемдерін жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес қамтамасыз ету көзделген.
Орталық Өріктау кен орнында өнеркәсіптік игеруді іске қосу жоспарланып, газ өндіруді жобалық деңгейге дейін кезең-кезеңімен ұлғайту қарастырылған. Сонымен қатар Өзен және Қарамандыбас кен орындарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасады, оның ішінде жаңа ұңғымаларды бұрғылау және инфрақұрылымды жаңғырту көзделген.
Газ сегменті
Газ өндіру көлемін арттыру мақсатында Қарашығанақта газды кері айдауға арналған алтыншы компрессорды пайдалануға беру жоспарлануда. Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд м³ газ өңдеу зауытын іске қосу күтілуде. Сондай‑ақ ресурс базасын қалыптастыру және газ‑конденсатты учаскелерді игеру жұмыстары жалғасады.
Мұнайды тасымалдау
КҚК теңіз терминалында пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты жабдықтарды жоспарлы түрде ауыстыру қарастырылған.
«Афрамакс» немесе «Суэцмакс» класты екі танкерді сатып алу жобасын іске асыру жалғасады.
2026 жылға арналған жоспарларға AD Ports Group компаниясымен ынтымақтастық, оның ішінде сыйымдылығы 780 ЖФБ болатын контейнер тасымалдаушы кемелерді салу жобасы, сондай-ақ ASCO (Әзірбайжан) және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының қатысуымен Транскаспий паром жүйесін құру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) бірлесіп әзірлеу кіреді.
Мұнай-газ химиясы жобалары
Павлодар мұнай-химия зауытында қысқы дизель отынын өндіру жобасы аясындағы жоспарлы жұмыстарды аяқтау көзделген.
Сонымен қатар, «KPI» АҚ интеграцияланған газ-химия кешені полипропилен өндіру бойынша жобалық қуатқа шығуды жоспарлап отыр.
Атырау облысында полиэтилен өндіруге бағытталған газ-химия кешенінің екінші кезеңі объектілерінің құрылысы жалғасады, оның ішінде негізгі технологиялық қондырғыларды монтаждау және ілеспе инфрақұрылымды қалыптастыру қарастырылған.
Ішкі газ нарығына шолу
«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ магистралдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тауарлық газды тасымалдау үшін орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарумен, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтарда газдың халықаралық транзитін және сатылуын қамтамасыз етумен айналысатын тігінен интеграцияланған газ компаниясы болып табылады.
Сонымен қатар, QazaqGaz өзінің қатысу аймақтарында – 14 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада (Астана, Алматы және Шымкент) құбырлар мен газ қоймаларын жобалауға, құрылысын қаржыландыруға және оларды пайдалануға қатысады.
QazaqGaz газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор ретінде ұзындығы жыл сайын ұлғатын және бүгінгі күні 21,8 мың км-ден асатын (3 мың км газ құбырлары қосқанда) магистральдық газ құбырларының ең ірі желісін және ұзындығы 76,9 мың км-ден асатын газ тарату желілерін басқарады. Инфрақұрылымды дамыту газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірлерді газдандыру деңгейін кеңейтуге бағытталған.
Жылдық өткізу қабілеті
240млрд м3
2025 жылғы қызметтің негізгі нәтижелері
| Көрсеткіш | 2024 | 2025 |
|---|---|---|
| Өндірістік көрсеткіштер, млрд м3: | ||
| Газ тасымалдау көлемі | 88,4 | 88,9 |
| Өткізілген газ көлемі | 25,7 | 25,6 |
| Өткізілген газ көлемі (экспорт) | 5,7 | 5,0 |
| Газ өндіру көлемі | 0,29 | 0,29 |
| Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге: | ||
| Түсім | 1 259,4 | 1 349,8 |
| Дивидендтер | 22,8 | 0 |
| Таза пайда | 289,1 | 270,9 |
| Шығындар | 1 436,8 | 1 502,6 |
| Операциялық пайда | -31,5 | -81,3 |
| Таза қарыз | -25,3 | 80,4 |
| Төленген салық көлемі | 89,1 | 94,6 |
| Тұрақты даму көрсеткіштері: | ||
| Парниктік газдар шығарындылары, мың тонна CO2-балама | 3 997 | 4 180,32 |
| Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер) | 2 (2) | 2 (2) |
| Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар) | 0 | 0 |
QazaqGaz Компаниясы оң өзгерістерді іске асыруды жалғастыруда: өндірістік көрсеткіштер жақсаруда, газ көлік жүйесі жоспарлы түрде жаңғыртылуда, әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалар салынуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар жүзеге асырылуда.
Өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру
2025 жылы QazaqGaz негізгі бағыттар бойынша өсімді қамтамасыз ете отырып, операциялық қызметтің тұрақты динамикасын көрсетті:
- газдың халықаралық транзиті өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға өсті, бұл негізінен Ресей–Ресей (СОН/БУ) және Ресей–Өзбекстан (САЦ) бағыттары бойынша жеткізілімдердің ұлғаюымен байланысты;
- ішкі нарықта газ сату көлемі барлық тұтынушылар санаттары бойынша тұтынудың артуы есебінен 2%-ға өсті;
- 2025 жылдың соңында Барханная кен орнының пайдалануға берілуі ресурс базасын нығайтудың қосымша факторы болды.
Ресурстық базаны кеңейту
Қазақстанда өндірілетін табиғи газ қоры 3,8 трлн м³ көлемінде бағаланады, оның шамамен 2,7 трлн м³ ірі кен орындарында - Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және Жаңажолда шоғырланған.
Газ тұтынудың тұрақты өсуі жағдайында ресурстық базаны кеңейту QazaqGaz үшін негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала береді.
Қазақстанда өндірілетін табиғи газ қоры 3,8 трлн м³ көлемінде бағаланады, оның шамамен 2,7 трлн м³ ірі кен орындарында - Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және Жаңажолда шоғырланған.
Қолданыстағы бағалау бойынша QazaqGaz компаниясының өндіру портфеліндегі табиғи газдың қалдық қорының жалпы көлемі 15,2 млрд м³ құрайды, оның ішінде кен орындары бойынша:
- Амангелді — 9,52 млрд м³
- Айрақты — 2,41 млрд м³
- Анабай — 2,16 млрд м³
- Барханная — 1,07 млрд м³
- Жарқұм — 0,04 млрд м³
2025 жылғы келісімшарттар:
- Северный-2 (Ақтөбе облысы) — стратегиялық серіктес «КазАзот» АҚ-мен;
- Аққұдық (Маңғыстау облысы) — «КОР Мұнай компаниясы» АҚ-мен;
- Саралжын (Батыс Қазақстан облысы) — «QazaqGaz Барлау және өндіру» ЖШС күшімен геологиялық барлау;
- Барлық келісімшарттар мемлекетпен басым құқық шеңберінде тікелей келіссөздер нәтижесі бойынша жасалды.
Геологиялық барлау және өсу әлеуеті
Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жаңа учаскелердің әлеуетін растайды:
- Малдыбай учаскесінде газ кен орны анықталды;
- Қолданыстағы ұңғымаларды (№4, №1) қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Компания перспективалы учаскелер портфелін кеңейту мақсатында Қазақстандағы шөгінді бассейндердің газға қанықтылығына, оның ішінде аз зерттелген өңірлерге жүйелі талдау жүргізуде.
Инвестициялар тарту және әріптестік
2025 жылы геологиялық барлау және ресурстық базаны дамытуға инвестициялар тарту жұмыстары жалғастырылды.
Негізгі бағыттар:
- Chevron компаниясымен бірлесіп КТ‑III жобасын іске асыру, оның ішінде сейсмикалық деректерді интерпретациялау;
- Каменковский учаскесі бойынша Agip Caspian Sea B.V.-мен бірлескен жобаларды пысықтау;
- өнеркәсіптік серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейту.
Серіктестіктерді дамыту технологияларды тартуға, жобаларды іске асыру тәуекелдерін төмендетуге және инвестициялық жүктемені оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Көмірсутек шикізатын өндіру
2025 жылы «QazaqGaz Барлау және Өндіру» ЖШС өндірістік бағдарламаны жоспарланған көрсеткіштерден асыра орындауды қамтамасыз етті.
Табиғи газ өндіру көлемі жоспардағы 290,4 млн м³ қарсы 298,8 млн м³ құрады, ал газ конденсатын өндіру жоспардағы 10,9 мың тоннаға қарсы 11,7 мың тоннаны құрады.
Жыл қорытындысы бойынша жоспардан асыра орындау:
- табиғи газ бойынша – 2,9%;
- газ конденсаты бойынша – 7,2%.
Қол жеткізілген нәтижелер өндірістік қызметтің тұрақтылығын және өндіруді дамыту бағдарламаларын іске асыру тиімділігін көрсетеді.
2025 жылғы жоспардың орындалуыАуытқуАтауы Жоспар,
млн м³/мың тФакт,
млн м³/мың тмлн м³/ мың т
+/-Орындалуы,
% | ||||
|---|---|---|---|---|
| Табиғи газ | 290,412 | 298,795 | 8,383 | 102,9 |
| Газ конденсаты | 10,986 | 11,775 | 0,789 | 107,2 |
2025 жылы 11 ұңғыманы бұрғылау аяқталды, оның ішінде:
- Анабай, Амангелді, Айрақты және Барханная кен орындарындағы пайдалану ұңғымалары;
- ресурстық базаны нақтылауға бағытталған бағалау ұңғымалары.
Жүргізілген жұмыстар қазіргі өндіру деңгейін сақтауды және жаңа қорларды игеруге дайындауды қамтамасыз етеді.
2026 жылы Компания өндіру активтерін дамытуды жалғастыруды жоспарлап отыр, оның ішінде Анабай және Барханная кен орындарында жаңа пайдалану ұңғымаларын бұрғылау, сондай-ақ негізгі кен орындарында - Амангелді, Айрақты, Анабай және Барханная - қабатты гидравликалық жару жұмыстарын жүргізу көзделген.
Аталған іс-шараларды іске асыру өндірудің тұрақты деңгейін сақтауға және игеру тиімділігін арттыруға бағытталған.
Газды өңдеу
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес QazaqGaz Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м³ және 2,5 млрд м³ шикі газды өңдейтін газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын жүзеге асыруда. Қатар-лық UCC Holding компаниясымен бірлесіп сыртқы инвестицияларды тарту және жобалық қаржыландыруды ұйымдастыруға бағытталған бірқатар келісімдер жасалды. Аталған жобаларды іске асыру шикі газды өңдеу көлемдерін ұлғайтуға, өңдеу тереңдігін арттыруға және елдегі тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша қуаты 1 млрд м³ газ өңдеу зауыты жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары және технологиялық жабдықтарды орнату жалғасуда.
Сонымен қатар Қашаған кен орны базасында қуаты 2,5 млрд м³ екінші зауытты іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта серіктеспен жобаның негізгі коммерциялық және техникалық параметрлері пысықталуда.
Сұйытылған мұнай газы
2025 жылы QazaqGaz Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «PSA» ЖШС қатысуымен Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын (СМГ) сатып алу бойынша 2024 жылы Солтүстік Каспий жобасының серіктестерімен қол жеткізілген келісімдерді іске асыруды жалғастырды.
Осы келісімдерді дамыту мақсатында 2025 жылғы мамырда «Eskene LPG» ЖШС-мен (жоба операторы) Қашаған кен орнының сұйытылған мұнай газын қабылдау, тиеп‑түсіру және фракциялау қызметтерін көрсету туралы шарт жасалды. Жоба аясында оператор ұзақ мерзімді тарифке айырбас ретінде өндірістік объектілер мен ілеспе инфрақұрылымды өз қаражаты есебінен салуды өзіне алады.
2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша жобаның негізгі объектілері бойынша құрылыс‑монтаж жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде газ фракциялау зауыты, құбыр жүйесі, энергетикалық инфрақұрылым және желілік объектілер қамтылған. Негізгі технологиялық жабдық алаңға жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Жобаны іске асыру ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз етуге, осы отын түрі бойынша тапшылықты төмендетуге және Қазақстан Республикасының газ-химия саласын одан әрі дамыту үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту
2025 жылы QazaqGaz газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірлерді газдандыру деңгейін кеңейтуге бағытталған газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытуды жалғастырды.
Ұзындығы 302 км «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы, сондай-ақ газ құбыры-бұтақтарымен бірге алты автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталды. Жобаны іске асыру Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының шамамен 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл халықтың өмір сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы мен Қатар мемлекеті арасындағы стратегиялық әріптестік аясында ұзындығы 1 450 км «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобасын іске асыру жалғасуда. Жоба елдің оңтүстік және орталық өңірлерін газбен жабдықтауды күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, «КС‑14» компрессорлық станциясын және «КС‑14 – Қостанай» газ құбырын салу мәселелері пысықталуда, бұл өнеркәсіп пен халық тарапынан газға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту газдандыру деңгейінің артуын қамтамасыз етуде. Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті, бұл шамамен 13 млн адамның газға қол жеткізуін білдіреді.
2025 жылы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды пысықтау жалғастырылды. Атап айтқанда, солтүстік өңірлер мен астананы газбен жабдықтауға бағытталған «Ишим – Астана» газ құбырын іске асыру бойынша «Газпром» ЖАҚ-пен меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар ішкі нарықтағы тарифтердің залалдылығы факторы сақталуда: 2025 жылдың қорытындысы бойынша QazaqGaz шығындары 226,3 млрд теңгені құрады, бұл көтерме бағалардың деңгейі газды тасымалдау және сатып алу шығындарының өсуі арасындағы сәйкессіздікке байланысты.

Транзиттік әлеуетті нығайту
QazaqGaz газды халықаралық тасымалдау дәліздерін дамыту арқылы транзиттік әлеуетті кеңейту және күшейту бойынша міндеттерді жүйелі түрде іске асыруда.
«Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырын Ресей–Өзбекстан бағыты бойынша қосымша газ көлемдерін тасымалдауға дайындау аясында 2024–2025 жылдары құбырлардың ақаулы учаскелерін жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар кешені жүргізілді, оның ішінде «САЦ‑4»/«САЦ‑5» бөлінген бағыты бойынша іс-шаралар іске асырылды.
Қабылданған шаралар транзит көлемдерінің өсуін және газ тасымалдау жүйесінің өткізу қабілетін арттыруын қамтамасыз етті. Газ транзитінің көлемдері тұрақты оң динамиканы көрсетуде: 2023 жылғы 1,28 млрд м³-ден 2024 жылы 5,64 млрд м³-ге дейін және 2025 жылы 6,5 млрд м³-ге дейін өсті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттің нақты көлемі жоспарлы көрсеткіштен 1 млрд м³-ке асып, жоспардағы 5,5 млрд м³-ке қарсы 6,5 млрд м³-ті құрады, бұл мақсатты көрсеткіштердің озық орындалғанын көрсетеді. 2026 жылы транзит көлемін 7,3 млрд м³-ке дейін әрі қарай ұлғайту көзделуде.
«САЦ‑4» бағыты бойынша жобаның екінші кезеңі аясында транзит көлемдерін жылына 11 млрд м³‑ке дейін ұлғайту мүмкіндігі пысықталуда.
Сонымен қатар 2025 жылы Қазақстан аумағы арқылы Қырғыз Республикасының солтүстік өңірлеріне қосымша газ жеткізуді көздейтін жеткізу маршруттарын кеңейту туралы келісімге қол қойылды.
Газ транзитінің көлемдері
6,5млрд м3

Газды экспортқа және ішкі нарыққа өткізу
QazaqGaz қызметінің басым бағыты болып ішкі нарықта газды өткізу қала береді және халық пен өнеркәсіпті тұрақты газбен қамтамасыз етудің негізгі элементі болып табылады.
2025 жылы Компания «Газпром экспорт» ЖШҚ-мен жасалған келісімшарт шеңберінде Ресей газын Қазақстанға жеткізу бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырды. Импорттық газ жеткізілімдері сұраныс пен ұсынысты теңгерудің қосымша құралы ретінде пайдаланылады, оның ішінде тұтынудың шекті кезеңдерінде, сондай-ақ отандық жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік объектілерінде жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде.
Сонымен қатар, QazaqGaz экспорттық міндеттемелердің тұрақты орындалуын қамтамасыз етеді. PetroChina International Alashankou Company Limited компаниясымен жасалған ұзақ мерзімді (2023–2026 жылдар) келісімшарт шеңберінде Қытайға табиғи газ жеткізілімдері келісілген көлемдерде және ішкі нарықты қамтамасыз етуге нұқсан келтірмей жүзеге асырылуда.
Осылайша, Компания экспорттық позицияларын ұстап отырып, ішкі тұтынуға басымдық беруді қамтамасыз ететін ресурстарды бөлудің теңгерімді моделін қолдайды.
Тұрақты даму
QazaqGaz тұрақты даму қағидаттарын операциялық қызметке және корпоративтік басқаруға жүйелі түрде енгізуді жалғастыруда.
Компания GRI стандарттарына сәйкес қаржылық емес есептілікті қалыптастырып, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық көрсеткіштердің ашық түрде жариялауын қамтамасыз етеді. 2025 жылы БҰҰ Жаһандық шартына қатысу аясында ілгерілеу туралы есеп ұсынылып, бұл Компанияның тұрақты даму саласындағы халықаралық қағидаттарға бейілділігін растайды.
Есепті жылы парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға, энергия тиімділігін арттыруға және өндірістік процестерді жаңғыртуға бағытталған іс-шараларды қамтитын 2025–2033 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді.
ESG бағытын дамытудағы жетістіктер сыртқы бағалауға ие болды:
- MSCI рейтингтік агенттігі Компанияға «A» деңгейіндегі рейтинг берді;
- RAEX деректері бойынша компания 4 жұлдыз алып, есептілік сапасының «өте жоғары» деңгейін көрсетті;
- PwC «Қазақстандағы ESG ақпаратын ашу бойынша ТОП-50 компания» рейтингінде интеграцияланған есеп 7-орынды, сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ компаниялары арасында 2-орынды иеленді.
2026 жылға арналған жоспарлар
QazaqGaz даму стратегиясына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады:
- қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясында негізгі учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу;
- республикадағы аз зерттелген және перспективалы өңірлерін қоса алғанда, жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алу;
- ресурстық базаны кеңейту және жобалар портфелін әртараптандыру мақсатында мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына жаңа перспективалы жер қойнауы учаскелерін енгізу және оларды QazaqGaz компаниясына бекіту;
- Қашаған кен орнында жылына 1 млрд м³ шикі газ өңдейтін газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасын іске асыру;
- Қашаған шикізатын өңдеуге бағытталған қуаттылығы 2,5 млрд м³ болатын екінші ГӨЗ жобасын ілгерілету;
- КС‑14 компрессорлық станциясын және «КС‑14 – Қостанай» магистральдық газ құбырын салу жұмыстарын жалғастыру, сондай-ақ «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстарын жалғастыру.
Химиялық өндірістің дамуы

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС 2009 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. Компанияның негізгі миссиясы химия жобаларына ұтымды және тиімді инвестициялар салу арқылы Қазақстан Республикасында химия саласын дамыту, сондай-ақ озық құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
Күкірт қышқылын өндіру көлемі
202,01мыңтонна

2025 жылдың негізгі нәтижелері
| Көрсеткіш | 2024 | 2025 |
|---|---|---|
| Өндірістік көрсеткіштер: | ||
| Сұйық глифосат өндірісінің көлемі, мың. л. | 175,76 | 158,00 |
| Күкірт қышқылын өндіру көлемі, мың. тонна | 197,88 | 202,01 |
| Электр энергиясын өндіру көлемі, мың кВт·сағ | 1 743,01 | 2 124,60 |
| Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге: | ||
| Түсім | 39,3 | 52,02 |
| Жалпы пайда | 13,5 | 16,89 |
| Таза пайда | 24,7 | 12,37 |
| Шығындар | -37,2 | (48,99) |
| Операциялық пайда | 12,68 | 6,82 |
| Таза қарыз | -10,7 | (1,70) |
| Төленген салық көлемі | 3,9 | 3,70 |
| Тұрақты даму көрсеткіштері: | ||
| Парниктік газдар шығарындылары, тонна CO2-балама | 794,315 | 844,928 |
| Жазатайым оқиғалар (зардап шеккендер) | 0 | 0 |
| Оның ішінде өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар (қаза болғандар) | 0 | 0 |
2025 жылы электр энергиясы мен күкірт қышқылын өндіру көлемдерінің өсуі «SK Ondeu» ЖШС түсімін 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
«SSAP» ЖШС уран өндіру саласының қажеттіліктері үшін күкірт қышқылын өндіруді қамтамасыз ететін негізгі технологиялық кәсіпорындардың бірі болып қала береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша «SSAP» ЖШС алаңында күкірт қышқылын өндіру көлемі кәсіпорынның жылдық жобалық қуатынан 4%-ға асып түсті. Өсім өндірістік процестерді оңтайландыру және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының кестелерін жетілдіру есебінен қамтамасыз етілді, бұл тоқтап қалу уақытын қысқартуға және операциялық тиімділікті арттыруға мүмкіндік берді. Компанияның қаржылық нәтижелері де оң динамиканы көрсетті: таза пайда 2,96 млрд теңгені құрап, жоспардан 623 млн теңгеге (27%) асып түсті.
«KUS» ЖШС «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы кәсіпорындарын энергиямен және сумен қамтамасыз етуді жалғастыруда.
2025 жылы Компания жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті:
- электр энергиясын өндіру бойынша — 18%-ға;
- электр энергиясын өткізу бойынша — 19%-ға.
Таза пайда 7,4 млрд теңгені құрап, жоспарлы мәннен 39%-ға жоғары болды.
Сұйық глифосат өндірісі («ХИМ‑плюс» ЖШС) көрсеткішінің төмендеуі өткізу бағасының бәсекеге қабілетсіздігімен және соның салдарынан тұтынушылар тарапынан сұраныстың әлсіздігімен байланысты.
Күкірт қышқылын өндіру, жылына 800 мың тонна («TQZ» ЖШС жобасы)
«TQZ» ЖШС Түркістан облысының Тайқоңыр кентінде жылдық жобалық қуаты 800 мың тоннаны құрайтын күкірт қышқылы зауытын салу жобасының операторы болып табылады. Жобаны іске асыру уран өндіру саласының күкірт қышқылы импортына тәуелділігін төмендетуге және шикізатпен қамтамасыз етуді қалыптастыруға бағытталған.
Жоба «Қазатомпром-SaUran» ЖШС (40%) және жеке әріптес Asia Pipeline (60%) қатысуымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл ретте «Қазатомпром‑SaUran» ЖШС үлесі SK Ondeu сенімгерлік басқаруында.
2025 жылы қарыз қаражатын тарту қамтамасыз етілді.
Белгіленген тәртіпте құрылыс жұмыстары басталып, технологиялық жабдықтарды жеткізуге тапсырыстар орналастырылды.
Жобаны шикізат ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында SK Ondeu компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) -мен тиісті келісім жасасты.
Электр энергиясын өндіру (ГТЭС жобасы (165 МВт))
Жоспарланып отырған қуаты 165 МВт бу-газ электр станциясы (БГТЭС) Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының стратегиялық маңызды мұнай-газ химиясы өндірістерін, сондай-ақ өзге резиденттерін сенімді және үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге арналған. Жаңа энергоблок қуаты 310 МВт қолданыстағы БГТЭС-ке қосымша болады.
Жоба аясында жабдықтарды өндіру, жеткізу және құрылыс жұмыстарын орындау бойынша саланың жетекші әлемдік компанияларынан техникалық-коммерциялық ұсыныстар алынды.
Бутадиен және оның туындыларын өндіру
Бутадиен және оның туындыларын өндіру жобасы Қазақстан Республикасында мұнай-химияны дамытуға арналған арнайы экономикалық аймақ аумағында, Атырау қаласынан 43 км қашықтықта орналасқан Қарабатан алаңында іске асырылуда.
Жобаның операторы — «Бутадиен» ЖШС.
Жоба «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін бутан қоспасын қайта өңдеу арқылы мұнай-химия өнімдерінің кең ауқымын өндіруді көздейді.
Іске асырылып жатқан жоба аясында келесі бес түрлі өнімді өндіру жоспарлануда:
- стирол-бутадиен-стирол термоэластопласт (СБС) — жылына 30 мың тоннаға дейін;
- дивинил-стирол синтетикалық каучук — жылына 60 мың тоннаға дейін;
- бутадиен — жылына 45 мың тоннаға дейін;
- изобутан-изобутилен фракциясы — жылына 130 мың тоннаға дейін;
- метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ) — жылына 40 мың тоннаға дейін.
Жоба өнімді Еуропа, ТМД елдері, Қытай, Түркия және басқа да өңірлер нарықтарына экспорттауға бағдарланған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген базалық жоба әзірленді.
Күкірт бойынша сауда интеграциясы
«Теңізшевройл» ЖШС‑мен жасалған қолданыстағы комиссиялық шарт аясында SK Ondeu 2025 жылы 214,7 мың тонна күкіртті өткізді.
Жеткізілімдер отандық күкірт қышқылы өндірісі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталды. 2026 жылы 213,4 мың тонна күкіртті өткізу жоспарлануда, бұл нарықты тұрақты қамтамасыз етуді сақтауға мүмкіндік береді.
2026 жылға арналған жоспарлар
2026 жылға арналған келесі жұмыстар жоспарланған:
- БГТЭС жобасы (165 МВт) – жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ұзақ дайындалатын жабдықтарға тапсырыс орналастыру;
- TQZ жобасы – жабдықтарды жеткізу және өндірісті іске қосу;
- Бутадиен жобасы – екінші технологиялық блок бойынша кеңейтілген базалық жобаны әзірлеу.
