Қоғамдық кеңес
«Самұрық‑Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі – азаматтық қоғамның мүдделерін қорғау, сындарлы диалогты дамыту, қоғамдық пікірді жинау және ескеру мақсатында құрылған консультативтік‑кеңесші және байқаушы орган болып табылады. Кеңес Қордың даму стратегиялары мен жоспарларына қоғамдық мониторинг жүргізеді және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар қалыптастырады.
Оның қызмет аясында сондай‑ақ ақпараттық‑талдамалық материалдарды әзірлеу, корпоративтік басқару мен адами капиталды дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсыныстар әзірлеу көзделген. Бұдан бөлек, Кеңес экономикалық саясатқа қатысты кешенді талдау жүргізіп, тұжырымдамалық тәсілдерді айқындайды, сондай‑ақ портфельдік компаниялардың қызметін одан әрі жетілдіру және басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ұсынымдар береді.
Жұмыс істеген жылдар ішінде Директорлар кеңесі мен Басқарма қызметін толықтыратын Қоғамдық кеңес «Самұрық‑Қазына» АҚ ашықтық жүйесінің маңызды элементіне айналды.
Қоғамдық кеңес қалай жұмыс істейді
Қоғамдық кеңестің отырыстары Қордың және оның ұлттық компанияларының қызметі туралы есептерді тыңдау форматында өтеді. Мұндай формат қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін қалыптастырады.
Отырыстар барысында Қоғамдық кеңес төрағасы және қаралып отырған мәселені жетекшілік ететін басқарушы директор кіріспе сөз сөйлейді, ал негізгі баяндама тікелей компания басшысы тарапынан жасалады (жекелеген жағдайларда – Қордың басқарушы директоры). Талқылау қорытындысы бойынша Қордың және оның компанияларының қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданып, ұсынымдар қалыптастырылады.
Кеңес төрағасы мен мүшелері кәсіпкерлік, экономика және қаржы, мемлекеттік басқару, медиа, құрылыс, әлеуметтік сала, ESG және басқа да салалардағы танымал сарапшылар болып табылады. Мұндай құрам негізгі мәселелерді қарастыруда жан‑жақты әрі теңгерімді тәсілді қамтамасыз етеді.
Сондай‑ақ отырыстарға сыртқы сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғам қайраткерлері және өзге де мүдделі тараптар шақырылады. Бұл тәсіл Қор мен оның портфельдік компаниялары қызметінің өзегінде жатқан тақырыптар мен бастамаларды терең әрі жан‑жақты талдауға ықпал етеді.
Қоғамдық кеңес жұмысы барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін ашық аккредитация қолданылады. Бұл ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, журналистер мен жұртшылыққа Қор отырыстары мен негізгі бастамалары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
БАҚ пен сарапшылық қауымдастықты тарту қоғамдық диалогты нығайтып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауға ықпал етеді.
Қоғамдық кеңестің алдыңғы құрамының өкілеттік мерзімі 2024 жылғы желтоқсанда аяқталды, ал 2025 жылғы ақпанда бекітілген жаңа құрам 2025 жылы Кеңестің тұрақты әрі нәтижелі жұмысын қамтамасыз етті.
Қоғамдық Кеңестің төрағасы:
- Жәмішев Болат Бидахметұлы.
Қоғамдық кеңесінің мүшелері:
- Тәжібаева Ирина Лашкаровна - Ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының атқарушы директоры;
- Білісбеков Асқар Ерғалиұлы - «Alem Capital Management Limited» компаниясының бас директоры, «Byb Capital Ltd» компаниясының негізін қалаушы;
- Қыдырбаев Досым Хамитұлы - «Rakurs Consulting Group» ЖШС-нің басқарушы серіктесі;
- Жакитова Шолпан Сапарғалиқызы - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері;
- Сакуов Нұрлан Нұртазаұлы - Amanat партиясының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі;
- Бәйділдинов Олжас Қажымұратұлы - «Almex Polymer» ЖШС Бас директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшесі;
- Алдамберген Алина Өтемісқызы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ‑ның тәуелсіз директоры;
- Галиев Владислав Германович - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің кеңесшісі;
- Әбдиев Ерлан Тұрсынбайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі;
- Пономарев Сергей Михайлович - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі, қоғам қайраткері.
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері:
- Рысқұлов Айдар Қайратұлы - Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі;
- Ауғанов Гибрат Қайратұлы - Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор.
2025 жылдың қорытындысы
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесі Қордың компаниялар тобының қызметіне ашықтықты, есептілікті және қоғамдық бақылауды күшейту бойынша белсенді жұмысты жалғастырды.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылы 9 отырыс өткізілді, оның барысында Қордың және оның портфельдік әрі еншілес компанияларының қызметіне қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыру, компаниялардың қаржылық және өндірістік көрсеткіштері, тиімділікті арттыру жөніндегі шаралар, күзгі‑қысқы кезеңге дайындық, Жұмысшы мамандықтар жылының іске асырылуы, «Жайлы мектептер» жобасының жүзеге асырылуы қамтылды.
«QazaqGaz» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы АҚ, «Samruk Kazyna Trust» корпоративтік қоры, «Самұрық‑Қазына Констракшн» АҚ, «Самұрық‑Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ және өзге де портфельдік компаниялардың есептері тыңдалып, олардың жоспарлары мен қызмет нәтижелері талданды.
Отырыстар форматы презентацияларды, талдамалық баяндамаларды, сұрақ‑жауап сессияларын, сондай‑ақ келісілген ұсынымдар әзірлеуге бағытталған кейінгі пікірталастарды қамтыды.
2026 жылға арналған жоспарлар
Қоғамдық кеңес Қор қызметінің ашықтығы мен есептілігін нығайту, сондай‑ақ Қор, сарапшылық қоғамдастық және қоғам өкілдері арасындағы тиімді диалогты дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады.
Негізгі бағыттардың қатарында Топ компанияларының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне арналған отырыс өткізу жоспарланған.
Жеке блок Қор қызметінің қаржылық қорытындылары мен тиімділігін бағалауға арналады. Сондай‑ақ Кеңес жасанды интеллектіні енгізу және Топтың цифрлық трансформациясы мәселелерін қарастыруды, компаниялардың күзгі‑қысқы кезеңге дайындығын талқылауды және сатып алу қызметін жетілдіруді көздеп отыр.