Қордың кредиттік рейтингтері

Жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктерден рейтингтердің алынуы Қордың кредиттік қабілеттілігіне тәуелсіз әрі объективті баға берілуін қамтамасыз етеді. Рейтингтік агенттіктер жан-жақты талдау жүргізу үшін қажетті барлық ақпаратқа толық қол жеткізеді. Сондай-ақ олар Қордың Қазақстан экономикасындағы маңызды рөлін, индустрияландыру үдерістеріне қосқан үлесін және елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтеді.

2025 жылғы 28 тамызда S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам — «Позитивті».

2025 жылғы 1 қазанда Moody’s агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның рейтингін «Baa1» деңгейінде растады, болжам — «Тұрақты».

2025 жылғы 12 қарашада Fitch Ratings агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның рейтингтерін «BBB» деңгейінде растады, болжам — «Тұрақты».

Рейтингтер нәтижелері, 2025 жыл

BBB-

болжам

«Позитивті»

Baa1

болжам

«Тұрақты»

BBB

болжам

«Тұрақты»

Қордың қаржылық нәтижелері 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған 12 айдағы деректерге негізделген. Төменде Қор тобы қызметінің шоғырландырылған көрсеткіштерін көрсететін қаржылық ақпаратты қамтитын кесте берілген.

Көрсеткіш 2024 2025
Шоғырландырылған түсім, млрд теңге (мемлекеттік субсидияларды қоспағанда) 16 433 18 772
Активтер, млрд теңге 41 113 44 243
Меншікті капитал, млрд теңге 25 302 27 180
Акционердің үлесіне шоғырландырылған таза пайда, млрд теңге 2 361 2 341
EBITDA, млрд теңге 4 905 5 616
EBITDA Margin (%) 30 30

Шоғырландырылған түсім

18,8 трлн
теңге

Шоғырландырылған таза пайда

2,3 трлн
теңге

Қордың борышы және EBITDA, млрд теңге (шоғырландырылған)

2025 жылдың соңында Қарыз/EBITDA қатынасы 2,08 болды, бұл қарыздың EBITDA өсімінен жоғары өсу қарқынына байланысты. 2025 жылы шоғырландырылған қарыз 11 682 млрд теңгені құрады.

22. 2024 жылға арналған қаржылық көрсеткіштер 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілік деректеріне сәйкес қайта есептеліп, ұсынылды.