Единственный акционер

Правительство Республики Казахстан выступает единственным акционером Фонда. Правительство осуществляет управление Фондом и организациями исключительно посредством реализации полномочий Единственного акционера Фонда, предусмотренных Законом о Фонде и Уставом Фонда, а также путем представительства в Совете директоров Фонда.

Ключевые принципы и вопросы взаимодействия Правительства и Фонда определены в Соглашении о взаимодействии. Правительство Республики Казахстан разграничивает свои полномочия как единственного акционера Фонда и полномочия, связанные с государственным регулированием. Оно управляет Фондом в целях повышения национального благосостояния Республики Казахстан посредством увеличения долгосрочной стоимости и эффективного управления активами Фонда и организаций.

Правительство предоставляет Фонду и его организациям полную операционную автономию, исключая вмешательство в их текущую и инвестиционную деятельность, кроме случаев, предусмотренных законодательством и актами Президента Республики Казахстан. Руководство Фонда, включая Председателя Правления, а также руководящие органы организаций, обладают полной самостоятельностью и независимостью при принятии решений и осуществлении действий в рамках своих полномочий.

Список задач, которые подлежат решению непосредственно Единственным акционером, четко определен. Ниже приведен обзор ключевых вопросов, отнесенных к его исключительной компетенции. Эти аспекты критически важны для Фонда при анализе стратегических и финансовых результатов его деятельности, а именно:

  • Утверждение Устава Фонда;
  • Утверждение годовой финансовой отчетности Фонда;
  • Утверждение Плана развития Фонда;
  • Утверждение Кодекса корпоративного управления Фонда;
  • Определение дивидендной политики Фонда, принятие решения о распределении чистого дохода Фонда по итогам отчетного периода, принятие решения о выплате дивидендов;
  • Принятие решений о добровольной реорганизации или ликвидации Фонда;
  • Определение срока полномочий Совета директоров Фонда, избрание его членов и досрочное прекращение их полномочий;
  • Назначение и досрочное освобождение от должности Председателя Правления;
  • Отчуждение акций компаний по перечню, определенному Единственным акционером Фонда, а также передача указанных акций в доверительное управление;
  • Принятие решений о ликвидации, реорганизации компаний по перечню, определенному Единственным акционером Фонда.
Полный перечень вопросов, отнесенных к исключительной компетенции Единственного акционера, раскрыт в Уставе Фонда на сайте www.sk.kz.

Басқарма және оның комитеттері

Басқарма Қордың ағымдағы қызметін басқаруға, Даму стратегиясы мен жоспарын іске асыруға, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен Қордың Жалғыз акционері қабылдаған шешімдердің орындалуына жауапты алқалы атқарушы орган болып табылады.

Қор Басқармасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қордың жарғысымен, Жалғыз акционердің және Қордың Директорлар кеңесінің шешімдерімен, сондай-ақ Басқарма туралы Ережемен және Қордың өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.

Басқарма төрағасы Жалғыз Акционердің шешімімен тағайындалады. Басқарма мүшелері Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен сайланады.

Басқарма мен Басқарма төрағасы өз қызметінде Қордың Жалғыз акционері мен Директорлар кеңесіне есеп береді. Басқарманың құзыретіне, басқалармен қатар, мыналар жатады:

  • Жалғыз акционер немесе «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес Қордың Директорлар кеңесі қабылдайтын мәселелер бойынша шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Жарғыға сәйкес акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының, Компанияның өзге органының немесе Қор өзіне қатысты акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар өзге де заңды тұлғаның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
  • Инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобаларды іске асырудың толықтығы мен мерзімдері бойынша үзілістерге жол бермеу бойынша компанияларға қатысты жедел шаралар қабылдау;
  • Компанияларға қатысты бірыңғай (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, ақшаны басқару бойынша, кадрлық, әлеуметтік және өзге де саясатты қалыптастыру;
  • Компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту;
  • Қордың штаттық санын, штаттық кестесін және ұйымдық құрылымын бекіту;
  • ПК қызметінің нәтижелерін жыл сайынғы негізде тыңдау және Қордың Директорлар кеңесіне компаниялар қызметінің нәтижелері туралы есептерді ұсыну;
  • Қордың ішкі қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.
Қордың ішкі қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.

Қор Басқармасының құрамы

Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы

Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы

Сайланған күні:
сәуір 2023 ж.

Білімі:

  • Ресей Федерациясының СІМ Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті - Экономика бакалавры, Экономика магистрі, Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі:

  • Қаржы талдаушысы Еуразия Өнеркәсіптік Қауымдастығы (ENRC) (2001-2003);
  • Бизнес менеджер Chambishi Metals PLC (Замбия, Китве қ.) (2003-2004);
  • Жобалық менеджер Research, Investment and Development Ltd (2004-2007);
  • Биржада сатылатын компания акцияларының құны бойынша талдаушы, Credit Suisse негізгі материалдар тобы (2007- 2009);
  • «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі (2009-2011);
  • Инвестициялық банкинг департаментінің директоры «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы (2011-2012);
  • Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы UBS AG Almaty Representative Office өкілдігінің басшысы (2012-2016);
  • Даму және инвестициялар жөніндегі Басқарушы директор - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі (2016- 2017);
  • «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы (2017-2019);
  • Rothschild & Co Қазақстандағы өкілі (2019-2020);
  • «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма төрағасы (2020-04.2023);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы (04.2023 бастап).
Казутин Николай Юрьевич

Казутин Николай Юрьевич

Құқықтық сүйемелдеу, Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:
наурыз 2022 ж.

Білімі:

  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы.

Еңбек қызметі:

  • «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ филиалдарын сақтандыру және бухгалтерлік есеп жөніндегі маманы, Алматы қ. (2001-2003);
  • «Amanat Insurance сақтандыру компаниясы» АҚ қаржы талдаушысы, Алматы қ. (2003-2005);
  • «Казинтерполис» сақтандыру брокері» ЖШС қаржы талдаушысы, Алматы қ. (2005-2006);
  • «ПрайсуотерхаусКуперс такс энд эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері Алматы (2006-2016);
  • «Кокшетауские минеральные воды» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі (2016- 2018);
  • «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ. (2018-2019);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2020-2022);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры (2022 жылдан бастап), Басқарма мүшесі (2022 жылдан бастап).
Отыншиев Елжас Мұратұлы

Отыншиев Елжас Мұратұлы

Стратегия және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:
сәуір 2023 ж.

Білімі:

  • Мәскеу физика-техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы - қолданбалы математика және физика (бакалавр);
  • Мәскеу физика-техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы - қолданбалы математика және физика (магистр).

Еңбек қызметі:

  • Ernst&Young (Мәскеу) - Аудиторлық және консультациялық қызметтер бөлімі, Технологиялар және қауіпсіздік саласындағы қызметтер. Позициялары - талдаушыдан аға талдаушыға дейін (2007-2008);
  • Ernst&Young (Мәскеу) - Бағалау және бизнес-модельдеу бөлімі. Позициясы - талдаушы (2008-2009);
  • «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, Қаржы институттарымен жұмыс істеу департаменті. Позициялары - менеджерден Департамент Директорына дейін (2009-2012);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, позициясы - бас менеджер (2012-2014);
  • «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ-ға іссапарға жіберілді), позициясы - Қордың Инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің директоры (2014-2016);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Позициясы - Жаңа жобаларды дамыту департаменті жобасының Директоры (өсіп келе жатқан портфельдік компанияларды басқару) (2016-2018);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Позициясы - Активтерді дамыту департаментінің Тау-кен активтерін дамыту секторының басшысы (2018-2019);
  • «PlanetCare Management» ЖШС, Позициясы - Бас директордың Инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары (2019-2021);
  • «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Позициясы - Басқарма төрағасының Орынбасары (2021-2023);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор (2023-04.2025);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор (04.2025 бастап).
Рысқұлов Айдар Қайратұлы

Рысқұлов Айдар Қайратұлы

Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:
тамыз 2023 ж.

БІЛІМІ:

  • Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - «Экономист» біліктілігі берілген «Қаржы және кредит» мамандығы;
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті - «Заңтану бакалавры» академиялық дәрежесін бере отырып, «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы;
  • Назарбаев Университеті, басшыларға арналған MBA.

Еңбек қызметі:

  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да инженер-экономист (Қарағанды қ. филиалы) (2002-2003);
  • «АТФ Банк» АҚ (Астана қ. филиалы) Клиенттерді тарту секторының маманы, Операциялық бөлімнің Сервис-менеджерлер қызметінің маманы, ШОБ кредит беру бөлімінің ЕҚДБ бағдарламасы бойынша кредит беру секторының маманы, ШОБ кредит беру бөлімінің микрокредит беру секторының 2-деңгейдегі жетекші маманы (2003-2006);
  • «Банк Центр Кредит» АҚ кредиттік кеңсесінің бизнес-клиенттер бөлімінің аға кредиттік офицері (2006);
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Орта бизнеске сату орталығының бөлім бастығы (2006-2008);
  • «Еуразиялық Банк» АҚ Корпоративтік кредиттеу бөлімінің бас маманы (2009);
  • «ҚазАгро «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бас менеджері, Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бастығы, Инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары (2009-2012);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Қаржы активтерін басқару жөніндегі Директор, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры (2012-2019);
  • Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі (2019-2023);
  • Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі (08.2023 бастап).
Сатжан Салтанат Ерболқызы

Сатжан Салтанат Ерболқызы

Даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:
тамыз 2023 ж.

Білімі:

  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралия ұлттық университеті - экономика бакалавры;
  • MBA, University of Warwick.
Біліктілігі:
  • ACCA – бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы халықаралық біліктілік;
  • CFA 3-деңгейдегі үміткер;
  • «Finmentor.kz» ЖШС қаржылық сауаттылық мектебінің қаржы тәлімгері.

Еңбек қызметі:

  • Сертификатталған және Дипломды бухгалтерлер қауымдастығының құрметті мүшесі, АССА;
  • Big4 компаниясында және Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқат қорында қаржы, аудит және экономикалық талдау саласындағы 10 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  • Бизнес-жаттықтырушы ретінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі (EY Академиясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, СҚКУ);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының «Экономикалық талдау» секторының басшысы (2018 ж. – 2021 ж.);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментінің басшысы (2021-08.2023);
  • Даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі (08.2023 бастап).
Таубаев Бахытжан Рыспекұлы

Таубаев Бахытжан Рыспекұлы

Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор

Сайланған күні:
маусым 2025 ж.

Білімі:

  • Қазақстан-Британия техникалық университеті;
  • Турин политехникалық университеті.

Еңбек қызметі:

  • «ИПЦ-Мунай» ЖШС, Даладағы инженері, Алматы қ. (2008 ж.);
  • «ИПЦ-Мунай» ЖШС, даладағы инженері қызметі кіші бұрғылау инженері, Алматы қ. (2009 ж.);
  • «ИПЦ-Мунай» ЖШС, бұрғылау инженері, Атырау қ., Алматы қ. (2011 ж.);
  • «Жамбыл Петролеум» ЖШС, бұрғылау инженері, Атырау қ. (2011-2015 жж.);
  • «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС, бұрғылау инженері, Атырау қ. (2015-2016 жж.);
  • «Сатпаев Оперейтинг» ЖШС, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, Атырау қ. (2016-2017 жж.);
  • «Жамбыл Петролеум» ЖШС, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, Атырау қ. (2017-2019 жж.);
  • «Исатай Оперейтинг компани» ЖШС, Өндіріс жөніндегі директор, Астана қ. (2019-2022 жж.);
  • «Женис Оперейтинг» ЖШС, бас директордың бірінші орынбасары, Ақтау қ. (2022-2023 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі газ өнеркәсібі департаменті директорының м.а., Астана қ. (2023 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі газ өнеркәсібі департаментінің директоры, Астана қ. (2023-2025 жж.);
  • Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор – Басқарма мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ, Астана қ. (2025 ж. бастап).
Оспанов Абылайхан Есенұлы

Оспанов Абылайхан Есенұлы

Цифрландыру жөніндегі басқарушы директор

Сайланған күні:
қараша 2025 ж.

Білімі:

  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Информатика (бакалавр);
  • Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті - Құқықтану (Бакалавр);
  • Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясы - Іскерлік басқару (Магистр);
  • Алматы менеджмент университеті - Іскерлік басқару (Магистр).

Еңбек қызметі:

  • «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке мекемесінің Астана қаласы бойынша менеджері, Астана қ. (2005-2006 жж.);
  • «IT Research Center» ЖШС жоба жетекшісі, Астана қ. (2006-2007 жж.);
  • «Arta Software» ЖШС жобаларды басқару бөлімінің басшысы, Астана қ. (2007-2009 жж.);
  • «Digital Life Style» ЖШС директорының орынбасары, Астана қ. (2009 ж.);
  • «Корпоративтік шешімдер» ЖШС жобаларды басқару бөлімінің бастығы, Астана қ. (2009-2010 жж.);
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бизнесті дамыту департаментінің маманы, Астана қ. (2010 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Техникалық қызмет департаментінің аға инженері, Астана қ. (2011 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, Астана қ. (2011-2012 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, Астана қ. (2012-2014 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Электрондық қызметтерді дамыту және ХҚКО департаментінің директоры, Астана қ. (2014 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасының басшысы, Астана қ. (2014-2015 жж.);
  • «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, Астана қ. (2015-2016 жж.);
  • «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Алматы қ. (2016-2017 жж.);
  • «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқармасының төрағасы, Астана қ. (2017-2019 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Астана қ. (2019 ж.);
  • Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Астана қ. (2019-2021 жж.);
  • «Фридом Финанс Қазақстан Банкі» АҚ цифрландыру жөніндегі кеңесшісі, Алматы қ. (2021-2022 жж.);
  • «Фридом Банк Қазақстан» АҚ басқарушы директоры, Алматы қ. (2022-2024 жж.);
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығы атқарушы офисінің кеңесшісі, Астана қ. (2024 ж.);
  • «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық технологиялар дивизионының Цифрландыру және үлкен деректерді басқару директоры (2024-2025 жж.);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Цифрландыру жөніндегі басқарушы директор - Басқарма мүшесі (2025 ж. бастап).

Басқарма қызметі туралы есеп

2025 жылы Қор Басқармасы

75

отырыс өткіздіБарлығы 312 мәселе қаралды

2025 жылы Қор Басқармасы 75 отырыс, оның ішінде 49 бетпе-бет және 26 сырттай отырыс өткізді. Барлығы 312 мәселе қаралды, оның 264-і бетпе-бет болды.

Қор Басқармасы қараған маңызды мәселелер:

  • Қордың портфельдік компанияларының 2024 жылғы жылдық қаржылық есептіліктерін және Қордың портфельдік компанияларының 2025 жылғы тиісті есепті кезеңдердегі аралық қаржылық есептіліктерін бекіту;
  • Қордың портфельдік компанияларының директорлар кеңестерін және бақылау/ қамқоршылық кеңестерін сайлау;
  • Қордың портфельдік компанияларының бірінші басшыларын келісу және/немесе тағайындау;
  • Қордың портфельдік компанияларының акцияларын сатып алу/жарғылық капиталдарын толықтыру;
  • Қордың портфельдік компанияларының жарғыларына және өзге де ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізу;
  • Қордың Директорлар кеңесінің қарауына мәселелерді алдын ала мақұлдау және шығару;
  • Қордың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту және/немесе оларға өзгерістер енгізу;
  • Қордың ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесін өзгерту;
  • Қор бюджетін түзету;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекешелендіру бағдарламасын орындау жөніндегі мәселелер;
  • Инвестициялық жобаларды бағалау;
  • Қордың жасасуға мүдделілігі бар мәмілелерді мақұлдау.

2026 жылға арналған жоспарлар

2026 жылы төмендегілерді қарастыру жоспарлануда:

  1. Бюджетті, сатып алу процесін және инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, Қордың ағымдағы қызметінің мәселелері;
  2. Қордың мәмілелері (мүдделі және/немесе ірі мәмілелер);
  3. Қордың HR мәселелері (ұйымдық құрылымы, штаттық кестесі)
  4. Портфельдік компанияларға қатысты мәселелер, соның ішінде бақылау және қамқоршылық кеңестерге тағайындаулар мен сайлау, директорлар кеңестері, жылдық қаржылық есептерді бекіту, ішкі нормативтік құжаттарды қарау, жарғылық капиталды немесе акциялар санын өзгерту және басқа заңды тұлғаларға қатысу мәселелері;
  5. Қордың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту немесе өзгерту;
  6. Есептер (Қордың құрылымдық бөлімшелерінің есептері және Қордың Директорлар кеңесіне шығарылатын есептер).
Басқарманың талдамалық материалдары

Басқарма жанындағы комитеттер

Қор Басқармасы жанындағы алты комитеттің схемасы

Ғылыми-техникалық кеңес

«Самұрық-Қазына» АҚ ғылыми-техникалық кеңесі 2019 жылы құрылды. Ұлттық әл- ауқатты қамтамасыз ету үшін ҒЗТКЖ және инновациялар бойынша жобаларды таңдау, есепке алу, мониторингілеу және бақылау, алқалы және транспарентті шешім қабылдау процесінде кеңестің негізгі рөлі болып табылады.

2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ ҒЗТКЖ және инновациялар жөніндегі корпоративтік стандарты жаңа редакцияда бекітілді, ол ҒЗТКЖ және Қор тобының инновациялық портфелін басқарудағы бірыңғай тәсілді регламенттейді.

2025 жылы Ғылыми-техникалық кеңестің 13 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 24 жоба қаржыландыруға мақұлданды.

Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті (HSE)

2025 жылы еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет Қор компанияларының өндірістік объектілерінде еңбек жағдайларын жақсартуға және авариялардың алдын алуға бағытталған қызметті жүйелі түрде үйлестіруді жалғастырды.

2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл комитет диалог, өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бастамалар мен идеяларды ұсыну үшін платформа функцияларын тиімді орындайды.

2025 жылы Комитеттің 3 отырысы өткізілді, олардың біреуі Қор Басқарма төрағасының төрағалығымен портфельдік компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен өтті.

Өткізілген отырыстар шеңберінде өндірістік қауіпсіздік саласында, оның ішінде жасанды интеллект негізіндегі цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері, өндірістік қауіпсіздік бойынша аудиттердің нәтижелері, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Жұмыс жоспарының іске асырылу мәртебесі, сондай‑ақ өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Тұрақты даму комитеті

Тұрақты даму комитеті ЖК Директорлар кеңестеріндегі Қордың Басқармасы мен Қор өкілдеріне ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ осы компаниялардағы тұрақты даму жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында құрылды. Комитет міндетінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  1. Тұрақты даму қағидаттарын жоспарлы және үздіксіз ұстану жүйесін енгізу;
  2. Компанияның тұрақты даму стандарттарына адалдығын көрсететін мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін әзірлеу;
  3. Мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада олардың тұрақтылығына нұқсан келтірместен Қор мен ПК-нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету.

2025 жылы отырыстар өткізілген жоқ.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қор тобы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесін құруға және дамытуға қатысты Қор Басқармасына ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ережесінің құрылымы қайта қаралды, оның шеңберінде Комитет қатысушыларының қатарына ақпараттық қауіпсіздікпен тікелей айналысатын Қор тобының қызметкерлері енгізілді.

Есепті кезеңде Қор тобындағы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің отырысы аясында АТ- жабдықтарын түгендеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін белсенді пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің оқшауланған статусы бойынша ӨК және ЕТҰ ұйымдық құрылымын қайта қарау, Қорды ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы уақтылы хабардар ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлердің лауазымдарына тағайындалатын үміткерлерді Қормен келісу мәселелері қаралды.